Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сап- сау болғым келеді!

17 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Сап - сау болғым келеді.
Мақсаты: Биологиялық белсенді нүктелерге массаж жасауды үйрету.
Тіл дамыту, бір - бірімен қарым - қатынасты қалыптастыру.
Өз денсаулығына саналы көзқарасты тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Қоян киімі, ретмикалық қозғалысқа келетін спорттық әндер.

Сабақ барысы: - балалар, қараңдар, бізге қарап қоян келеді.
- Қоян, сен неге көңілсізсің?
- Мен жөтелемін, түшкіремін. Денім қалай сау болады, білмеймін?!
- Қоян, біздің балалар саған көмектеседі. Әуелі олар сенімен амандасқысы келеді.
Бір – бірімен амандасады.

Тіл дамыту ойыны.
Балалар айнала саусақтарын бір – біріне тигізіп
- Саламатсың ба, Айжан т. с. с.
(Қоян ыңырсып, қыңқылдап, мұрнын пысылдатып).
- Егер ешқашан ауырғың келмей сап – сау болып жүргің келсе, бізбен бірге жүр.
Қолды әр түрлі жағдайда ұстап, жүру түрлерін өзгерту:
А) Кәдімгі – қол екі жақта.
Ә ) Аяқтың ұшымен - қолдар белде.
Б) Табанның сыртқы жағымен жүру - қолдарды сыртқа ұстау.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыста бізге жиі салқын тиеді. Бұлай болмас үшін не істеуіміз керек?
- Дұрыс шынығу керек. Бұл үшін өздеріңе массаж жасау керек.
«Ауырма» (Нүктелі массаж)
- Тамақ қатты ауырмасын, жөтелмейік, түшкірмейік. Батылырақ уқала мұрын тұсын, маңдайды да уқалауға ерінбейік
Алақанды маңдайға,
Саусақтарды айырлап,
Құлақтарды уқала сондайда.
Суықтан біз қорықпаймыз,
Ия, ия, ия.
Суықтан біз қорықпаймыз,
Қорықпаймыз, ауырмаймыз.
Массажды балалар өз бетімен орындайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 635
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
9 сыныпқа арналған баскетбол сабағының конспект - жоспары
9 сыныпқа арналған баскетбол сабағының конспект - жоспары
Допты екі қолмен кеудеден беру техникасымен таныстыру; допты алып жүру техникасын үйрету; айып добын бір қолмен иықтан тастау техникасын жетілдіру.
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Ақ қоян – ау, ақ қоян. Үркек қоян, сақ қоян, Дыбыс шықса қашасың Таудан бір – ақ асасың
Қозғалмалы ойындар «Көңілді сөре»
Қозғалмалы ойындар «Көңілді сөре»
Дене сапаларын дамыту арқылы, денсаулықты жақсарту. Оқушыларды тәртіпке, ұжымдыққа тәрбиелеу.
Қоянмен таныстыру
Қоянмен таныстыру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасының тәрбиешісі Тілеуниязова Жарқынай
Саппен жүгіру
Саппен жүгіру
ШҚО, Шүлбі орта мектеп –кешені дене шынықтыру пәні мұғалімі Тлеубаев Ғ.М.
Гимнастика саптық жаттығулар
Гимнастика саптық жаттығулар
БҚО Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы ЖББ Х. Халиуллин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Калмияров Жансерік Қайратұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×