Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоянмен таныстыру

09 мам 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: "Қатынас"
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қоянмен таныстыру
Мақсаты: Балаларды қоянмен таныстыра отырып, қоян туралы түсініктерін қалыптастыру, сурет арқылы оның дене мүшелерімен таныстыру. 1 - 2 сандары туралы қарапайым білімдерін анықтау. Балалардың зейінін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, қимылды әуен, тосын сәт, мадақтау
Көрнекілігі: Қасқыр мен қоян кейіпкерлері, суретті карточкалар, сәбіз, тордағы тірі қоян, теледидар
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, ән - әуез
- Балалар қараңдаршы, бізге бүгін қаншама қонақтар келіп отыр, амандасайықшы!
- Сәлеметсіздер ме!
Балаларды терезеге жақын апарып бақылату.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Далада не жауған?
- Қар жауған
- Қардың түсі қандай?
- Қардың түсі ақ
- Тағы не көріп тұрсыңдар?
- Ағаштар, құстар
- Ия, бұл құстар қарғалар екен.
- Қарға қайтіп дыбыс шығарады?
- Қарқ - қарқ
Осы кезде қоянды қасқыр қуып топқа кіріп келеді. Қоян балалардың артына жасырынып қалады.
- Қасқыр, бұл «Бөбектер» тобы, сен мұнда не істеп жүрсің?
- Мен қояндарды ұнатамын, мен оны жеймін. (Тілімен ернін жалайды)
- Балалар, біз қасқырға қоянды жегіземіз бе?
- Жоқ, жоқ. Қане қасқыр, табаныңды жалтырат!
Балалар аяқтарын тарсылдатып қасқырды қуып жібереді.
- Қоян, сен тығылма бері шыға ғой, біздің балалар қасқырды қуып жіберді. Балалар, бұл кім?
- Бұл қоян
- Ия, бұл бізге жаңа жылдық шыршадан келген қоян. Қоянды ортамызға алып, жақынырақ танысайық.
Сурет арқылы әңгімелеу.
- Суреттегі қоянның түсі қандай?
- Түсі ақ.
- Ия, қыста қоянның түсі, қардың түсіндей ақ болады. Қоян бізге көзімен қарап тұр. Қане, қоянның көзін санайықшы.
- Бір көз, екі көз.
- Мұрны қайсы кім көрсетеді? (Балалар көрсетеді)
- Құлағы қандай?
- Құлағы ұзын.
- Құлағын санайықшы
- Бір құлақ, екі құлақ
- Аяқтары қайда? (Балалар көрсетіп, санайды)
- Орнымыздан тұрып, қоян қалай секіреді екен көрсетейікші.
Балалар қоян болып секіреді.
- Енді, сендер тірі қоян көргілерің келе ме?
- Ия, көргіміз келеді.
- Ендеше, көздеріңді екі қолдарыңмен басып жұма қойыңдар.
Торға қамалған қоянды шығарады
- Ал, енді көздеріңді аша қойыңдар. Бұл кәдімгі орманда жүретін қоян. Оның жүні үлпілдек, жұмсақ болады. (Балалар сипалап көреді)
- Қоян не жейді?
- Сәбіз жейді.
- Ия, қоянның сүйікті тағамы сәбіз, қырыққабат, көк шөп және су ішеді. Қанекей, қоянға сәбіз берейік. (Балалар қоянға сәбіз береді)
- Енді, қоянға арналған әнімізді айтып берейік (Балалар ән айтады)
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер қоянды қасқырдан аман алып қалдыңдар. Тордағы қоянмен танысып, оған арнап ән де айтып бердік. Осы қызықты сәтімізді теледидардан мультфильм көрумен жалғастырайық.
«Қап, бәлем» мультфильмі.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалар қоянның дене мүшелерімен танысып, атай біледі.
Меңгеруі: Дене мүшелерін санау арқылы көрсетеді, салыстырмалы түрде ажырата білуді меңгереді
Жасай алуы: Қоянның қимылын көрсетіп жасай алады.
7 217
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы сандық
Сиқырлы сандық
Геометриялық пішіндер, көлемдер туралы білімдерін тереңдету, аттарын айтып, түстерін ажырата білуін жаттықтыру.
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Ұлпа қарлар мерекесі
Ұлпа қарлар мерекесі
Балалардың шығармашылық қатынасын ояту. Балаларды түсті қағаздарға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігін баулу.
Қысқы орманға саяхат
Қысқы орманға саяхат
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Жумагулова Гулжан Базарбаевана
Орманға саяхат
Орманға саяхат
«Шаттық» бөбекжайының әдіскері: Мыңбаева А.А.
Ақ ұлпа қар
Ақ ұлпа қар
Аякөз қаласы, №4 жалпы аралас орта мектеп ішіндегі кіші кешен тәрбиешісі Абдинова Назым Даутовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×