Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәрбиешілерге кеңес

08 мам 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
№ 7 «Балдырған» балалар бақшасының әдіскері
Қалжанова Рахима Сыдыққызы

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіннің әртүрлі қасиеттерін
зерттеуге арналған әдістемелер.

Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында көптеген ұқсастықтар бар.
Егер сәбилік шақтың өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі шақта мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделене және жетіле түсуі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі шақта қалыптаса бастайды.

. Сәбилік шақта балалар заттарды аудара-төңкере құбылтуда немесе суреттерді қарауда зейінін шоғырландырады, көптеген тәжірибе жинақтайды, шимай-шатпақтарынан машинаны немесе үлкен кісіні көре бастайды. Бірақ осының бәрі заттардың олардың қасиеттері мен қатынастарын практикалық іс-әрекеттері, төңіректі жалпы бағдарлаудың нәтижелері, бірақ жаңа бейнелерді жасау немесе оларды есте сақтау, зейін қою емес. Сондықтан сәбилік шақтағы баланың зейіні, есі, қиялы ырықсыз алдын-ала ойланбаған болып табылады. Яғни, бұл бала мектепке дейінгі шақтан соң да осылай болып қала береді. Мектепке дейінгі ақыл – ой дамуының осы жақтарын зерттей отырып, біз белгілі бір сәтке дейін тек сандық өзгерістерді ғана, зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын, материалды есте сақтаудың ұзақтығының арта түсетінін, қиялының болатынын көрсете аламыз.

Мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың бірнәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және содан кейін оны жақсарту, ойынның, суреттің т.б. ой желісін құру сияқты ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады.

Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қайсыбірін пайдаланады. Міне,сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды, солардың арқасында еркін, алдын-ала ойластырылған сипатқа ие болады.Мектепке дейінгі шақтың басында баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен шоғырланады. Жаңа бір нәрсе пайда болса, баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан баланың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.Мектепке дейінгі шақта балалар іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі балалар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа созылады.

Балалар сурет көргенде әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есеге артады да, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда, 6 жасар бала суретті жақсырақ түсінеді және өзіне қызықты жақтарын егжей-тегжейлерін бөліп көрсетеді.

Бірақ мектепке дейінгі шақта зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде. Оны сапалы түрде белгілі заттарға, құбылыстарға бағыттай білуінде, кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде.

Ықтиярлы зейіннің бастамалары баланың жеке басынан тыс жатыр.Бұл ықтиярсыз зейіннің өздігінен ықтиярлы зейіннің пайда болуына әкеліп соқпайтындығын көрсетеді.
Ықтиярлы зейін үлкендердің баланы іс-әрекеттің жаңа түрлеріне тартуының, белгілі бір құралдарының көмегімен оның зейінін бағыттап, ұйымдастыруының арқасында қалыптасады. Баланың зейініне басшылық жасай отырып, үлкендер кейін солардың көмегімен ол өз зейінін өзі басқара алуға болатынын оған қажетті жолдарын үйретеді.

Зейінді нақтылы дара тапсырмаларға байланысты ұйымдастырудың ахуалдық құралдарынан басқа жан-жақты құралы – сөйлеу.
Үлкендер баланың зейінін сөзбен нұсқау беру арқылы ұйымдастырады. Мысалы, мұнараны тұрғызғанда алдымен дөңгелекшелердің ең үлкенін таңдап ал...Міне дұрыс болды. Ал енді үлкені қайсы?,- іздеп көр т.б.

Кейін балалар қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін зейін салуға тиісті заттар мен құбылыстарды сөз арқылы өзі белгілей бастайды.

Мектепке дейінгі шақта өз зейінін ұйымдастыру үшін сөздер пайдалану күрт өседі, яғни айтқанда мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталай алады. Сонымен баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлы зейін қалыптасады.

Мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту, ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту баланың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Зейінді дамыту мен тәрбиелеуде мынадай жаттығулар қолдануға болады:


Зейінді аудару қабілетін дамыту жаттығулары:
1.Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, керует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап,шанышқы т.б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек. Бала мұқият тыңдайды да мысалы, жануарды білдіретін сөздерді естігенде, алақанын соғады. Егер бала шатасып кетсе, тапсырманы қайталаңыз.
2. Келіскендей өсімдіктерді білдіретін сөздерді есіткенде, балаға орнынан тұруды ұсыныңыз.
3. Бірінші және екінші тапсырманы біріктіруге болады, яғни бала жануарды білдіретін сөзді естігенде алақанын соғады да, қандай да бір өсімдікті білдіретін сөзді естігенде орнынан тұрады.
Осындай және осыған ұқсас жаттығулар зейінділікті, зейіннің бөлінгіштік және аударылу жылдамдығын дамытады да, ал сонымен бірге баланың ой-өрісін кеңейтіп, танымдылық белсенділігін арттырады. Мұндай ойындарды жарыс түрінде балалар тобымен жүргізуге болады.

Зейінді шоғырландыруды дамыту жаттығулары:
1. Сабақты жүргізу үшін 10-15 айырмашылықтары бар екі жұбын, бірнеше бітпеген суреттер немесе қисынсыз мазмұнды суреттер, бірнеше жартылай боялған суреттер дайындау қажет.
2. Бірінші тапсырмада балаға берілген жұп суреттерде барлық айырмашылықтарды атау ұсынылады.
3. Екінші тапсырмада балаға бірінен соң бірін бітпеген суреттерді көрсетеді де, не салынбай қалғанын сұрайды немесе қисынсыз мазмұнды суреттерді таңдап алып, сәйкессіздікті табуды сұрайды.
4. Үшінші тапсырмада бірінші бөлігінің боялғанындай суреттің екінші бөлігіне бояуы керек.
Барлық үш тапсырма бойынша нәтижелік бағаланады – дұрыс аталған айырмашылықтар саны, аталған жетімсіз бөлшектер және қисынсыздықтар саны, сонымен бірге дұрыс боялған бөлшектер саны.
11 385
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары
Мектепке дейінгі жасындағы баланы оқытып тәрбиелеуде қарапайым математикалық түсініктерін оқытумен олардың логикалық ойлауын дамытуының сабақтастықты қамтамасыз ету мәселесі өте өткір қойылып отыр.
Ауыспалы осы шақ (Present Simple Tense)
Ауыспалы осы шақ (Present Simple Tense)
Осы шақ — әңгіме болып жатқан шақта болып жатқан оқиғалар мен іс - әрекеттерді сипаттайтын, күнделікті өмірде істейтін әрекеттерді сипаттайтын етістіктің шағы. Ағылшын тілінде осы шақтың 4 түрі бар (қазақ тілінде осы шақтың 2 түрі бар: ауыспалы осы
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Еңбек тәрбиесі
Еңбек тәрбиесі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №5 "Балғын" балабақша тәрбиешісі Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Тәрбиешілерге кеңес
Тәрбиешілерге кеңес
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балалар бақшасының әдіскері Қалжанова Рахима Сыдыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×