Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аққу, шортан һәм шаян

16 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов И. А. Крыловтан «Аққу, шортан һәм шаян»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Ахмет Байтұрсынов аударма өлеңімен таныстыру.
Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл дамыту. Іздемпаздыққа және топпен жұмыс істеуді үйрету.
Тәрбиелік: Ауызбіршілікке, татулыққа, ынтымақ, достыққа тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: мультимедия, интерактивті тақта, оқулық,
Сабақ әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, оқу, пантомимо, топпен жұмыс, «ой толғау».
Сабақ түрі: пәнаралық.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды бес топқа бөлу.
Психологикалық ойын: «Сәттілік тілегі»
Әр топтағы оқушылар тізбектеп қол ұстаса отырып, бір - біріне тілек айтады.
(1 - 2слайд)
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақта Иван Андреевич Крыловтың Ахмет Байтұрсынов аударған «Аққу, шортан һәм шаян» деген мысалымен танысамыз.
Сабақ мақсаты: 1. Мысалмен танысу.
2. Топпен жұмыс істеуге үйрену, мәлімет жинақтау.
3. Ауызбіршілікке, татулыққа, ынтымақ, достыққа үйрену
3 - слайд.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мақал жарысы.
Тақырыбы: «Достық, бірлік, ынтымақ»
Интерактивті тақтамен жұмыс. Оқушылар жарысып өздері тақтада бағалау парағы арқылы қаламмен фигураларды бояйды. Жеңімпаз оқушылар тақтада көрінеді.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Қызығушылығын ояту.
Мұғалім: Ал балалар, бүгінгі сабақта не туралы айтылатыны жұмбақ шешу арқылы білеміз.
Слайд ашу.
Жұмбақ шешу.
1. Су бетін сызып,
Ақ құман жүр жүзіп.
(Аққу)
2. Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асайды.
(Шортан)
3. Мойны жуан,
Жұқалтаң қабақты.
Тірсегі ұзын,
Қоян тобықты.
Іс тікпейді, бірақ
Тастамайтын бізін,
Білесің бе...?
(шаянды)
Мұғалім. Балалар, сендер бес топқа бөлініп отырсыңдар.
Бұл: 1 - топ - Иван Андреевич Крылов
2 - топ – Ахмет Байтұрсынов
3 - топ - Аққу
4 - топ – Шортан
5 - топ - Шаян
Топпен жұмыс:
Топтағы алғыр оқушы жинақтаған мәліметті оқып береді. Қалғандары дәптерлеріне кластер құрып жинақтайды, негізгі ойды жазады.
Әр топ жинақтаған мәліметтерін айтып береді.(оқушылар бір – бірін толықтырып отыруға тиісті)
Слайд ашып отыру:
1 - топ - Иван Андреевич Крылов
2 - топ - Ахмет Байтұрсынов
3 - топ - Шортан
4 - топ - Шаян
1 - топ. Крылов Иван Андреевич
(1769 - 1844)
Санкт-Петербургте жазғы бағында ескерткіш бар. Бұл: Иван Андреевич Крылов. Оның аяқ жағында қоладан құйылған хайуанаттар бейнесі толы. Хайуандар оның мысалдарындағы кейіпкерлері.
И. А. Крылов ұзақ өмір сүрген. И. А. Крылов өз замандастарына қатты ұнаған, бірнеше күлдіргі пьеса жазған. Ол 30 жылдай Петербург кітапханасында қызмет еткен. Ал оның атын әлемге әйгілі еткен нәрсе ғажайып мысалдары болды.
Мысал деген көбінесе өлең түрінде жазылатын шағын шығарма, онда міндетті түрде ақыл - кеңес айтылады (нені істеп, нені істемеу керектігі жөнінде) немесе біреудің ақымақтығы ажуа етіледі. Мысал сәл - пәл ертегіге ұқсайды: әдетте онда адамдар емес, жан - жануар, кейде тіпті жансыз заттар әрекет етіп жатады.
Дүниеден талай - талай тамаша мысалшылар өткен. Россиядан сондай ғажап мысалшы И. А. Крылов болған еді.
Крыловтың мысалдары әрқашан да халықтың мұң - мүддесін қорғады. Сонымен қоса ұлы мысалшы жатып ішер жалқауларды, қорқақтарды, жақсылық білмейтін көпірме мақтаншақтарды әбден ажуа қылады.
И. А. Крыловтың мысалдары өте түсінікті әрі жатық, қалай жаттап алғаныңды білмей де қаласың. Сол мысалдарды қазақ ақын аудармашылар атап кетсек Абай Құнанбаев «Шегіртке мен құмырсқа», Ахмет Байтұрсынов «Аққу, Шортан және Шаян», т. б. аударып бізге жеткізген екен.
2 - топ. Ахмет Байтұрсынов
(1873 - 1938)
Ахмет Байтұрсынов - қоғам қайраткері, ақын әдебиет танушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы - ғалым, ұлт ұстазы.
1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
1886 - 1891ж. Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891 - 1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқыды.
1895 - 1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.
Халықтың ой - санасын оятуға бар күшін қаламгерлік қуатын салып,
1909 жылы И. А. Крылов мысалдарын аударып, «Қырық мысал» жинағын шығарады. А. Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.
3топ. Аққу
Аққу - өте ірі және күшті құстардың бірі, ол сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың тазалық пен нәзіктің белгісі болып саналады. Оны көп халықтар киелі құс санап, ерекше құрметтеген. Аққулар аңыздар мен ертегілерде жырланды.
Аққулар көктемде оңтүстіктен қайта оралады, олардың қанатының сыңғыры мен әсем үнін аспанда жұп-жұбымен кербез ұшып өткен сол бір сәтінде тыңдаған тамаша - ақ.
Қалың орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққу - сұлу құбылыс. Аққу суда дыбыс шығармай, жеңіл сырғып жүреді.
Аққу түрлері: сұңқылдақ аққу, қарақу және сыбырлауық аққу.
Сыбырлауық аққу мен сұңқылдауық аққу - біздің ең ірі құстардың бірі.
Сыбырлауық - 8 - 13кг, сұңқылдақ - 7 - 10кг, ішінары - 13кг болады екен. Австралиялық карақу сұңқылдақтан едәуір кіші. Қарақу мен сыбырлауық аққу қолға тез үйреніп кетеді.
Аққулар - қалың қамыс арасына ұялайды. Олар ерекше сезгіш және сақ құс. Балапандарын ата - енесі бірлікте тәрбиелеп өсіреді.
Біздің елімізде аққуларды аулауға тыйым салынған.
4топ. Шортан
Шортан – еліміздің өзен, көлдерін түгелдей мекендейтін ірі балық. Оның ұзындығы 1, 5 метрден, салмағы 35 килограммнан асып түседі. Шортандардың өте ұзақ жасайтын жөнінде аңыз көп, ал шын мәнінде ең ұзақ жасағаның ғұмыры 20 жылдан аспады. Бірен - саран отыз үш жыл жасаған шортанның ұсталғаны жөнінде де мәлімет бар.
Әдетте ірі шортандардың салмағы 6 - 8кг тартады. Тым үлкен болмаса да шортан оңайлықпен тоя қоймайды. Сондықтан да ол күні бойы жем аулаумен болады. Бірақ шортан жемін қуып жүріп ұстамайды, оның келуін күтіп тұрады. Балықтар балдыр арасында жасырынып тұрған қарақшы шортанды байқай бермейді. Оның үстіндегі сұрғылт, сұрғылт жасыл, тарғыл түсті дақтары мен жолақтарын су өсімдіктерінен айыру қиын. Балық қатарласа берген сәтте шортан бас салады.
Шортан – жыртқыш балық. Ол ұсақ шабақтарға да, ірі балықтарға да шабуылдай береді. Үйрек - қаздардың балапандарын талғамай жұтып жібереді. Шортан ең алдымен ауру, әлсіз балықтарды ұстап, өзен - көлдерде ауру тарауына бөгет жасайды.
5 топ Шаян
Шаян – өрмекші тектес буынаяқтылардың көне топтарына жатады. Оның салмағы 50г - нан 200 - ға дейін болады. Шаяндар кішкентай балықтармен қоректенеді. Тропикада да, шөл далаларда да тіршілік етеді. Түнгі мезгіл де түрлі жәндіктерді бір орнында қозғалыссыз тұрып, өз жемтігін ұлы ұстап алады. Адам шаянның алақанынан өліп кетпесе де қатты ауырып, шаққан жері ісінеді, қалтырап тонады. Шаяндар ұзақ уақыт, бірнеше ай бойы тамақ ішпей - ақ жүре алады.
Тақтадағы кластермен салыстыру және өз жазғандарын толықтыру.
Слайдпен жұмыс
Слайдпен жұмыс
ІІ. Пантомимо: «Аққу, шортан һәм шаян»
Слайд ашу.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс:
1. Мұғалім мәнерлеп оқып береді.
Сұрақтар бойынша жұмыс жасау.
2. Тізбектеп оқу.
Қорытындылау: «Ой толғау» стратегиясы.
Мұғалім: Балалар, осы мысал арқылы ақын - жазушылар бізді неге үйретеді?
(ауызбіршілікке, ынтымақ, достыққа шақырады)
Неге И. А. Крылов кейіпкер ретінде аққу, шортан, шаяндарды алған?
Мұғалім: Бірлік, ынтымақ достық туралы қандай мақалдар білесіңдер?

Мақал.
1. Ынтымақ болмай, іс болмас
2. Көп біріксе ел болар, көп тілегі көл болар.
3. Татулық – табылмас бақыт
4. Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озар.
Үй тапсырмасы: Ахмет Байтұрсынов, И. А. Крыловтан «Аққу, шортан һәм шаян» мәнерлеп оқу, сурет салу.
Рахмет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 412
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян
А. Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян
Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыру. Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру.
Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян
Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян
Өлеңдегі негізі ойды оқушының өзіне таптырып, ойларын өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық секілді жақсы әдеттерді үйреніп, осы мысал мазмұны арқылы жаманнан жирендіруге тәрбиелеу.
Ахмет Байтұрсынов "Аққу, шортан һәм шаян"
Ахмет Байтұрсынов "Аққу, шортан һәм шаян"
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құланды ауылы, Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Диханова Райхан Ахытқызы
Аққу, Шортан һәм Шаян
Аққу, Шортан һәм Шаян
Бастауыш сынып мұғалімі: Оңалбаева Меруерт Қожантайқызы
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы «Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Садвакасова Кулайым Айтбаевна
"Аққу, Шортан Һәм Шаян" Ахмет Байтұрсынов
"Аққу, Шортан Һәм Шаян" Ахмет Байтұрсынов
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Қажығалиева Клара Жанұзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×