Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайталау

21 мам 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: Көп таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу амалына есептеу дағдысын қалыптастыру, білімін тексеру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Семей қаласының мәдени орталықтары салынған карта.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Кіріспе
Балалар, бүгін біз математика сабағында саяхатқа аттанамыз. Біз қай қалада тұрамыз?

- Семей қаласында.
- Семей қаласында көптеген мәдени орталықтар бар.
Оларға саяхат жасау үшін біз көлікпен аттанамыз. Барлығымыз автобусқа отырамыз.
1.Енді жолға аттану үшін мектептен шығу алдында ауызша есептер шығару керек. Егер есепті тез шығарсақ, автобусқа тез мінеміз.
90:6 *100 : 50* 4*3 :60* 1000 :1500 = 4
88 :2 +6:2 *5 +125 :50 *10*100 = 5000
4000:1000* 6* 100 :1200 *700 :70 = 20

-Жақсы, есепті дұрыс және тез шығардық.Енді жолға аттанайық. Автобусқа мінерде, жолда жүру ережесін есімізге тусіруіміз керек. Автобустың соңғы есігінен кіріп,алдыңғы есігінен шығу керек.
2. Балалар,біз аспалы көпірден өтіп бара жатырмыз.Біздің көпір өте әдемі. Біз қазір « Биологиялық орталыққа » жол тарттық. Міне, биологиялық орталыққа да келдік.
Енді осы орталыққа кіру үшін, математикалық тапсырма орындауымыз керек.
Балалар тақтаға есеп шығарады. Есепті тексереміз.

- Есепті дұрыс шығардық. Енді орталыққа кіреміз.
- Балалар, биыл қай жыл?
- Қой жылы.
Оқушылар : Әр жыл жануардың атымен аталады.
Мұғалім: Дұрыс.Ол туралы бізге айтып береді.Биологиялық орталықта бәрін көріп білдік.Жануарларды, құстарды неге бұл орталыққа қойған?
Жануарларға, құстарға қамқорлық көрсету керек.

3.Енді автобусқа мініп, Абай мұражайына жол тартамыз. Міне, Абай мұражайына да жеттік. Мұнда Абайдың жеке заттары, кітаптары бар.
Мұражайға кіру үшін мына есепті шығарайық.
Ерзат бағасы бірдей 5 кітап, ал Азат 3 кітап сатып алды. Ерзат Азаттан 180 теңге артық төледі. Кітап қанша тұрады? Олардың әрқайсысы қанша төледі?
1) 5-3=2 (к)
2) 180: 2 = 90 (тг)
3) 90 * 5 = 450 ( тг )
4) 90*3 =270(тг)

Жауабы: 90 теңге.450 теңге. 270 теңге.
Кітап туралы, кім мақал – мәтел біледі?
(оқушылар айтады )
4. Енді автобусқа мініп, «Балалар саябағына» келдік. Саябаққа кірерде бізден жұмбақ шешуімізді сұрайды. (магнитофоннан жұмбақ айтылады, оқушылар шешеді

а) Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар.
Ақ, қара қып бөлгенде,
Бірі – бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін де,
Бермейді олар намысын. (шахмат)

б) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

в) Тау астында төрт бала,
Кезек – кезек ойнаған.
Төрт баланың қолына,
Төрт айды әкеп байлаған.
(аттың 4 аяғы, төрт тағасы).

г) Бір мақұлы бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты.
Ашуланса, аяқ – қолын көрсетпейді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты. (кірпі)
3 751
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу 78: 26, 88: 44
Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу 78: 26, 88: 44
Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу 78: 26, 88: 44 Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу тәсілін қарастыру Логикалық ой - өрісін дамыту
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Атырау қаласы. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Шудабаева Гульбаршин Кенжегалиевна
Қайталау. Өздік жұмысы
Қайталау. Өздік жұмысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы. Жаңғызтөбе кенті, «Жаңғызтөбе орта мектеп - балабақша кешені» КММ-сі Бастауыш сынып мұғалімі: Бектенова Кенжегүл Шашымқызы
Математика 2 сынып. Қайталау сабағы
Математика 2 сынып. Қайталау сабағы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Бекарыстан би кеңшары Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сансызбаева Алтынкүл Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×