Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

28 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Бидай мен Қаңбақ (әдебиеттік оқу 2 сынып)
2. Ғылым таппай мақтанба (әдебиеттік оқу 2 сынып)
3. 9 саны және цифры


Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры
Сабақтың мақсаты: 9 саны, оның шығуы, сандар қатарындағы орны туралы түсінік, 9 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру.
- Оқушылардың жан - жақты ойлауын, ізденуін, алған білімдерін одан әрі дамыту.
- Пәнге деген қызығушылығын арттыру, толық жауап беруге;
- Зейінділікке тәрбиелеу, туған жерінің, елінің тарихын білуге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, сызбалар, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, біз бүгін жаңа әсем, үлкен қалаға саяхат жасаймыз. Қай қалаға саяхат жасайтынымызды анықтап алу үшін мына сөзжұмбақты шешіп алайық.

Сөзжұмбақты шешу:
1) Қазақ халқының музыкалық аспабы.
2) Қазақстан Республикасы елбасы есімі.
3) Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
4) Қазақ халқының ұлы ақыны.
5) Ас атасы нан.
6) Қазақстан Республикасының рәмізі.

Д О М Б Ы Р А
Н Ұ Р С Ұ Л Т А Н
Т О Қ Т А Р
А Б А Й
Н А Н
Е Л Т А Ң Б А

Кім Астана қаласына барды? Көргенімізді еске түсіреміз, көрмегендер танысамыз.
Астана қаласының көрікті жерлеріне бармақпыз. Ол үшін білімізді көрсете отырып, тапсырмаларды орындауымыз керек.
Интерактивті тақтада жұлдыз бейнелері. Әр бұрышы сандармен (1, 2, 3, 4, 5) белгіленген. Әр санның астында Астананың көрікті жерлерінің суреті жасырынған.
1 тапсырма «Өткен сандар бойынша сандар құрамын еске түсіру»
Ол үшін мына тақтаға назар аударыңдар. Мына шашылып жатқан сандардан берілген сандар құрамын жазу. (6, 7, 8)

Астананың ең көрікті орындарының бірі – «Бәйтерек» мұнарасы. «Астана - Бәйтерек» кешенінің биіктігі - 97 метр.
Бұл«Бәйтеректің» қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің белгісі ретіндегі маңыздылығын осында орнатылған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың оң қолының бедері салынған «Аялы алақан» композициясы айқындай түседі.

2 тапсырма
Келесі бейнеге назар аударайық. Бұл Мұхит арал «Думан ойын - сауық» кешенінде орналасқан. Ол Астанамыздың мақтанышы. Әлемде мұндай мұхит аралдың 10 - ы ғана бар: 6 - Қытайда, 1 - Чикагода, 2 - Канарда, енді Қазақстанда да бар. Оған 3 млн. литр су сияды, 3000 теңіз мекендеушілер мен 100 - ден астам әлемнің әр жерінен әкелінген теңіз жәндіктері сияды.

Бүгінгі жаңа сабағымызды Мұхитаралының тапсырмасын орындай отырып түсінеміз.
Кіші балықтар нешеу? Үлкен балық нешеу? Барлығы нешеу болды?
Ендеше бүгін біз 9 саны және цифрымен танысамыз.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып, берілген санды әдемі етіп толтырамыз. Келесі жолға 8 көк дөңгелек және 1 қызыл дөңгелек саламыз. Жанына өрнек құрап жазу. 8+1=9 9 - 1=8 9 саны мен 8 санын салыстыру.
Қосу мен азайту амалының компоненттерін еске түсіру. (ауызша)
Біз «Думан ойын - сауық» кешенінде жүргендіктен бойымызды сергітейік.

Сергіту сәті
3 тапсырма
«Хан шатыры» орталығы әлемдегі ең биік және ең үлкен шатыр, оның шпилінің биіктігі 150 метр. Қысы - жазы бір температура ұстап тұруға мүмкіндік береді. Шатырдың жалпы ауданы он футбол алаңынан үлкен.
«Ханшатырының» тапсырмасы
«Кел, ойнайық!» мысалдарды ауызша орындау.
«Кім жылдам?» мысалдарды дәптерге тез шығарту
VII. Сабақты қорытындылау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 749
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
7 саны және цифры
7 саны және цифры
7 саны және 7 цифры, 7 - нің сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру.
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Факультативтің мақсаты: —Оқушылардың білімін жетілдіру, сабаққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілетін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Еркін сөйлеу қабілеттерін ашу.
9 саны және цифры
9 саны және цифры
Оқушыларды 9 саны және цифрымен таныстыру, 9 санының сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру, 9 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру
9 саны және цифры
9 саны және цифры
Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, В. П. Чкалов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тунжамылова Сакен
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Дүниетану 3 сынып Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз - Қазақстан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×