Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


5-ке көбейту және бөлу

09 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика (3 – сынып)
Сабақтың тақырыбы: 5 - ке көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: оқушыларға 5 - ке көбейту және бөлуге байланысты есептеулерді
меңгерту. Оқушылардың кестелік көбейту және бөлуге байланысты білімдерін
толықтыру.
ә) дамытушылығы: танымдық қабілеттерін, ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелігі: оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар, есеп шартына сай суреттер, «Алтын қақпа», «Білім кілті», үлгерімі төмен оқушыларға кеспе қағаздар, логикалық тапсырма, бағалау картасы.
Сабақтың түрі: ертегі – ойын сабақ «Математика еліне саяхат»
Сабақтың типі: білімді жетілдіру сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, машықтық жұмыс, көрнекілік.
Сабақтың құрал - жабдығы: интерактиты тақта, бағалау жетоны.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Әнұран.
а. Оқушыларды түгелдеу, құрал - жабдығын, дайындатып тексеру.
2. Өткенге шолу.
а). Үй тапсырмасын тексеру.
Мысал 4.
9*5=45
45: 5=9
45: 9=5
5*9=45
5*8=40
40: 5 - 8
40: 8=5
8*5=40

ә). Сайыс «Дода»
Балалар бүгінгі сабақты сендермен білім «Додасына» түсеміз.
Балалар «дода» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Дұрыс «дода» дегеніміз жарыс, сайыс деген сөз.
Оқушылар берілген кесте бойынша сандардың орналасу ретін айтады да, сол санның артындағы мысалдарды шешеді.

Тапсырмалары:
3*5=15
7*2=14
12: 2=6
9*2=18
30: 3=10
27: 3=9
4*3=2
8*4=32
20: 4=5
Өте жақсы балалар. Көбейту мен бөлуді жақсы меңгеріппіз. Жарайсыңдар.
3. Жаңа білімді игерту
1. Әңгімелесу.
«Ғылымдар патшалығында» әлемді таңқалдырған сарай бар. Онда ақылды әрі білгір математика тұрады. Математика өз сарайына жалқаулар мен түк білмейтіндерді кіргізбейді екен. Ал қабілетін дәлелдеген оқушыға сыйы да бар екен.

Алдымен білімімізді кеңейтіп алайық. 71беттегі 1тапсырманы түсіндіре отырып, есептін шартын құру, шешеуін табу, жауабын жазу.
Ш - ты:
Әр қорапта - 10ойыншық
5 қорапта -?
Сатып алынды - 25 ойыншық.
Шешуі:(10*5) +25=75(о)
Жауабы: барлығы 75 ойыншық сатып алынды.
Сұрақ: Есеп неше амалмен шығарылды? Неліктен?

Дәптермен жұмыс. Есепті жазып алу.

2. Балалар математика патшалығына ену үшін алдымен « Тас қақпаны» ашу керек. Ол үшін жұмыс істеуіміз керек. Оның шарты мынадай.
Ал, достарым, келіңдер,
Біріңе бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Есеп құрап көріңдер.
2. тапсырма. (71бет) Кестені пайдаланып есеп құрастыр және оларды шығар.

Кесте. 5минут уақыт беріледі.

Жауабы: 1 - топ. 5*7=35
2топ 35: 5=7
3топ 35: 7=5.
Сұрақ: Бұлар өзара кері есептер болып табыла ма?
Ал тапсырманы түгел орындап болса «Тас қақпаны» ашу үшін
сиқырлы сөзді айтамыз:
«Ашыл ашыл тас қақпа!»
« Көңілді қадам» ойыны».
Қане тәртіп сақтайық,
Тез есептен аттайық
Алға қадам басқанда,
Батылырақ аттайық!

3тапсырма. Көбейтіндінің ж/е бөліндінің мәндерін Ауызша есептеу.
5*7=35 35: 5=5 35: 5=7 7*5=35
5*6=30 30: 5=6 30: 6=5 6*5=35
Математиклық диктант.
1 - топ: 5см – ді 5есе арттыр. (25)
6см – ді 5 есе арттыр. (30)
2 - топ 250см – ді 5 есе кеміт.
300см – ді 5есе кеміт.
3 - топ 8 см – ді 5есе арттыр.
9см – ді 5 есе арттыр.

«Күміс қақапаны ашу үшін тапсырма:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Кезекті танымдылық тапсырмаға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың енді жұмыстарын көрелік.
1 - топ
5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45, 50 - сандарының әрқайсысын 5есе кеміту.
2 - топ
5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45, 50 - сандарының әрқайсысын 5есе кеміту.
3 - топ
Санды 5 - ке бөлгенде қандай қалдықтар қалуы мүмкін? Мысал келтір.

«Ашыл, ашыл күміс қақпа»! сиқырлы сөзді айту.
Күміс қақпа ашылады. Ішінен «Есіңе сақта»! көз зердесіне арналған жаттығу орындалады.

Фигураларға 3секунд қарап, қайта сызып шығу керек.

Алтын қақпаны ашу үшін тапсырма.
Көп білетін оқушы
Тақта алдына келеді.
Теңдеулердің шешімін
Дұрыс тауып береді

Алтын қақпаны ашу.
Ашыл, ашыл, алтын қақпам!
Музыка ойнап қақпа ашылады.
«Алтын қақпаның» ішіндегі «Алтын сандықты ашу үшін логикалық тапсырма орындау.

10 таяқшадан суреттегідей кілт құрастырылған. 4таяқшаны қозғау арқылы үш шаршы шығар.
Логикалық тапсырманы шапшаң орындаған оқушы жеңімпаз болады.
4. Қорытынды. Не өтілді? Не үйрендік?
Жеңімпаз оқушы «Математика» патшалығында еркін жүріп танысу үшін «Алтын сандықтан» «Алтын кілтті» сыйға алады.

5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 370
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
5-ке көбейту және бөлу
5-ке көбейту және бөлу
5 - ке көбейту және бөлуге байланысты есептеулерді меңгерту, білімдерін толықтыру, танымдық қабілеттерін, ойлау, зейінін, еске сақтауын дамытумен бірге оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
7 - ге көбейту және бөлу
7 - ге көбейту және бөлу
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы №43 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметжанова Д. Т.
4-ке көбейту мен бөлу
4-ке көбейту мен бөлу
Санды 4-ке көбейту және бөлуді пысықтау. Оқушылардың кестелік көбейту және бөлуге байланысты білімдерін толықтыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×