Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4-ке көбейту мен бөлу

07 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: 4-ке көбейту мен бөлу

Сабақтың мақсаты: санды 4-ке көбейту және бөлуді пысықтау.
Білімділік міндеті: оқушылардың кестелік көбейту және бөлуге байланысты білімдерін толықтыру;
Дамытушылығы: танымдық қабілеттерін, ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту;
Тәрбиелілігі: оқушыларды ойын арқылы, алға қарай ұмтылуға, мақсатқа жетуге тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Типі: білімді жетілдіру сабағы.
Түрі: «Алтын қақпа» ойыны
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекілік, интерактивті, тест

Сабақтың жоспары:
1. Бағдарлау-мотивациялық кезең.
«Математика патшалығына ену. №3 слайд
А) тас қақпа: өткен білімді бекіту (ойын-тесттер) №5-14 слайд
2. Операциялық-орындаушылық кезең. (флипчарттар)
ә) күміс қақпа: оқулықпен жұмыс
3. Бағалау-мотивациялық кезең.
Б) алтын қақпа: жаңа сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма беру
Бағалау

Сабақтың барысы:
1. Бағдарлау-мотивациялық кезең.
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда «Ғылымдар патшалығындағы» «математика сарайына» саяхат жасаймыз. «Математика сарайына» жалқаулар мен түк білмейтіндерді кіргізбейді екен. Ақылды, есепке жүйрік, білімділердің өздері сарайдың үш қақпасынан өтуі шарт. Ол – тас қақпа, күміс қақпа және алтын қақпа. Әр қақпада әр түрлі тапсырмалар беріледі. Үш қақпадан өткендерге ерекше сый бар.
А) Тас қақпа тапсырмасы: өткен білімді бекіту (ойын-тесттер) №5-14 слайд

Тас қақпа ашылды. №16 слайд
Ал, достарым, келіңдер,
Біріңе бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Есеп құрап көріңдер!
2. Операциялық-орындаушылық кезең.
ә) күміс қақпа тапсырмасы: оқулықпен жұмыс (флипчарттар)
№1.
4 литрлік банкалармен 16 л күнбағыс майы және 20 л мақта майы сатып алынды. Неше банка май сатып алынды?
- Не белгілі? Не белгісіз? Қандай амал қолданылады?
К.м – 16л ------------- Р.г – 36т -4қатар
М. м – 20л ----------- әр қ. - ? г
Әр қ.- 4л --------------ш: 36 : 4 ═ 9 (қ)
Банка -? --------------- ж: әр қатарға 9 гүл
ш: 16: 4 ═ 4(б)------20: 4═ 5 (б)
4+5 ═9 (б)
Ж: 9 банка май
- Ұқсастығы неде?
- Айырмашылығы неде?
№2. Ауызша.
4•7 ═ 28
28:4 ═7
28:7 ═4
7•8 ═28
№3. Кестені пайдаланып, есептер құрастыр және шығар.
Бағасы: Саны: Құны:
4тг -------3 ------?
? ----------3 ------12тг
4тг -------? ------12тг
- Бұлар өзара кері есептер бола ма? Неліктен?
№4. Алдыңғы бағанға қарай отырып, өрнектер құр және мәнін тап. Топтық жұмыс.
1-қатарға – 1 және 2 бағаны.
2-қатарға – 3 және 4 бағаны.
3-қатарға – 5 және 6 бағаны.
№6. Өрнектің мәнін тап.
Топтық жұмыс.
1-қатарға – 1 бағаны.
(80-48):4 ═ 8
4•7 – 28:4 ═21
2-қатарға –2бағаны.
34+9•4 ═70
90•4 –280═80
3-қатарға –3бағаны.
70–18:2 – 16═45
50•4–160:4 ═160
Күміс қақпа ашылды. № 18 слайд.
Қане, тәртіп сақтайық,
Тез есептеп аттайық.
Алға қадам басқанда,
Батыл аттайық!

- Көбейтуді қандай амал арқылы тексереміз?
- Ендеше, бүгінгі 4-ке көбейту мен бөлуді пысықтау үшін «Күн сәулесін ұстап ал» ойынын ойнайық!
Алтын қақпа ашылды. №25 слайд
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
Бағалау.(өзін-өзі бағалау)
- Үш қақпаның артындағы ерекше сыйға келіп жеттік. Құпия қорапша ішінен «5» , «4» және «3» бағалары шығады. Оқушыларға өз еңбегіне сай баға таңдауға рұқсат етіледі. Таңдау себебін түсіндіріңдер.
Үйге тапсырма беру.
№5 есеп, 64-бет
Шығармашылық тапсырма, 65-бет
4 995
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды 10 - ға, 100 - ге, 1000 - ға т. с. с. көбейту және бөлу. 10, 100, 1000 - ға қалдықпен бөлу
Санды 10 - ға, 100 - ге, 1000 - ға т. с. с. көбейту және бөлу. 10, 100, 1000 - ға қалдықпен бөлу
Санды 10 - ға, 100 - ге, 1000 - ға т. с. с. көбейту және бөлу туралы оқушылардың білімдерін бекіту, жалпылау. 10, 100, 1000 т. с. с мандарға қалдықпен бөлуді пысықтау.
5-ке көбейту және бөлу
5-ке көбейту және бөлу
5 - ке көбейту және бөлуге байланысты есептеулерді меңгерту, білімдерін толықтыру, танымдық қабілеттерін, ойлау, зейінін, еске сақтауын дамытумен бірге оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
7 - ге көбейту және бөлу
7 - ге көбейту және бөлу
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы №43 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметжанова Д. Т.
5-ке көбейту және бөлу
5-ке көбейту және бөлу
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы, №1 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қыдырбаева Бейсенкүл Алиакбарқызы
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулалары
Қарағанды қаласы Математика - информатика мұғалімі Кулшархан Темиреева
Ондық бөлшектерді көбейту
Ондық бөлшектерді көбейту
Орал қаласы, №34 мектеп - гимназиясының мұғалімі Исмагулова Г.С. Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×