Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика - ақыл-ойдың әуені (ойын)

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Математика
«Математика - ақыл - ойдың әуені» ойыны.
Жоспары: 1. Таныстыру (аты, ұраны, төсбелгісі).
2. Логикалық сұрақтар.
3. Математикалық жекпе – жек.
4. Сыр сандықтың құпиясы.
5. Сөздер құрау. Жұмбақтар шешу.
6. Әр қолда өзінің ісі
7. Ширату
Сайыстың көрнекілігі:
Тақырыптық сөздер, шарлар, ұлағатты сөздер. «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика» (М. В. Ломоносов). «Математика – ғылымдардың патшасы», ал арифметика – математика патшасы» (К. Гаус). «Математиканың өз тілі бар – ол формула» (С. В. Ковалевская). «Ақын жанды болмасаңыз, математикте бола алмайсыз» (С. Ков).
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
«Математика - ақыл - ойдың әуені» ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді
Ортаға 6 а________, 6ә -________,
6б_______ топтарын шақырамыз.
Шеберлікті, білімді
сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз.

1.
2.
3.
Ал, қанекей қаралық,
Мына жақта жаңалық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика еліне
Шабыт тасып шалқысып.
Есеппенен ән салып
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Көңілді кеш жасайық.
І кезең. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)
«Біліп қою аз, сол білгенді істеп, қолдана білуің керек. Ниеттену аз ғана, сол ниетіңді іске асыруың керек» депті неміс жазушысы Гете.

ІІ кезең «Логикалық сұрақтар» (Әр топ 5 сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер келесі топ жауап беруге болады)
І топқа:
1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
2. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
3. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

4. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
5. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
ІІ топқа:
1. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
4. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
ІІІ топқа:
1. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
3. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
4. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
5. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
ІІІ кезең. Математикалық жекпе - жек
Санап көріңдер!
Мына сызбаларда қанша бұрыш, төртбұрыш, кесінді, үшбұрыштар бар, жазып шығыңдар.

ІҮ кезең.. «Жеті жұмбақ» - жұмбақ шешу
1. Күшіне сенген бір мықты
Жығып салып сегізді. (Шексіздік)
2. Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? (Дәреже)
3. Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді.
Бірін - бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапсада,
Бір мәреге келмейді. (Параллель түзулер)
4. Айналған шешу құралына,
Төрт саны араласқан құрамына.
«Теңдеудің түбірлері нешеу?» – деген
Қандай сан жауап береді сұрағыма. (Дискриминант)
5. Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны,
Жоғалтасың сен оны (Квадрат түбір)
6. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан - жағына қарамай (Натурал сан)
7. 12 бұтағы бар алып емен.
52 шыбық тарап, өсіп өнген.
Шыбық сайын 7 - ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзін көрген. (Жыл, 12 ай, 52 апта, 7 күн)
8. Атадан он баламыз,
Бір - бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз. Ол не? (0 мен 9 арасындағы сандар)
Ү кезең Сөздер құрау
1 топ: Арифметика
2 топ: Жас математик
3 топ: Натурал сан

ҮІ кезең «Әр қолда - өзінің ісі» - капитандар сайысы. Топ капитандарына қағаз және екі қолына да қарындаш беріледі. Тапсырма: сол қолмен үшбұрыш, оң қолмен шеңбер салыңдар.
ҮІІ кезең. Ширату. Есептер шығару.
Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір - бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.

1 - топ
1. Екі қыстақтың арасы10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа неше күнде жетеді? (9 күнде)
2. Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
(Аян, Абзал Арман)
3. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбіз жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбіз артық жеген. Ал баласы 12 сәбіз жеген, шешесінеше сәбіз жеген? (28)

2 - топ
1. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтады. (Төрттен бірін)
2. Үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындықтары 5 және 1, үшінші Қабырғасы
натурал санмен өрнектелсе қандай болады? (5)
3. Айдар қағаз парағын бес рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады? ( 32)
3 - топ
1. Он - оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттың – деді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, – деді
- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, – дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.
- Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, – дейді мұнайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық? ( 4, 8 18 )
2. Оқушы кітаптың 0, 3 бөлігін, кейін тағы да 0, 1 бөлігін оқығандағы көлемі
жарты кітаптан 18 бетке кем болып шықты. Кітапта неше бет болған? ( 180)
3. Бір дорба конфет 10 евро тұрады, бірақ әр дорбаның ішінде купон бар. Ал үш купонға қосымша конфет дорбасы беріледі. 150 евроға қанша дорба конфет алуға болады? ( 22)
Амалдарды орындап, мақалды тап:
1/ 1, 476: 0, 3 - 0, 2+256, 3*0, 05
2/ 76+15, 75: 0, 9 -(45: 0, 9+35, 8)+3, 21
3/ (732 - 32: 0, 8)*0, 6 - 124, 32*1, 5
4/ (0, 7: 1, 4 - 0, 2): 0, 12+1, 6*(0, 548 - 0, 023)

Арымас 13, 107
Жаманға 228, 72
Ақыл 17, 715
Алтын 55, 98
Баспа 3, 34
Шірімес 132, 87
Тозақ 127, 2
Жақсыдан 17, 535
Адам 180, 552
Тура 124
Қалма 10, 91
Алмас 39, 16

Мына фигурадағы сандарды жаңылыспай санау керек, жоқ санды табу керек.
2, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 18, 25, 32, 39, 53
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың.
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе қазылар алқасы ұпайларды есептеп болғанша жанкүйерлерден музыкалық сәлем.

Көңіл бөліп бұл жарысқа
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге мың рахмет, мың рахмет.
Ендігі сөзді әділқазы алқасына беріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 621
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты математика
Қызықты математика
Математиканың жан жақты екендігін көрсету. Әртүрлі ойлау, ойнау әдістерін қолдану арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын ояту болып табылады.
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі математик пәнінің мұғалімі: Смагулова Айгуль
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Математикалық апталық (8 - 9 сыныптар арасында) Тақырыбы: «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» Мақсаты: Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×