Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

31 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңдегі негізгі ойды тауып ашу, өз сөзімен жеткізе білуге үйрету.
2. Әр түрлі тапсырмалар орындай отырып, оқушылардың ой – өрістерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: СТО жобасы бойынша.
Сабақтың көрнекілігі: автордың суреті, қима қағаздар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу, амандасу.
Оқушыларды ойын арқылы үш топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Тест:
1.«Сурет салғым келмейді» мәтінінің авторы кім?
а) Төлеген Айбергенов
ә) Марат Қабанбай
б) Мұхтар Әуезов
2. Мұғалім кім туралы әңгімеледі?
а) оқушы туралы
ә) Ана туралы
б) Әке туралы
3. «Жамал» қай суретшінің туындысы?
а) Леонардо да Винчи
ә) Қанафия Телжанов
б) И. Левитан
4. Қазақтың белгілі суретшісі
а) С. Айтбаев
ә) Ә. Қастеев
б) С. Мәмбеев
5. Ержан неліктен сурет салудан бас тартты деп ойлайсың?
а) Ержанның сурет салуға құралдары болмады.
ә) Ержан анасынан айрылып қалған еді.
б) Ол Салауат ағайды ұнатпайды.

2) Суретпен жұмыс сұрақ – жауап арқылы.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Суреттер сөйлейді.
2. Жаңа тақырып «Үйрену»
1) Оқушылар өз бетімен оқиды.
2) Тізбектей оқиды.
3) Сұрақ – жауап жұмысы.
4) Мұғалімнің түсіндіруі.

Қазақ психологы.
Әбдірахман Асылбеков (1907ж.- 1970ж)
Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің психология кафедрасында қызмет атқарған.
«Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу» (1965), «Бала тәрбиесінде семьяның рөлі»(1966) т. б. мақалалардың авторы.
1962 жылы Ташкентте «Мектеп оқушыларында ынтаның қалыптасуы» атты кандидаттық диссертация қорғаған.
Табиғат әлемі алуан түрлі. Аңдар мен құстардың, теңіз жануарлары, өсімдік, ағаштардың – бәрінің белгілі бір пішіні бар. Тірі организмдер әр түрлі тәсілмен қозғалады. Адамдар уақыт бойы табиғатты бақылай келе одан көп нәрсені үйренуде.

Жаңа тақырыпты қорыту. Сен білесің бе?

3. Тапсырма көздері.
1) 1 - топ: «Әнші» сөзіне 5 жолды өлең
2 - топ: «Суретші» сөзіне әңгіме құрау және суретші сөзін септеу
3 - топ: «Паровоз» ойыны. Паровоз құрастыру (математикалық есептер бойынша)

2) «Үйрену» сөзіне постер құру.
3) Фигуралармен жұмыс. Үш топқа үш түрлі фигура беріледі.
4. Қорыту.
Оқушыларға «Үйрену» тақырыбына эссе жазу.
5. Өзін - өзі бағалау.
6. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.
8 334
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ә. Асылбеков. Түлкі мен тиін
Ә. Асылбеков. Түлкі мен тиін
Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңдегі негізгі идеяны айта білуге үйрету.
Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян
Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян
Өлеңдегі негізі ойды оқушының өзіне таптырып, ойларын өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық секілді жақсы әдеттерді үйреніп, осы мысал мазмұны арқылы жаманнан жирендіруге тәрбиелеу.
Мәдіхат Төрежанов "Қолғабыс"
Мәдіхат Төрежанов "Қолғабыс"
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатканова Жаңыл Мухановна
Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»
Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кобенова Жамила
Қызғалдақ пен қара сора
Қызғалдақ пен қара сора
Қызылорда болысы, Арал ауданы, Аралқұм стансасы, №61 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Гульмира Олжабаевна
Үйрену. Ә. Асылбеков
Үйрену. Ә. Асылбеков
ШҚО, Аягөз қаласы, Бастауыш класс мұғалімі Нысанбаева Венера Көшербаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×