Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Уақытты өлшеу. Секунд.

01 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Уақытты өлшеу. Секунд.
Сабақтың мақсаты: Уақыттың жаңа бірлігі секунд туралы жаңа мағлұмат
беру. Уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастарды анықтау., күнделікті өмірде уақыттың әр түрлі өлшем бірліктерінің қолдануын ұғындыру, үш таңбалы сандарды талдау, салыстыру, разрядтар бойынша көрсету. Бір және екі амалмен шығарылатын есепті талдау және шешу.
Сабақтың дамытушылығы: Мақсаты: ауызша есептеу біліктілігін дамыту, танымдық қабілетін, ойлау қабілетін, зейінін, есте сақтау қабілетін, шапшаң есептеу қабілетін, дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелілік мақсаты: Оқушыларды топта жұмыс істеуге, өз ойын еркін айтуға, тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиет.
Сабақ түрі: аралас, саяхат.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық, жеке.
Сабақ көрнекілігі: сөзжұмбақ, қима қағаздары, ауызша есептеу, интерактивті тақта.

Сабақ барысы.
І. Психологиялық дайындық.
1. Сабаққа дайындығын тексеру.

Қабат – қабат қапталған
Асыл сөзбен апталған
Ол қазына өлмейтін
Кітаптарың дайын ба?

Ұшымен қазық,
Торкөзді азық.
Үстінен өтетін
Асыл сөз жазатын
Дәптерлерің дайын ба?

Денесі бар шыбықтан
Темір тұмсық құдықтан
Ойы із боп түсетін
Қаламдарың дайын ба?

2. Сабаққа дайындау.
- Балалар мен бүгін сендердің көктемгі балауса гүлдей құлпырып отырғандарыңды көріп, қуанып отырмын. Бүгін сендер менімен бірге көп жаңалыққа тап боласыңдар - деп ойлаймын.
Дұрысталып отырып, менімен қайталаңдар.
- Мен мектептемін. Менің зейінім артып жатыр. Есте сақтау қабілетім мықты. Мен бәрін білгім келеді. Мен осыған дайынмын.
3. Топқа бөлу.
І – топ. – Ұлы хандық
ІІ – топ. – Орта хандық
ІІІ – топ. – Кіші хандық

ІІ. Тірек білімді еске түсіру. (1 слайд)
1. Сандардың разрядын анықтау.
І – топ: ІІ – топ: ІІІ – топ:
2. Шамаларды теңестіру. (тақтада)
І – топ -------------------------------------- ІІ - топ
1 сағ 15 мин = мин ---------------------- 1 тәул 12 сағ = сағ
86 см = дм см ---------------------------- 45 см = дм см
2 тәул = сағ ------------------------------- 2 сағ 10 мин = мин.

ІІІ – топ
1 сағ 20 мин = мин
76 см = дм см
1 тәул 20 сағ сағ

3. «Артығын тап» ойыны.
І – топ ----------------------- ІІ – топ -------------------- ІІІ – топ
50+44=94 ------------------ 27+65=92 ------------------ 45+45=90
64+28=92 ------------------ 100 - 8=92 ------------------ 63+27=90
100 - 6=94 ------------------ 46+45=91 ------------------ 54+36=90
37+57 =94 ------------------ 36+56=92 ------------------ 38+42=80

4. Миға арналған аэробика
54 49 54 49 54 49
88 76 88 76 88 76

ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту мақсатында сөзжұмбақ шешу.

5. Ассоциация
Уақытқа байланысты сұрақ – жауап арқылы ассоциация құру, секунд туралы жаңа ұғым.

6. Мағынаны тану. «Жаңалық» аялдамасы.
Есіңе сақта!
60 с = 1 мин
60 мин = 1 сағ
24 сағ = 1 тәул.
100 жыл = 1 ғасыр

7. «Ой топтау» аялдамасы.
Тақырыпқа қатысты сұрақ – жауап алу.
1. Біз 21 ғасырда өмір сүрудеміз
2. Пойыз 48 сағат жолда болды
3. Ұшақ 3 сағат ұшты
4. Сабақтың ұзақтығы 45 минут
5. Оқушы 60 м қашықтықты 38 секунд уақыт жұмсады
6. Еліміздің Ата заңы қай айда? 31 тамыз
7. Жеңіс күні қай күні? 9 мамыр
8. Наурыз мейрамы ше? 22 наурыз
9. Халықаралық әйелдер күні ше? 8 наурыз
10. Жаңа жыл қай айдан басталады? Қаңтар
11. Көктем, жаз, күз, қыс айларын ата? Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан.

8. Сергіту. «Ой сергіту» аялдамасы. (Видеосюжет.)
Желбіре байрағым әлемде,
Әнұран айтылды әр елде.
Ұл қызың, өз елін дамытқан, танытқан
Қазақстан!

9. «Ой толғаныс» аялдамасы.
«Сен білесің бе?» айдары бойынша құстардың өмір сүру ұзақтығын анықтау:
І – топ:
Үкі – 68 жыл
Аққу -? 44 жыл
Дуадақ -?

ІІ – топ:
Бүркіт – 46 жыл

IV. Қорытынды:
1. «ИЯ, ЖОҚ» ойыны
1. 17 +4 = 20 жоқ
2. 4 - ті 3 рет қосқанда 12 ия
3. Тік бұрыш доғал бұрыштан үлкен жоқ
4. 1 сағатта 60 минут бар ия
5. Сейсенбіден кейін бейсенбі жоқ
6. 46 – ның 43 тен 3 - еуі артық ия
7. Дәптердің ұзындығы 21 метр жоқ
8. 1 айда 4 апта бар ия
9. 23 ке 5 ті қосқанда 28 ия
10. Сүйір бұрыш тік бұрыштан үлкен жоқ
11. 6 - ны 3 рет қосқанда 18 шығады ия
12. 1 аптада 6 күн бар жоқ

1. Оқушы білімін бағалау.
V. Үй тапсырмасы:
№ 5. Шығармашылық тапсырма
27 627
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйрену; көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын бекіту; ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру; құрама есептер шығара білуге үйрету.
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр (мм) бірлігін енгізу және оны басқа өлшем бірлігіне айналдыруды үйрету;
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр (мм) бірлігін енгізу және оны басқа өлшем бірлігіне айналдыруды үйрету; шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Математика пәнінен 4 - класқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының үлгілері
Математика пәнінен 4 - класқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының үлгілері
Мың көлеміндегі сандарды жіктеу, салыстыру, разрядтардың атауын және нөмірленуін, бірліктер класын қайталап пысықтау; Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қайталау, тиянақтау, қалыптастыру, деңгейін анықтау
Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Сызғышты пайдаланып, кесіндінің ұзындығын ұзындық өлшем бірліктері арқылы өлшеп, ұзындықтың әр түрлі өлшем бірліктерін қолданып, өлшеу біліктерін бекіту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×