Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтін. Мәтін деген не?

16 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Мәтін деген не?
Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға мәтін жайлы түсінік бере отырып, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Салыстыру, талдау, ой қорытындысын жасауды игерту.
Б) Оқушылардың сөздік қорын молайту, қызығушылықтарын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
В) Ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Суреттер, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды сабаққа дайындау. Қажетті құралдарды түгендеу.
ІІ. Психологиялық сәт
ІІІ. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын тексеру (5 оқушыдан сұрап шығу, дұрыс жауабын шығару) Дәптерді партаның шетіне жауып қоямыз.
Сөзжұмбақ шешу:

1. Түссе күннің шуағы,
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті - қолын жуады. (Мысық)

2. Дүниеде бір молда,
Уағында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап,
Қайтып кеп жер шұқиды.(Әтеш)

3. Ағашта тұрағы,
Жаңғақ тамағы.(Тиін)

4. Өзі жүрген бір қу,
Жүрген жері айқай да шу.(Түлкі)
5. Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)
Қандай сөз шықты? Мәтін

IY. Жаңа сабақ:
Бүгін біз сендермен мәтін деген жаңа тақырыппен танысамыз.
Y. Оқулықпен жұмыс:
135 жаттығу. Тапсырманың берілісін оқыту.
Ара - жәндік. Оқушы құстың суретін салды. Апам тон тікті. 3 оқушыға оқытамын. Мұнда кім, не туралы айтылған?
Ара - бал беретін қанатты жәндік. Ол гүл шырынымен қоректенеді. Балды омартаға жинайды.
Екінші бағанда не туралы айтылған? Ара туралы.
Ендеше, екінші бағандағы сөйлемдер бір - бірімен мағыналық жағынан өзара байланыста құралған. Үш сөйлемде бір ғана ара туралы. Ол сөйлемдердің орнын ауыстыруға болмайды. Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтінге ат қоюға болады. Осы мәтінге ат қойып көрейік. Ара.
Бірінші бағанды алып тастау. Екінші бағанды көшіріп жазамыз. Бүгінгі күнді жазамыз. Азат жолдан бастап жазамыз.
Сонымен мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады. Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға болмайды
YI. Дәптермен жұмыс
136 жаттығу. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра. Өз бөлмелеріңді сипатта.
Бағандағы сөйлемдердің орындарын ауыстырып, дұрысын жазу.
Менің бөлмем
Мынау - менің бөлмем. Оның терезелері үлкен. Оң жақта менің төсегім тұр. Сол жақта үстел, орындықтар қойылған. Бөлменің ауасы таза.
Сергіту сәті

Жел соғады гу - гу,
Жаңбыр жауады тырс - тырс.
Жаңбыр басылады,
Күн ашылады. 2 рет

137 жаттығу. Тапсырманың берілісін оқыту.
Оқушыға оқыту, сұрақтармен жұмыс.
Бұғылардың тағы қандай пайдасы бар? Мүйізінен дәрі жасайды.
Шығармашылық тапсырма\өлең оқу\
Бұлттар төніп, жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Денең мұздап тоңады,
Айтыңдаршы балаларым,
Бұл қай кезде болады? Күз мезгілі

Ендеше күз тақырыбына мәтін құрастырайықшы.
Күз келді. Күн суытты. Ағаштың жапырақтары сарғайды. Жердің бәрі сап - сары. Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
139 жаттығу. Бірінші бағанды оқыту, талдау. Сөйлемнің үшеуі де кім туралы?
Екінші бағанды алып тастау. Аңшы деген кәсіп, ол мамандық емес, себебі аңшылықты үйрететін оқу жоқ.
Суретпен жұмыс. Аң аулайтын адамды аңшы деп атайды. Аңшының мылтығы, тазы иті, қыран бүркіті болады. Бұлардың үшеуі де жеті қазынаға кіреді.
YII. Қорытынды
Мәтін деген не?
Мәтін неден құралады?
Мәтіндегі сөйлемдер қалай байланысады?
Бүгін біз қандай тақырыптағы мәтіндерді өттік? Ара, бұғы, аңшылар.
YIII. Үйге тапсырма 138 жаттығу
IX. Бағалау
23 847
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтін
Мәтін
Оқушыларға мәтін туралы түсінік беру. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
Мәтін. Сөйлем. 1 - 5 жаттығулар
Мәтін. Сөйлем. 1 - 5 жаттығулар
Мәтін мен сөйлем арасындағы байланыс туралы біледі.
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру. Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Ту тіккен Рақымжан
Ту тіккен Рақымжан
Рахымжан Қошқарбаев туралы мағлұмат беру, «Ту тіккен Рақымжан» мәтінімен таныстыру. Ұлы Отан соғысы туралы алған білімдерін бекіту, мәтін бойынша жұмыс жасау, талдау жұмыстарын жүргізу.
Мәтін
Мәтін
Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Мәтін Сабақтың мақсаты: 1. Мәтін туралы түсінік беру. Жеке сөйлемдер мен мәтінді бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтату.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×