Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтін

14 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты:
1. Мәтін туралы түсінік беру. Жеке сөйлемдер мен мәтінді бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтату.
2. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, қызығушылық, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Өзара ынтымақтастыққа қайырымдылыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті сурет, слайд
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, талдау.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру
а) сәлемдесу
ә) түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) психологиялық дайындық
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
154-жаттығу

ІІІ Өткенді пысықтау
«Қызыл телпек» ертегісіне саяхат. Қасқырдың тапсырмасын орындау. Сандардың орналасу ретін анықтап, сұрақтарға жауап беру.
ІV Жаңа сабақ
«Мақта қыз» ертегісіне саяхат. Мақта қыздың тапсырмасы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Шифрограмма
32 (3онд 2бірл )- маймыл М
х-4=5 (теңдеу) – әтеш Ә
36-6 (санды өрнек, мәнін табу) тышқан Т
1 сағ=? мин (60 мин) түлкі І
1 дм=? см (10 см) қоян Н

Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау. 156-жаттығу арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Бірінші және екінші бағандағы сөйлемдер бір-бірімен салыстырылып оқылады.
- Бірінші бағандағы сөйлемдер кім, не туралы?
- Ара, оқушы, апа туралы.
- Екінші бағандағы ше?
- Ара туралы.
- Екінші бағандағы сөйлемдердің орнын ауыстырып көрейікші. «Балды омартаға жинайды. Ол гүл шырынымен қоректенеді», - деп, сөйлемдердің орнын ауыстырсақ, әңгіменің не туралы айтылып тұрғанын білеміз бе?
- Жоқ. Әңгіме не туралы екендігі белгісіз.
- Ендеше, екінші бағандағы сөйлемдер бір-бірімен өзара байланыста құрылған. Үш сөйлем де бір ғана ара туралы. Ол сөйлемдердің орнын ауыстыруға болмайды. Мұндай өзара байланысты сөйлемдердің тобын мәтін дейміз. Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтінге ат қоюға болады.

V Оқулықпен жұмыс
«Бауырсақ» ертегісіне саяхат. Түлкінің тапсырмасын орындау. 157-жаттығуды орындау. Топпен жұмыс жүргізу. Әр қатарға мәтінді бөліп оқыту, талдату. Топтастыру стратегиясы бойынша бұғыға қысқаша сипаттама беру.
Бұғы

VІ Сергіту сәті
VІІ Дәптермен жұмыс
«Шалқан» ертегісіне саяхат. 158-жаттығуды орындау арқылы ертегідегі шалқанды жұлуға көмектесу барысында шығармашылық жұмыс жүргізу. Суретке қарап әңгіме құрастыру. Әңгімеге ат қою.

VІІІ Сабақты бекіту
«Күн, Ай және Әтеш» ертегісіне саяхат. Тестпен жұмыс.
1. Мәтін дегеніміз не?
А) Ұзақ бір сөйлемді мәтін дейміз.
Ә) Екі не одан да көп өзара байланысқан сөйлем.
2. Мәтінге не қоюға болады?
А) үтір
Ә) ат
3. Мәтінге ат қойыңдар.
Барыс - өте сақ және епті жыртқыш. Түсі көкшіл сұр, қара теңбілді шұбар болады. Барыс көбінесе басын мәңгі қар басқан биік тауларда мекендейді.
А) барыс
Ә) тау
4. Мәтіннің тақырыбы бола ма?
А) болады
Ә) болмайды
Жұптық жұмыс. Оқушылар тест кілттеріне қарап отырып бір-бірінің жауаптарын тексереді.
Тесттің кілті.
1. Ә
2. Ә
3. А
4. А
ІX Оқушыларды бағалау.
Оқушыларды жинаған ұпай санына қарай бағалап шығу.

X Қорытынды.
- Балалар, біз қай елге саяхат жасадық? Ол елдерден не үйрендік, не білдік?
XІ Үйге тапсырма
«Қысқы ойын» тақырыбына әңгіме жазып келу
12 844
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі 64*48 және 3072: 64
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі 64*48 және 3072: 64
Екі таңбалы санға бөлу тәсілдерін пысықтау. Ауызша және жазбаша көбейту тәсілдерін пысықтау. Баған түрінде көбейту мен бұрыштап бөлу жағдайларын негіздеу. Ойлау қабілетін дамыту.
Мәтін
Мәтін
Оқушыларға мәтін туралы түсінік беру. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
Мәтін
Мәтін
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Жазбаша қосу және азайту 27+36; 63 - 27
Жазбаша қосу және азайту 27+36; 63 - 27
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарашатау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Малайдарова Гүлнар Нагашибаевна
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Бастауыш сынып мұғалімі: Күлән Керешова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×