Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б. Баймаханов. Құмдағы құпия

02 қыркүйек 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сыныбы: 3
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Б. Баймаханов. Құмдағы құпия
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға әңгіменің негізгі мазмұн, мәнін ашу арқылы жаңа ақпарат беру, білім беру.
2. Дамытушылық: Әңгімедегі басты кейіпкерлерді анықтау, рольге бөліп оқу дағдыларын дамытып, жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды қамқорлыққа, мейірімділікке, қоршаған ортасына жылулығын, махаббатын көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сахналау.
Принциптері: түсініктілік, жүйелілік пен бірізділік, саналылық пен белсенділік.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин
● Оқушылармен амандасу;
● Сыныпты түгендеу.
Психологиялық дайындық. 3 мин.
Оқушыларды сабаққа психологиялық түрде дайындау мақсатында мынадай өлең шмақтарын бәріміз бірге оқимыз.
Достық барда – бірлік бар,
Бірлік барда – тірлік бар.
Достың доссыз күні жоқ,
Онсыз өмір құны жоқ.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты пысықтау. 7 мин.
Үйге қандай тапсырма берілді? Қыс туралы тақпақ жаттауға және әңгіме жазуға берілді.

3. Жаңа білімді меңгерту. 15 мин
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Б. Баймаханов ағамыздың «Құмдағы құпия» әңгімесі. Әңгіме Темірдің анасының еңбегі, Темірдің бозторғайға деген қамқорлығы, анасы мен баласының мейірімділігі туралы айтылған.
Басты кейіпкер: Темір, Темірдің анасы, бозторғай

Құмдағы құпия
Биылғы көктем салқын, жаңбырлы болды. Темірдің анасы экспедицияға жылдағысынан кешігіңкіреп аттанды.
Бұл жер Темірге бұрыннан таныс. Былтыр анасымен келген. Жалпақ сары төбенің басында сәкілі үш ағаш тұр. Сәкілерді осы өңірді зерттеген геологтар жасапты. Көз ұшында малшылар қыстауы. Көктем шыға көшіп кетеді. Қыстаудың қасында құдық бар. Экспедиция суды сонан алады. Ол құдықты да қазған – геологтар. Соны айтқанда Темір:
- Апа, геологтар жақсы ма, ботаниктер жақсы ма? – деп сұраған.
- Екеуі де жақсы, - деген анасы, - геологтар жер астындағы кен - байлықты іздеп табады. Ал ботаниктер жер бетіндегі өсімдіктерді зерттейді. Өсімдік болмаса, мал да, аң да, жан - жануарлар да тіршілік ете алмайды. Ботаниктер сол өсімдіктерді қалай жақсы өсіруге болатынын зерттейді.
Өсімдіктердің малға қажет екенін Темір біледі. Тіпті тасбақаның да шөпке жайылатынын осы жерде көрді.
... Биыл да Темір бір қызық оқиғаға тап болды. Ерте тұрып, анасымен бақылау алаңына бара жатқан. Алдарындағы бұтаның түбінен бір бозторғай ұшып шықты да, ұзап кетпей, қалықтап тұрыа алды.
- Осы маңда ұясы болу керек, - деді анасы. Бұтаның түбін ашып қарап еді, шынында да ұя бар екен. Селеудің үлпілдек шашағынан әдемілеп өріліп жасалыпты. Ішінде теңбіл - теңбіл үш жұмыртқа жатыр. Ұясына төнген қауіпті сезген бозторғай шырылдап, ауық - ауық шүйлігіп - шүйлігіп кетеді.
Құмда таңертең күн салқын болады. Күн жаңа шығып келе жатқан, ауа салқын. Сондықтан Темір анасына:
- Ұяға мақта төсеп, жылылап қойсақ қайтеді?
- Онда барып мақта әкел, мен бақылау алаңына бара берейін, өзің келерсің, - деді шешесі.
Міне, ғажап! Мақта алып келсе, ұя да жоқ, жұмыртқа да жоқ. Әлгінде шырылдап, шыж - быжы шығып жүрген бозторғай да көрінбейді.
Оның сырын Темір кейін білді. Төнген қауіпті сезген бозторғай ұясын басқа жерге көшіріп әкетіпті.
Темір бұл сапардан табиғат кітабының тағы бір қызықты бетін оқып қайтқандай болды.

Алдымен әңгімені мен оқып беремін, мұқият тыңдап отырыңдар. Оқушыларға тізбектеп оқыту.
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашамыз. Бүгінгі күнді, сынып жұмысын, авторы мен тақырыбын жазамыз.
64 - беттегі мақалды жазып аламыз.

Сынып жұмысы
Б. Баймаханов. Құмдағы құпия

Мақал
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.

Сергіту сәті. 2 мин
Барлығымыз шаршап қалған шығармыз, орнымыздан тұрып, жаттығу жасату болады.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
1, 2, 3 (мұрнымен дем алып)
Денімізді алайық!

4. Жаңа білімді бекіту. 5 мин.
Сахналау. Рольге бөлініп әңгіменің мазмұнын оқушыларға көмектесу.
Автор, Темір, Темірдің анасы кейіпкерлерін сомдап, рольге бөлініп, әңгімені сахналаймыз.
● Табиғатты, жер қойнауын зерттейтін мамандықты ата.
● Темір қандай оқиғаның куәсі болды?
● Олардың бозторғайға қамқорлық жасамақ болғаны дұрыс па?
● Құс ұясы неден жасалған екен?
● Бозторғайдың ұясы мен жұмыртқасының басқа құстардан қандай айырмашылығы бар?

Бағалау. 3 мин.
Оқушылардың сабаққа қатысқанына байланысты тиісті бағаларын алады. Айтып өту.

5. Үйге тапсырма. 3 мин
Үйге 62 беттегі әңгімені оқып, мазмұндауға, бозторғайдың тіршілігі туралы жазуға беріледі.. Күнделігімізді ашып, жазып аламыз.
6. Сабақты қорыту. 5 мин.
Сонымен, бүгін қандай тақырып, өттік? Есімізге бұрынғы өткен тақырыптар есімізге түсті ме?
Жақсы. Ендеше, осымен сабақ аяқталды.
19 713
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Оқушылардың органикалық реакциялардың жіктелуі және механизмі туралы алған білімдерін қайталау;
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді өз бетімен түрлі тәсіл арқылы шығара білуге дағдыландыру.
7 - ге көбейту және бөлу
7 - ге көбейту және бөлу
Оқушыларға 7 - ге көбейту және бөлу тәсілдері туралы білімдерін пысықтау, көбейту кестесін құруда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануды үйрету.
Құмдағы құпия
Құмдағы құпия
Оқушыларды мәтін мазмұнын түсіне білуге, мазмұнын ашу арқылы олардың сөздік қорларын толықтыру. Еңбек етуге, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғатта болатын өзгерістер жайлы түсіндіре отырып балалардың ой - өрісін, қиялын,
Жүрек жылуы
Жүрек жылуы
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Глазунов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Арғынбек Асем Сабыржанқызы
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный кенті, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хожамбергенова Амина
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×