Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тасбақаның шөбі

07 қазан 2012, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ә.Кекілбай «Тасбақаның шөбі»
Сабақтың мақсаты:
Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын түсіну

Сабақтың міндеттері:
1. Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын бірлесе әрекет жасау арқылы түсіну;
2. Бағыт-бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істету, ой-өрістерін дамыта отырып, ырымдарды салыстыру, зерттеу, қолдану, бағалауға машықтандыру;
3. Топта өз ойларын, пікірлерін айта білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
1. Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын түсінеді;
2. Ой-өрістерін дамыта отырып, ырымдарды салыстырады, зерттейді, қолданады, бағалауға машықтанады;
3. Топта өз ойларын, пікірлерін айта білуге, халқымыздың ырым-тыйым сөздерінің мағынасын ұғынып өсуге тәрбиеленеді.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:тасбақа, жылқы, гүлдер, автор туралы мәлімет, жан-жануарларға байланысты ырымдар, тірек сызбалар, барыс.
Техникалық жабдық: интерактивті тақта, бейнетаспа, үнтаспа.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: ақпараттық-коммуникативтік
Сабақта қолданылатын әдістер: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының әдістері, іздендіру, шығармашылық, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Бағалау: мәнерлеп оқи білуі, сұраққа дұрыс жауап беруі, сабақтан алған әсерін жеткізуі, бес жолды өлең құрастыруы

Сабақтың барысы:
І. «Қызығушылықты ояту» сатысы
1.Ұйымдастыру кезеңі:
• Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн деп айтамыз,
Мектептен білімді боп қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Сәтті күн болсын!
2. Үй тапсырмасы тексеріледі.
Т.Молдағалиевтің.
1-сыныпта- «Біздің ту», «Елтаңба», «Домалақ ана»;
2-сыныпта - «Астана», «Боз қырау»;
3-сыныпта - «Мамандықты таңдау» таныссақ;
4-сыныпта- «Гүлдер»өлеңімен таныстық
• Интерактивті тақтада гүлдердің сан алуан түрлері көрсетіліп тұрады
1.Т.Молдағалиевтің «Гүлдер» өлеңін мәнерлеп тізбектей оқиды.
2. - Ақын гүлдерді неге ұқсатқан?
- Сендер ше? (Салып келген суреттері бойынша гүлдердің аттарын атайды, гүлдерді неге ұқсататындарын айтады)
- Ал мен гүлдерді табиғаттың берген сыйы нәзіктік, әсемдік, сұлулыққа ұқсатамын.
3. Әр топқа жеке іздендіру тапсырмалары беріледі.
1-топ: Гүлдер туралы мақал жазады
2-топ: Гүлдер туралы жұмбақ жазады
3-топ: Гүлдер атымен аталатын есімдер жазады
4-топ: Гүлдерден гүлтәж жасайды
- Қорытынды жасалады «Гүл-табиғат»

ІІ. «Мағынаны ажырату» сатысы
3.Жұмбақ шешеді:
Бауырын жазып шаба алмас,
Озып бәйге ала алмас.
Үстіне киген киімі
Жыртылмас та жамалмас.
Шешуі: тасбақа

4.
а) Жаңа сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады
ә) Автор өмірінен мағлұмат беріледі
Әбіш Кекілбай 1939 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында дүниеге келді. Қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері. Өткен жылы 70 жыл толып, мерей тойы аталып өтті. Елбасымыз өз қолымен «Еңбек ері» жұлдызын кеудесіне тақты. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады. «Бір шөкім бұлт», «Үркер», «Дала балладалары» т.б.роман, повестері бар. Қазір Астанада тұрады.
2-сыныпта- «Күйші»;
3-сыныпта- «Ауыл таңы»таныссақ;
4-сыныпта- «Тасбақаның шөбі» әңгімесімен танысқалы отырмыз
б)Әңгіме мазмұнымен танысады
Үнтаспадан тыңдалады
Абзац бойынша оқиды, түсінгендерін айтады

в)Берілген кестемен жұмыс жүргізіледі
білемін
түсініксіз
жаңа ақпарат
білгім келеді

1-топ: тасбақа туралы толық ақпарат береді (көргендері, оқығандары, естігендері)
2-топ: «Шыбын жаны көзіне көрініп» деген сөз тіркесін басқа сөзбен алмастырып көреді, қақырай сөгіліпті, тұқшаңдаған, құмақтарда, көсіктің сабағы таныс емес сөздер мағынасын түсіндіреді
3-топ: тасбақаның жер астынан тістеп шыққан шөбі туралы ырым туралы оқулықтан тауып оқиды, әңгімелейді.
Тасбақаның жазғытұрым жер астынан тістеп шыққан шөбін алған адамның қай қалауы да орындалады.

4-топ: басқа жан-жануарлар, аңдар, құстар туралы ырымдарды әңгімелейді.
- Аққуды атуға, оған құс салуға болмайды.
- Қарлығаш жер бауырлай ұшса, көп өтпей жаңбыр жауады.
- Құмырсқаның илеуін бассаң, аяғың ақсақ болып қалады.
- Ат жер тарпыса жолға шығады.
- Ит көкке қарап ұлыса, жамандық болады.
- Қорытынды жасалады «Тасбақа да - табиғат»
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ», ендеше табиғаттың жанашыры болуды ұмытпағанымыз жөн.

ІІІ. «Ой толғаныс» сатысы
5.а)Бес жолды өлеңмен аяқтайды.
1. Тасбақа
2. Мықты, киелі
3. тарбаңдайды, жорғалайды, жүреді
4. тістеп шыққан шөбі бар
5. жануар
6. Бағалау
мәнерлеп оқи білуі, сұраққа дұрыс жауап беруі, сабақтан алған әсерін жеткізуі, бес жолды өлең құрастыру.
- Қандай әңгімемен таныстық?
- Авторы кім?
- Не білдік?
- Не ұнады?- әр топ жинаған барыс сандарына байланысты бағаланады.
Барыс жылы баршамызға Б- бақыт
А- ақыл
Р- рақым
Ы- ырыс
С- сенім ұялайтын жыл болсын!

7. Үйге тапсырма:
1. Әңгімеден Қарабала мінген аттың жүрісі жөнінде айтылған жолдарды тауып, дәптерлеріңе жазып келіңдер және жаңа жылымыз барыс туралы ырымдарды тауып келу тапсырылады.
Ән орындалады: «Арыстан мен тасбақа» мультфилімінің әнімен айтылады.
Мен келемін атпенен
Кезіктім тасбақаға.
Шалқалап, шөп тістеп
Аударылып қалған ба?-2рет
Қазақта ырымдар бар
Тілеуің орындалар.
Көктемде алсаң сен
Аузынан оның шөптер.-2рет
20 415
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Әбіш Кекілбаев «Тасбақаның шөбі» атты үзінді әңгімесімен таныса отырып, мәтіндегі түйінді ойды ашуға мүмкіндік тудыру.
Тасбақаның шөбі. Әбіш Кекілбаев
Тасбақаның шөбі. Әбіш Кекілбаев
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожахметова Марал
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кадирова Гүлбану
Тасбақаның шөбі
Тасбақаның шөбі
Шымкет қаласы ,№78 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шынғысбаева Базаркүл
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Атырау қаласы. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Шудабаева Гульбаршин Кенжегалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×