Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бағасы. Саны. Құны

28 қараша 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Бағасы. Саны. Құны.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды бағасы, саны, құны ұғымдарымен таныстыру, осы шамалар арасындағы тәуелділікті меңгерту, суреттер және кестелердің көмегімен есептер құрастыруға үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын ояту, берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды белсенділікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімді енгізу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жеке жұмыс, ойын, шығармашылық
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кестелер, жұмбақтар

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасып, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Үш топқа бөлу. Топтар бір - бірін бағалайды.
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бойынша бағалайтындықтарын ескерту.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№10
(250 - 50) +120=320
800 -(350 - 300)=750
560+(200 - 160)=600
250 -(50+120)=80
(800 - 350)- 300=150
(560+200)- 160=600

№11
а=6 см
P=6+6+6+6=24 см =240 мм
в=4 см
Р=4+4+4+4=24 см=240 см

ІV. Еске түсіру, қайталау
1) Математикалық диктант.
4·8=32
56 - 35= 21
72: 9=8
49: 7=7
5·7=35
150+70=220

2) Ой қозғау.
1. Суретжұмбақ.
Дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазу.
«Бағасы, саны, құны»
2. Ойын «Дүкен»
- Оқушылар бір зат сатып алу үшін қайда барасыздар?
- Дүкенде затты сатып алу үшін, не қажет?
- Неге көңіл аударасыз? (бағасына, санына, құнына)
Мысалы: 1 қаламның бағасы – 8 тг.
Саны - 3 қалам
Құны - 24 тг.
Мысалы: Бір бөлке нан – 50 теңге тұрады. Осындай 4 бөлке нан сатып алу үшін қанша ақша керек? (200 теңге)
Анықтама:
Баға – бір заттың бағасы (Бір заттың қанша тұратыны)
Сан – сол заттың саны. (Сатып алынған заттың саны)
Құны – барлық затқа төленген ақша.

№1. 500 теңгеге не сатып ала аласың?
Мұз кәмпит – 28 тг
Йогурт – 140 - тг
Шоколад – 15 тг
Кекс – 350 тг
Шырын – 140 тг
Конфет – 24 тг
Тәтті нан – 90 тг

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 123
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Санды 5 ке көбейту және бөлу
Санды 5 ке көбейту және бөлу
5 - ке көбейту және бөлу кестесін жүйелеу, жетілдіру, тереңдету және тиянақтау, бекіту. Балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, шығармашылық белсенділігін дамыту. Ауызша санау, көбейту, бөлу дағдыларын қалыптастыру.
Білімің, ұшар қанатың
Білімің, ұшар қанатың
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңа ауыл ауылы, Қ. Ақынов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нурсеитова Арайлым Кабаровна
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептер. Баға. Саны. Құны.
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептер. Баға. Саны. Құны.
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Саралжын ауылы, Қ.Сағырбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-балабақша бастауыш сынып мұғалімі Байболова П.М
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Ш. Тұржанов атындағы орталау мектебінің математика пәні мұғалімі Қабиева Тлекші Сабидоллақызы
Баға, сан, құн шамалары
Баға, сан, құн шамалары
№8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сарина Кенжегүл Жақыпбекқызы
Шамалар
Шамалар
«Сымбат»жеке мектебінің бастауыш мұғалімі Алдабергенова Үзілдік Жомартқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×