Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауа райы

16 сәуір 2020, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Дүниетану, 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауа райы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ауа райы туралы білімдерін кеңейту;
Ауаның температурасы мен жануарлар және өсімдіктердің тіршілігінің арасындағы байланысты анықтау;
Оқушыны сұраққа толық жауап беруге дағдыландыра отырып, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Көрнекілігі: термометр, жыл мезгілдерінің суреттері, түрлі түсті қарындаштар, қағаз парағы.
Tүpi: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сөздік жұмысын жүргізу: ауа райы, Термометр, температура, жауын - шашын.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
Оқушыларды түгендеймін.
П. Өткен сабақты қайталау.
Оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін сұрақтарға жауап ала отырып қорыту;
III. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме.
Балалардың ауа райы туралы жалпы түсініктерінің деңгейін анықтау. Жазғы, күзгі, қысқы, көктемгі ауа райының белгілерін атап беруін сұрау.
- Ауа райын білу адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Осы сұрақ төңірегіндегі балалардың жауаптарын тыңдау.
2. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді бөліктерге бөліп оқып беремін;
ә) Әр бөліктің мазмұны бойынша әңгіме жүргіземін;
б) Негізгі сөздерді бөліп аламын: ауа райы, термометр, жауын - шашын, жел, бұлтты, т. б.
Термометрмен таныстыру, бөлменің, даланың ауа райын термометрмен өлшеп, практикалық жұмыстар жасау. Ауа райының шартты белгілерімен таныстыру, оны бақылау күнделігінде қалай белгілеу керек екенін көрсету.
3. Жеке оқушымен жұмыс:
Әр оқушы жыл мезгілдерін атайды. Әр оқушы өздерінің жыл мезгіліне тән ауа райы туралы жоспар бойынша айтады:

а) Күн.
ә) Бұлтты.
б) Жауын - шашын.
в) Термометр.
г) Жел.
д) Жер.

Мысалы, күз мезгілі бойынша мынадай үлгіде әңгіме жүргізу керек: "Күз келді. Күн төмен түсе бастады, оның сәулесі жер бетін жаздағыдай жылытпайды. Күн салқындай бастайды. Ауаның орташа температурасы күндіз + 10◦С", түнде +7◦С. Аспанда қою қара ұлттар жиі пайда болады. Жаңбыр жиі жауады, кейде арты қарға айналады. Суық жел соғады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, аңдар қысқа дайындалады. Жапырақтар сарғайып, гүлдер, шөптер солады, жұрт соңғы өнімдерді жинайды".
Сергіту сәті:
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
- Жарайсыңдар, балалар, ендеше сабағымызды жалғастырайық.
4. Бақылау күнделігімен жұмыс:
Оқушылар сүреттер мен тапсырмаларды пайдалана отырып, жұмысты аяқтайды.
5. Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар қою:
а) Ашық және бұлтты күндердің айырмашылығы қандай?
ә) Жаз бен күзге қандай табиғат құбылыстарының белгілері ортақ.
б) Найзағай деген не?
в) Бұлттылық деген не?
IV. Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұны бойынша әңгімелеу.

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы,
Төлеңгүт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Кабдрахметова Забида Кусмановна
17 327
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауа дегеніміз не?
Ауа дегеніміз не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 2. 2. 1. Ауа райының адамға және оның іс - әрекетіне әсерін анықтау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Ауа райының түрлерін біледі, құбылыстарды атай алады. Көптеген
Күнделікті сабақ жоспары, Ауа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері
Күнделікті сабақ жоспары, Ауа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері
Ауа-райы туралы түсінік бере отырып, оның өзгеру себептерін ашып, болжау түрлеріне тоқталу. Жердің күнді айнала қозғалысы параграфы материалдарын пайдалана отырып жарық пен жылудың таралу заңдылықтарына тоқталу.
Ауа райы
Ауа райы
Метеорология - атмосфералық құбылыстар мен ауа райы картасын жасаумен айналысатын ғылым. Ауа райы картасында шартты белгілермен және цифрлармен ауа райының белгілі бір кезеңдегі жай - күйі көрсетіледі. Картаға ауа массалары, атмосфера қысымы
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Қашаған Құржыманұлы атындағы № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шегербаева Роза Лесқызы
Ауа райы. Климат
Ауа райы. Климат
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажмухамбетова Тамара Иксановна
Ауа райы. Климат
Ауа райы. Климат
Адам өміріне ең қажетті ауа дедік. Сондай – ақ ауа физикалық дене. Сондықтан ол құбылыста болып отырады .Сол себепті оны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зерттеп отыратын орталық бар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×