Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


7 саны мен цифры

08 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 7 саны және цифрмен таныстыру; олардың логикалық ойлау қабілетін дамыту; қосу мен азайтуды меңгерту; ұлттық дәстүрімізді дәріптеу.
Көрнекіліктер: Қожанасырдың суреті, қоржын, а сықтар, ұл - қыздың киімін киген қуыршақтар, 7 қазынаның көрнекілігі, оюлардың суреттері.
Сабақтың барысы:
1.«Қоржын той» ойыны.
Балалар, Қожанасыр аталарың сабағымызға қоржын әкеле жатыр екен. Біз соларды 2 топ болып қарсы алайық.
1 - топ: «Балдырған»
2 - топ: «Балауса»
«Орамал тастамақ» ойыны арқылы 2 топтың балалары жарысады. Шығарып болған бала өз тобының келесі мүшесіне орамалды табыс етеді. Қай топтың балалары бұрын шығарып болса, қалған оқушыларға орамалын желбіретіп көрсетеді де, қоржын әкелушілерді қарсы алады.
1+3=----------- 5 - 2=
3 - 3= ---------- 3+2=
4 - 2= ---------- 1+4=

«Асық» ойыны: Қоржынның ішінен 4 асықты бір - бірден алады да, ондағы тапсырмаларды орындайды.
1. Аптаның 7 күнін ата: Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күні, соңғы күн, азына.
2. 7 атаны ата: Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
3. 7қазынаны ата: Ер жігіт, сұлу әйел, білім - ақыл, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
4. 7 - ге дейін санамақты айт:
1 дегенім - білім,
2 дегенім - елім,
3 дегенім - үкі,
4 дегенім - тақия,
5 дегенім - бесік,
6 дегенім - асық,
7 дегенім - жейде.
Көйлек дейді кейде.
Заттар көрсетіліп, әрбір сөзге түсініктеме берілді. Қожанасырмен бірге тойға қуыршақтарда келіпті.
- Балалар, тапсырмаларды орындау барысында қандай санды көбірек естідік?
- 7 санын.
- Дұрыс, қуыршақтар 7 санын сендерге шашу ретінде әкеліпті -, деп олардың қолдарындағы 7 санымен таныстырдым.
- Өткен сабақта қай санмен таныстық?
- Алты санымен.
- Иә, сол 6 санына тағы 1 санды қоссақ, 7саны шығады екен. Суретте қандай қуыршақтарды, ойыншықтарды көрдіңдер?
- Атасы, әжесі, әкесі, анасы, қызы, пеш, қазақ үй.
- Барлығы неше?
- 7.
- Қандай оюдың түрлерін білесіңдер?
- Түйетабан, Қошқармүйіз, Айша бибі т. б.
- Дұрыс, енді 6 санының құрамын еске түсірейік.(Ауызша)
1+5=6 ------------- 2+4=6
3+3=6 ------------- 4+2=6
0+6=6
Оқулықпен, тақтамен, дәптермен жұмыс жүргіздім.
Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға тойбастар ретінде әртүрлі ойыншықтар мен әдемі суреттер беріліп, «Қуыршағым» әнін орындатып, сабақты аяқтадым.
Қорытындылау.
3 260
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ханталапай
Ханталапай
Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны - сақа аталады.
3 саны мен цифры
3 саны мен цифры
Балаларды 3 саны мен цифрымен таныстыру. Заттарды санауға машықтандыру, 3 цифрын тану және бейнелеуге үйрету.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Оқушыларды 7 саны мен цифрымен таныстыру, қосу, азайтуды меңгерту. Ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Математика Сабақтың тақырыбы. 5 саны мен цифры.
Ғажайып қоржын
Ғажайып қоржын
Ақмола білім басқармасы АОБҚБА және ҚДИ тыңдаушылар курсының біліктілігін көтеруге арналған физика пәні мұғалімдерінің облыстық семинары. физика - математика мұғалімі Наушек Г.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×