Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектептегі білім күні

28 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Мектептегі білім күні
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға білімнің адам үшін аса қасиетті екенін түсіндіру. Мектептегі бірінші күн, мектептегі алғашқы жиын, білім күні қалай өткенін еске түсіру.
Мәтінді өз бетімен талдау жасату арқылы оқушы біліктілігін арттыруға, ойлануға, жүйелі жұмыс жасауға үйренуге жағдай жасау.
Ауызбіршілікке, мұғалімге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Типі: Жаңа білімді меңгерту, кіріктірілген.
Әдісі: топтастыру, топтық жұмыс, оқу, талдау, ән айту.
Көрнекілігі: слайдтар. Сөздер, тапсырмалар. плакат гүлдер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Сыныпты 4 топқа бөлу. Қиылған неше түрлі түстер беріледі ол қағазда топтың атаулары жазылған. Қиылған түстерді жинастырып, сол топқа мүше болады.
Түстер сипаттамасы беріледі. Қызыл -
Көк -
Сары -
Жасыл -
Топтар атауы: ұстаз, шәкірт, мектеп, білім. 4 топқа қошемет көрсетіп 3 - рет қол шапалақтау.
Психологиялық дайындық.
Хан бол мейлің қара бол,
Дарын бол мейлің, дара бол!
Өтетін бәрі алдынан
Ұстаздар біздің сара - жол.
Ұстаз - ұлттың тірегі,
Ұстаз - мектеп жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен
Халықтың ұлы тілегі.

Ең алғаш білім жүйесінің қалыптасуына үлес қосқан, қазақ даласына алғаш мектеп ашқан кім?
Ы. Алтынсарин
Дұрыс айтасыңдар, балалар мектеп деген не? Мектеп сөзінің баламаларын жазайық. Әр топқа тапсырма, сол бойынша 1 баладан оқып шығады. Әр баланың жауабын тыңдау 3 - рет қол шапалақтау.

Дұрыс, айтасыңдар балалар, мектеп деген жоғары білімге бастайтын баспалдақ.
Поэзия минуты
І топ - ұстаз
ІІ топ - шәкірт
ІІ топ - білім
ІҮ топ - мектеп туралы өлең жолдарын жатқа айту.

Осы Шалқар ауданында қанша, қандай мектеп бар білесіңдер ме?
Балалардың жауаптары тыңдалады. Мектептердің суретімен көрсету.

Сен білесің бе?
Шалқар ауданындағы мектеп тарихы әріден басталған. 1896 жылы 10 қазанда «Ақша» деген жерде ашылған. Шеңгел ауылдық мектебін ауданымыздың бірінші - оқу орны деп атап жүрміз. Кейін С. Көбеев ашқан Кішіқұм мектебі 1901 ж. 1907 ж ашылған орыс, 1918 ж ашылған қазақ мектептері.
Ауданымызда 38 мектеп, оның ішінде 23 - орта мектеп, 7 - негізгі мектеп, 8 - бастауыш мектеп, кәсіптік лицей, саз мектебі, оқушылар сарайы бар.
Ауданымызда оқушылардың саны - 9 мыңдай 1450 ұстаздар сабақ береді.
Ал өзіміз еңбек етіп, сіздер білім алып отырған қара шаңырақ иесі І. Үргенішбаев атындағы мектеп 1958 ж бастауыш мектеп негізінде кейіннен қазақ темір жолы Шалқар станциясында 7 жылдық мектеп, 1962 ж № 496 мектеп, 1977 ж бастап Кеңес одағының Батыры І. Үргенішбаев атындағы №40 мектеп, қазіргі таңда Үүргенішбаев атындағы орта мектеп болып аталып жүр. Қазіргі таңда - оқушы дәріс алып, - мұғалім жұмыс жасап жүр.

Жаңа сабақ
Мектептегі білім күні
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді 4 топтап 4 оқушы бөлімге бөліп оқиды, мазмұның түсіндіреді.
Тапсырма
Ал, сендердің мектептегі білім күні қандай жағынан есте қалды екен соны айтып бере қойыңдар.
Ұстаз, мектеп, білім күні туралы жаңалықтарда не дейді екен соған назар аударайық.
Бейнефильм
Шығармашылық тапсырма

І топ. Алғашқы мұғалім - өлең шығару.
ІІ - топ. «Ұстаз» деген сөзге сөзжұмбақ құрастыру
ІІ - топ «. Мен мектеп басшысы болсам» эссе жазу
ІҮ топ. «Мектептер» деген сөзден сөз құрастыр

Бейнефильм
Мектептегі алғашқы қоңырау салтанатты жиыны

Қорытындылау
Ойлан, тап!
Бұл кімнің өлеңі:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға. ( Ы. Алтынсарин.)

Бұл кім?
Жазу мене сызуды
Балаларға үйретер.
Табиғатты, қарттарды
Құрметтеуді үлгі етер. ( Мұғалім)

Тренинг. Менің ойым.
Ендеше балалар, бүгіні сабақтан алған әсерлеріңді, мұғалімге арнаған тілектеріңді мына гүлге жазып, тақтадағы гүлдің сабағына жабыстырамыз.
Балалардың жазған тілектерін оқу.
Ал, ендеше балалар мұғалімнің көбісі әйел адамдар, сондықтанда алда келе жатқан 8 - наурыз мерекесімен осы отырған әйел ұстаздар қауымын құттықтап мына сендердің қолдарыңнан шыққан гүлді асы ұстаз аналарға табыс етейік. мерекелерің құтты болсын.
Үйге тасырма
«Мектептегі Білім күні» мәтінін оқып, мазмұнын айту.
Бағалау.
3 504
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ОЖСБ-ға ата-ана көзімен
ОЖСБ-ға ата-ана көзімен
Ата - аналарға ОЖСБ туралы түсінік беріп, маңыздылығын баяндау, олардың ойларын білу. Пән мұғалімдерімен және дайындық күндерімен таныстырып өту. Және былтырғы оқу жылындағы ОЖСБ нәтижелерімен хабардар ету.
Жатыс септігі. Мектептегі бір күнім
Жатыс септігі. Мектептегі бір күнім
Мектеп туралы толық түсінік беру. Тілдесу әрекетіне бағыт жасау. Жатыс септігін қайталау. Жеке тұлғаның ой - қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасау іс - әрекетін дамыта отырып, жинақтау, қорытынды жасай білуге үйрету.
Бояулар сыры
Бояулар сыры
Бояулардың сан түрлерімен, негізгі және қосымша түстерімен таныстыру. Түстермен жұмыс жасуды үйрету.
Батик өнері
Батик өнері
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, №4 орта мектебі Имандосова Женисгуль Мырзабаевна
Түстер және көңіл - күй
Түстер және көңіл - күй
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектептің бейнелеу пәнінің мұғалімі Дүйсенғалиева Гүлзада
Мектептегі инклюзивтік оқыту
Мектептегі инклюзивтік оқыту
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің әлеуметтік педагогы Мусина Балдырған Әлиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×