Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 саны мен цифры. Төртбұрыш. Шаршы.

26 қазан 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Исатай аудны, Х. Наубетов атындағы
орта мектептің жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі
Нұрмашева Шарбану Насырқызы

Сабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры. Төртбұрыш. Шаршы.
Сабақтың мақсаты:
1) 4 санымен және 4 цифрының жазылуымен, 4 санының құрамымен таныстыру; төртбұрыш, шаршы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2) Оқушылардың ой - өрісін ойлау қабілеттерін математикалық тілін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
3) Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және дұрыс есептеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім енгізу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
Көрнекілігі: сандар, суреттер, кестелер, интерактивті тақта, жылдың төрт мезгілінің суреті т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын аудару.
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау
- Балалар, Жан - жаққа кетті зымырап,
Мысықтан қорыққан тышқандар.
Қорапқа кірді біреуі,
Соңынан кетті екеуі.
Тығылды сонда нешеуі? (1+2=3)

Ұлпа жүнін қыздырып,
Күн шуақта бір күшік.
Отыр еді маңына
Келді тағы екі күшік
Нешеу болды сен сана?
- Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- 3 Саны мен цифры.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Енді, балалар, көңілімізді тақтаға аударайық. Жұмбақ жасыру.
- Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансақ,
Тура тауып атасақ,
Тұрғаны бар, отырған,
Барлығы қанша балапан?
- Дұрыс балалар, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 4 саны және цифры. (Мұғалім тақтаға 4 саны цифрының жазба түрін көрсетеді)

1. Төрт жыл мезгілі 4 санымен белгіленеді.
2. Үштен кейін төрт болар,
Бір жылда төрт мезгіл бар.
Қыс мезгілі – күн суық,
Ақ қар жатыр жер жауып.
Көктемде болар жер жаңа,
Егейік егін далаға.
Жазғытұрым күн ұзақ,
Аптап тұрар күн шуақ.
Алтын күз бізге берер нұр,
Жеміс - жидек пісіп тұр.

ІV. Оқулықпен жұмыс
№1. Тапсырма бойынша санның сан сәулесіндегі орнын және 3 - ке 1 - ді немесе 2 - ге 2 - ні қосу жолымен 4 санын шығарып алуды түсіндіру.
- Бірінші суретте бір түспен неше торкөз боялған? Нешеуін басқа түспен бояды? Мұны қалай жазуға болады? Неше болды? Демек 4 - бұл
Мысалдар төрттігін құру жолын түсіндіру. Мұндай жұмыс оларды қосу мен азайту арасындағы байланысты түсінуге әкеледі.

Санамақ жаттау:
Қаздың да екеу аяғы,
Құрдың да екеу аяғы.
Екеуінің аяғы,
Төртеу болады баяғы.

№2. Дәптерде оқушылардың өздері орындауға берілген. Бұл тапсырманы орындамас бұрын 4 санының құрамы қайталанады.
№3. Ауызша орындау кезінде 4 - ке дейін тура және кері санауға жаттығады.
Төртбұрыштың мәнді белгілерін түсіндіру. Жинақ полотносына геометриялық фигуралардың үлгілері бекітілген. Мысалы, әртүрлі үшбұрыш және 1 төртбұрыш. Артық фигураны табыңдар. Бұл фигураны қалай атауға болады? Бұл фигура неге төртбұрыш деп аталады? Төртбұрыштың бұрыштары нешеу? Неше қабырғасы бар?
№4. Төртбұрыштың әр түрімен танысады. Геометриялық фигураларды көрсету.
№5. Бекіту жұмысы.
№6. Оқушылар берілген фигураны құрастыратын қиындыларды дайындап қоюлары керек.

V. Сергіту сәті.
Шаршасаңдар балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.

VІ. Дәптермен жұмыс.
№1. Оқушылар 4 цифрын торкөзде жазу жолымен танысқаннан кейін ауада жазып шығады. 4 - тің жазылу үлгісін толтырады.
№2. - Жазуға қараңдар. Математикада мұндай жазуларды қалай атайды?
- Өрнек. Өрнектің мәні 4 - ке тең болатындай бос орынға сан таңдаймыз. Көрнекі түрде түсіндіру.
4 қарындаш алыңдар. 4 шығу үшін 1 қарындашқа қандай сан қостық?
№3. Төменде қандай сан көрсетілсе, сонша шаршының суретін салады.
№4. Оқушылар нүктелерді дұрыс қосуды үйренеді және төртбұрыш туралы білімдерін нақтылайды.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
- Аптаның төртінші күні қай күн?
- Жылдың төртінші айын ата.
- 4 санын қажет ететін мысалды келтіре аласың ба?

VІІІ. Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау.
12 127
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Балаларға 4 санының жазылу жолдарын, құрамымен таныстыру. 0 - ден 4 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
7 саны және цифры
7 саны және цифры
7 саны және 7 цифры, 7 - нің сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру.
Сол жақта, ортада, оң жақта. Шеңбер шаршы туралы өткенді пысықтау.
Сол жақта, ортада, оң жақта. Шеңбер шаршы туралы өткенді пысықтау.
1 цифрын 1 санының таңбасы ретінде таныстыру; үлгіні пайдалана отырып, 1 санын жазып үйрету; 1 цифры өзге сандар арасынан табу.
9 саны және цифры
9 саны және цифры
Ақтау қаласы №21 орта мектеп. бастауыш сынып мұғалімі Жұмасатова Ғайни
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
5 саны және цифры. Бесбұрыш
5 саны және цифры. Бесбұрыш
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Рахманова Қасиет Байдашқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×