Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күш білімде

07 желтоқсан 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Күш білімде
Мақсаты: Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге үйрету;
Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Кіріспе сөз.
- Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет»деп Ш. Уалиханов, ал Қ. Сәтбаев «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі деп айтып кеткеніндей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Сол білімді жастарды болашақта сендер құрайтын боласыңдар. Осы мақсатпен бүгін 4 - сыныптар апталығының он күндігіне орай 4 сынып оқушылары арасында «Күш білімде» атты интеллектуалдық сайыс өткізгелі отырмыз. Ойыншылар екі топқа бөлінген. І - топ оқушылары «АЛҒЫРЛАР»тобы, ІІ - топ оқушылары
«ТАПҚЫРЛАР» тобы деп аталады.
Әр топ 6 сайыскерден құралған. «Алғырлар»тобының топ басшысы Теңелгенова Зарина, «Тапқырлар тобының топ басшысы Смағұлов Мирас. Ендігі кезекті топ басшыларына берейік.
(Әр топ басшы өз тобындағы топ мүшелерімен таныстырады)

І топ: Бастары компьютердей
Бойлары бәрі бірдей
Балалықты бірге өткізген
«Тапқырларға»бір сәлем.

ІІ топ: Келешекке үмітпен қарар
Атақ - даңққа бөленер
Сегіз қырлы ойшылдар
«Алғырларға»бір сәлем
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазы алқасымен таныс боламыз
------------------------------
-----------------------------
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1 - кезең «БӘЙГЕ»
2 - кезең «ТІЛ ӨНЕРІ»
3 - кезең «ЖЕТІ ЖҰМБАҚ»
4 - кезең «ҰШҚЫР ОЙ»
5 - кезең «СЫН САҒАТЫ»

Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын. Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңды дәлелдейтін «Бәйге» сайысын бастаймыз.
Бұл бөлімде қатысушылар қойылған 10 сұраққа тез және нақты жауап берулері керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

«Алғырлар» тобына сұрақтар:
1. Адам тіршілігіне қажет жылуды қайдан алады?
2. Қара - көк сын есімнің қай түрі?
3. Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енін көбейту арқылы нені табамыз?
4. 10 - ның кубы нешеге тең?
5. Дені сау адамның тамырының соғуы қанша?
6. Жалғауы жоқ септік?
7. Әлсін - әлсін қандай қос сөз?
8. 3845 санында неше бірлік мың бар?
9. «Мәлімдеме» сөзінде неше буын бар?
10. – да,- де,- та,- те қай септік жалғаулары?

«Тапқырлар» тобына сұрақтар:
1. Ауа қоспасында ең көп таралған газ?
2. 109699 санынан кейінгі санды тап
3. «Жетім» әңгімесінің авторы кім?
4. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша?
5. «Әдемі» сөзінің мағынасы?
6. Абайдың анасы
7. Әке - шеше сөзі қандай қос сөз?
8. – нан,- нен,- дан,- ден,- тан,- тен қай септік жалғаулары?
9. «Жұмысшылар» сөзінде неше буын бар?
10. 4 - тің кубы нешеге тең?

ІІ - кезең «ТІЛ ӨНЕРІ»
- Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер орыс тілін де меңгеріп жүрсіңдер. Орыс тілі ұлтаралық тіл, үйренгеннің артығы жоқ. қазір әр топқа 4 жұмбақтан оқимын, сендер сол жұмбақтың шешуін тауып, оны орыс тіліне аударуларың керек. Топтағы мүшелер бір - біріңе көмектесіп отырасыңдар. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.

«Алғырлар» тобына жұмбақ жасыру
1. Білімнен мол сый асы,
Балғындардың ұясы. ( мектеп - школа)
2. Ұшып - қонып тынбайды, Суға салсаң батпайды,
Жерге соқсаң сынбайды Түскен жерге жатпайды. (доп - мяч)
3. Алыстан қарасаң аппақ
Татып көрсең тәтті - ақ (қант - сахар)
4. Аузы бейне шалғы - орақ,
Шөп емес бірақ мал орады. (қасқыр - волк)

«Тапқырлар» тобына жұмбақ жасыру
1. Өзі таудың бөктерінде өседі
Жаңа жылда үй төріне көшеді. (шырша - елка)
2. Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын - мыло)
3. Онсыз астың дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні жоқ. (тұз - соль)
4. Мұртымен туады,
Мұртын күнде жуады. (мысық - кошка)

ІІІ - кезең «ЖЕТІ ЖҰМБАҚ»
- Бұл жерде әр пән бойынша 7 сұрақ берілген. Сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер 3 ұпайдан аласыңдар.

«Алғырлар» тобына сұрақтар
1 - сұрақ: Батырлар жыры дегеніміз не?
2 - сұрақ: Бірыңғай мүше дегеніміз не?
3 - сұрақ: Бірдей 4 жәшікте 80 кг жүзім бар. 100 кг жүзімді салу үшін осындай неше жәшік керек?
4 - сұрақ: Пайдалы қазба дегеніміз не? (мысал келтір)
5 - сұрақ: Табиғи материалдарға нелер жатады?
6 - сұрақ: Что такое имя числительное?
7 - сұрақ: Жеңіл атлетика дегенді қалай түсінесіңдер?

«Тапқырлар» тобына сұрақтар
1 - сұрақ: Эпостық жырлар дегеніміз не?
2 - сұрақ: Қарындаш сөзін жекеше және көпше түрде тәуелде.
3 - сұрақ: Тік төртбұрыштың ұзындығы 10 м, ал ені одан 2 м кем. Тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең?
4 - сұрақ: Тау жыныстары дегеніміз не? (мысал келтір)
5 - сұрақ: Икебана дегенімізне?
6 - сұрақ: Что такое местоимение?
7 - сұрақ: Ұлттық ойын түрлеріне қай ойындар жатады?

YI - кезең «ҰШҚЫР ОЙ»
- Бұл жерде *сайыскерлер* сөзі берілген. Осы сөзден 1 минут ішінде бірнеше сөз жасап жазуларың керек. Көп сөз жазған топқа 4 ұпай беріледі.
(жазған сөздерін оқыту және санау)

Ү - кезең «СЫН САҒАТЫ»
- Бұл кезеңде топ басшылары сынға түседі. Әр топ басшыға 10 сұрақтан қойылады. Сұрақтарға тез жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
«Алғырлар» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар:
1. 3 - тің кубы
2. Қораптың ұзындығы 9см, ені 5см, биіктігі 2 см. Көлемін тап.
3. Квадраттың периметрі 20см, бір қабырғасы неше сантиметр?
4. Оқушының сөзінің түбірін тап.
5. 1 тоннада неше кг бар?
6. Заттың санын білдіретін сөз табы
7. Барыс септігінің жалғауларын ата.
8. Абылайдың шын есімі.
9. Ұя салмайтын құс.
10. 12 ай?

«Тапқырлар» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар
1. Әнұранның авторлары кімдер?
2. Күндіз көрмейтін құс.
3. Жер бетінде неше материк бар?
4. Білімді сөзінің түбірін тап.
5. 81 санының квадраты.
6. Заттың қимылын білдіретін сөз табы.
7. Ілік септігінің жалғауларын ата.
8. Адам денесінің тірегі не?
9. Текшенің бір қабырғасы 3 см. Көлемін тап.
10. Қабанбай батырдың шын есімі.

- Осымен 5 кезеңнен тұратын сайысымыз да өз мәресіне жетті. Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуға деген құштарлығын оятатын сайыстарымыз көбейе берсін.
Әділ қазыларға сөз беріледі. Жеңіске жеткен топ марапатталады.
7 033
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! Қаныш Сәтбаев « Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі»
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну,
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы, Жансүгіров атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жауынбаева Назира Токтасыновна
Күш білімде
Күш білімде
Есік қаласы, Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жазира Молдагулова
Білім тарландары
Білім тарландары
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, «Хафиза Мұстафина» атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі Хасенова Ләзат Каукенқызы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалім Айназарова Гүлзира Данағұлқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×