Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім тарландары

13 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: «Білім тарландары» атты интеллектуалдық ойын.
(10 сынып оқушыларына арналған)
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін одан әрі тереңдету, шапшаң ойлауға, әр іске логикасы мықты болуға бейімдеу.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Олай болса, 10 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Білім тарландары» атты интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз.
Ғылымдардың патшасы атанғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға «Білім тарландары» ойынына қатысушыларды таңдап алайық.
2 - топқа 5 - 5 оқушыдан сұрақтарға жауап берген оқушылар шығады.

1. ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
2. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит (Тынық мұхит)
3. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе? (Жер)
4. Сөз және оның мағынасын зерттейтін сала (Лексика)
5. Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғы (принтер)
6. Тарих атасы кім? (Геродот)
7. Мұстафина мектебінің директорының толық аты - жөні (Жанат Тұқанұлы)
8. Бүгін аптаның қай күні (жұма)
9. Мемлекет аралық білім тексеруге қай сыныптар қатысады (4, 9)
10. 1 сағатта неше минут бар? (60 минут)

Ұпай есептеу үшін әділқазы мүшелерін сайлау.
Сайыс 8 бөлімнен тұрады.
І бөлім – «Бәйге»
ІІ бөлім Ойымды жалғастыр
ІІІ бөлім – «Тіл - өнер»
ІV бөлім – «Дода»
Ү бөлім – «Тапқырлық»
ҮI бөлім – «Жорға»
VII бөлім Нысана көздеу
VIII бөлім Сөз жұмбақ сайысы

Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І бөлімін бастаймыз.
І бөлім «Бәйге». Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасын бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Сұрақтар:
1. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу)
2. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? («Әл – жебр деген араб сөзі»)
3. Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар?(12 қыры, 6 жағы)
4. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.(медиана)
5. Шеңбердің ең үлкен хордасы (диаметр)
6. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
7. 2 ғасырда неше жыл бар? (200)
8. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. (бұрыш)
9. Кез – келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады. (түзу)
10. Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ. (параллель)
11. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
12. Кез - келген барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан? (1)
13. Тік бұрыш неше градусқа тең? (90 градус)
14. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (1)
15. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?(құрамында әрпі бар өрнекті әріпті өрнек деп атайды)
16. Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)
17. Геометриялық жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі. (планиметрия)
18. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180 градус)

ІІ бөлім «Ойымды жалғастыр» сайысы
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
10. 5 бармақ жиналса, жұдырық болады
11. Ат баспаймын деген жерін 3 басады
12. 5 саусақ бірдей емес
13. 1 тал кессең, 10 тал ек
14. 1000 – ның қамын бір ойлар,
Біреудің қамын 1000 ойлар
15. 7 рет өлшеп, бір рет кес

ІІІ бөлім «Тіл - өнер».
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе, «Тіл - өнер» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.

1) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)
2) Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? ( он екі, двенадцать, twelve)
3) Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.(қалам, ручка, pen)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 028
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! Қаныш Сәтбаев « Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі»
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну,
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы, Жансүгіров атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жауынбаева Назира Токтасыновна
Күш білімде
Күш білімде
Есік қаласы, Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жазира Молдагулова
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Математика пәні мұғалімі Избасарова Сандеш Тулегеновна
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалім Айназарова Гүлзира Данағұлқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×