Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәбит Мұқанов Көкшенің көрінісі

30 сәуір 2019, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов Көкшенің көрінісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сәбит Мұқанов жайлы мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін тануына көмектесу, талдай білуге үйрету.

Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау, өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу.
Тәрбиелік: Болашақта өзіндік көзқарасы толық қалыптасқан, дүниетанымы кең, білім, білік дағдысы жоғары, шығармашылық бағытта өз бетімен жұмыс жасай алатын, біліктілігі, танымы, мәдениеті, төзімділігі жоғары, табиғаттың жанашыры болатын жас жеткіншекті тәрбиелеу.
Міндеті: оқушылар мәтінді талдайды, тапсырмалар арқылы өздігінен ой
қосады.
Өзекті мәселе: оқушылардың мәдениетті тілмен нақты, дәлелді сөйлеуін қалыптастыру.
Типі: жаңа сабақ.
Түрі: іздендіру.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, ақындардың суреттері, кітап
көрмесі, бейнетаспа, үнтаспа, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Слайд 1.
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені біздің сабағымызға көп қонақтар келіп отыр. Ендеше өзіміздің білімімізді жақсы жақтарынан көрсете білейік.
2. Кезекшінің жауабын тыңдау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Слайд 2. Әуелбек Қоңыратбаев. Киіктің айласы
1. Мәтінді бөліктер арқылы мазмұндау
— Аң мен жануарлардың өз жауларынан қорғанатын қаруы.
— Киіктердің суатқа келуі.
— Қасқырлардың шабуылы.
— Текенің айласы.
— Дала еркесі – Ақбөкен.
Слайд 3.

2. Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың шығармашылық жұмысы
«Қасқырлар» — Сыздыкова Мадина
«Киіктер» — Кеңесова Әсел
Слайд 2.

3. Үй жұмысына қорытынды жасау.
Кластер құру
Қасқыр – жыртқыш;
азу тісті;
ет жейді.
Киік – жүйрік табиғат көркі;
шөп жейді;
момын.
Ақбөкендердің сан жағынан басымы – Бетпақдала — Арыс тобы.
Бұл ақбөкендердің мекені – Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының елсіз жазықтары. Киіктер мамонт дәуірінен бергі келе жатқан ежелгі жануарлар. Бұл әсем жануарлар қазіргі уақытта жойылып кету қаупінде тұр Себебі, браконерлер өз пайдасы үшін, яғни мүйізінен дәрі жасау мақсатында оларды аяусыз қыруда. Сондықтан даланың ерке жануары - киік құрып кетпеуі үшін, қазіргі таңда біраз жұмыстар іске асырылуда.
Табиғаттың қатал заңы: Күштілер әлсіздерді жеңеді;
Бұл да табиғаттың заңы: Күш біріктірмесе әлсіздер дүниеден құрып кетер еді.

4. Оқушылардың бірлік тақырыбына дайындап келген мақалдарына талдау жасау:
Күш - бірлікте.
Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді.
Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер.
Ұйымдасқан ұтады.
Байлық байлық емес, бірлік - байлық.
Сергіту сәті
Аспанға қарап ай көрдік,
Төмен қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік!

ІІІ. Жаңа сабақ
Слайд 3.
1. - Оқушылар, сендер қандай ақын - жазушыларды білесіңдер?
- Олардың қандай шығармаларын білесіңдер?
- Бүгін сендер аса көрнекті жазушы - Сәбит Мұқановпен танысасыңдар және оның «Көкшенің көрінісі» тақырыбындағы мәтінін оқып танысамыз.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Слайд 4.

2. Дәптермен жұмыс Бүгінгі күнді жазу. Сабақтың тақырыбын жазу.

3. С. Мұқановтың суретімен таныстыру
Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900 - 1973) — қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.
Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған.
Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен, мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Жасынан ел аузындағы жыр - толғауларды, қисса - дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген. 14 - 15 жасынан өлең - жырды ауызша да, жазып та шығара бастайды. Тек он сегізге толғанда, Омск қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады.
Ол 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, 20 - ға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, 10 - нан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер, тағы басқа сан - салалы кітаптар жазды.

1. Қазақстан пошталық маркасы, 2000 жыл
2. Алматы қаласында Сәбит Мұқановқа арналған ескерткіш
3. 100 жылдығына орай шығарылған күміс теңге, 2000 жыл
Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиетінің алтын қорына қосқан талантты шығармаларының бірі. «Сұлушаш» поэмасы, «Ботагөз» поэмасы.
5. С. Мұқановқа арналған көрмемен таныстыру.
Слайд 5. Көкшетау
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Көкшетау туралы түсінік беру
Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік - шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды - көлді тау. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м).
Демалыс орындары
«Көкшетау ұлттық табиғи саябағы», “Бурабай” курорты, “Оқжетпес”, “Щучинск” санаторийлері, “Жеке Батыр”, “Голубой Залив”, т. б. демалыс үйлері, оқушылар лагерлері орналасқан.
Ұлттық саябақтың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі алуан түрлі. Жануарларды аулауға тыйым салынған. Мұнда биотехникалық жұмыстар жүргізіледі: жабайы аңдарға арнап пішен, ағаш жапырақтары мен бұтақтары дайындалады, тұз себілген алаңдар жасалады. Саябақ жерінде туризм жақсы дамыған. Туристер шет елдерден де келіп осы жерлерде дем алады.
Оқулықпен жұмыс
2. Көкшенің көрінісі – үнтаспадан тыңдау.
Слайд 6. — Сөздік жұмысы:
Гауһар — асыл тас
Селеу – шөптің аты
Көкорай шалғын – жайқалып өскен қалың шөп
Құз – биік жартас
Сағым – алыстағы көрініс, елес
Сәбит Мұқанов Көкшенің көрінісі жүктеу
1 604
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» мәтінін түсініп оқуға үйрету. Мазмұнын негізгі идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Табиғатты қорғауға түсінік жасау.
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Дауыл» өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа деректер ашуға жағдай туғызу, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, автор шеберлігін тануына көмектесу, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету. Ақын жайлы жаңа деректер алады, өлеңнің тақырыбы
Көкшенің кедусінде
Көкшенің кедусінде
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурахметова Қарлығаш Кадырхановна
Сәбит Мұқанов «Көкшенің көрінісі»
Сәбит Мұқанов «Көкшенің көрінісі»
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Искакова Айнур Ермұханқызы
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×