Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шаңырақ отбасылық сайыс

30 қазан 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
«Шаңырақ» отбасылар сайысы
Мақсаты: Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, халық педагогикасын оқу - тәрбие барысында қолдану, ұлттық тәрбиені дамыту, балаларды татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайыстың жүру барысы:
Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата - аналар, жарысқа қатысушылар мен балабақша ұжымы! Бүгінгі «Шаңырақ»отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан да балаларды кішкентайынан ата - аналарымен біріге отырып, мейірімді, білімпаз етіп тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Ата - ананың үміт - арманы баласымен бірге жасайды. Олардың бар тілеуі балаға бағытталған. Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған ата - аналарымызды ортаға шақырайық. Олар: «Ақ босаға» тобы –
«Асыл мұра» тобы –
Жүргізуші: Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
1. «Сөз анасы - сәлем»
2. Тапсырмалар мен сұрақтар
3. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»
4. Жағдаяттар
5. «Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі»

Жиналыппыз бейсенбіде бәріміз де,
Үлкен - кіші, жасымыз, кәрімізде
Төрлетіңдер қадірменді қонақтарым
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге
Әр отбасына рет нөмірі беріледі (қоржыннан асық алу арқылы). Содан кейін сайыстың басталуына ақ әже келіп шашу шашып, бата береді. Сайысқа сәттілік тілейді:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Асу - асу, асуда
Бақыт берсін басыңа
Дендеріңе саулық тілеймін
Отбасыларың аман болсын
Шаңырақтарың биік болсын
Керегелерің кең болсын
Бүгінгі мынау сайыстарың
Осы ұрпаққа өнеге болсын! Аумин!
Жүргізуші:
Кері кету есігін біз ашпайық
Шаңыраққа біз ұранды тастайық
Ең бірінші кезегіміз танысу
Ал, қанеки «Шаңырақ» сынын бастайық

І кезең: «Сөз анасы - сәлем» деп аталады. Әр отбасы өздерін таныстырады (топтың аты, ұраны).
«Ақ босаға» тобы: «Ақ босаға» тобымыз
Ашық әркез жолымыз
Жарысудан қашпаймыз
Мүдірмейміз, саспаймыз
«Асыл мұра» тобы: Топтың аты - «Асыл мұра»
Келдік міне жарысуға
Арамызда ептілер бар
Сөз береміз қалыспауға.

ІІ кезең: Тапсырмалар мен сұрақтар. Ұлттық киім киген қыз бала қоржын алып шығады. Әр отбасының балалары қоржындағы нөмірленген асықтарды алады, асықтарды алу арқылы тапсырмалар беріледі.
№ 1. «Шілдехана» салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз.
№ 2. «Қырқынан шығару» салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз
№ 3. «Бесікке салу» көрініс
№ 4. «Иткөйлек» салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз

Жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан - салалы
Жиын десе, той десе жан салады
Келесі кезеңіміздің құрметіне
Әуелеген әсем ән жолданады.
Музыкалық үзіліс: Терме.
Жүргізуші: Жарайсыңдар барлығыңда дер едім
Асып бір төгілсінші кемелің
Ырза болып қане, біздер көрейік
Тамашалап шаңырақтың өнерін

ІІІ кезең: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»
Ата - аналар қол өнерден жарысады.

IV кезең: Жағдаяттар.
№ 1. Үйге келгенде балаңыздың қалтасынан бөтен ойыншық шықты, сіз не істер едіңіз?
№ 2. Таңертең балаңыз сабаққа бармаймын деп жылап отырып алды, сіз жұмысқа асығып тұрсыз, не істер едіңіз?
№ 3. Балаңыз сүрініп бетін жарақаттап алды, бірақ сізге сыныптас бала ұрды деп келсе, бұл жағдайда не істер едіңіз?
№ 4. Қонақ келгенде балаңыз сізді тыңдамады, жүгірді, секірді, келген адамдардың мазасын алды, сіз не істер едіңіз?
Музыкалық үзіліс:

V кезең: «Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі».
№ 1. а ) «Үйде ысқырма!», «Үйдегі жан басын санама!» деген тыйым сөздердің мағынасын ашыңыз.
ә ) Ана тілінің мәртебесін қалай көтереміз? Сіздің көзқарасыңыз?
№ 2. а) «Нанды бір қолыңмен үзбе!», «Нан уағын тастама!» тыйым сөздерінің мағынасы қандай?
ә) Отбасында өз ұлтыңызды құрметтейтін қандай игі дәстүрді жалғастырып келесіз?
Сайыс соңында қазылар алқасының қорытындысы тыңдалып, қазылар алқасының шешімімен «Ең тәрбиелі» және «Ең әдепті» отбасылар номинациясы бойынша марапатталды.
14 391
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ата көрген оқ жонар
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Толағай (отбасылық сайыс)
Толағай (отбасылық сайыс)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Каракулова Жанар
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының дене шынықтыру жетекшісі Ермекбаева Аманкүл Ерсайынқызы
Үлгілі отбасы тәуелсіз - елдің тірегі
Үлгілі отбасы тәуелсіз - елдің тірегі
Тақырыбы: «Үлгілі отбасы тәуелсіз - елдің тірегі» Мақсаты: Ата - ана, бала және шағын орталық арасындағы ынтымақтастық қарым - қатынасын нығайту.
Ынтымақты отбасы
Ынтымақты отбасы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Салтанат
Бала бақыт бала қуаныш
Бала бақыт бала қуаныш
Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Балабақшамен ынтымақпен бірлікке, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×