Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен сабақ топтамасы

14 желтоқсан 2014, Жексенбі
Топтамадағы сабақтар тақырыбы:
1. Зат есімнің септелуі
2. Салыстырмалы шырай
3. Күшейтпелі шырай
4. Сын есімнің емлесі


Қазақ тілі 7 сынып
Тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Сілтемелер, үйлестірме материалы: Қазақ тілі оқулығы, танымдылық тапсырмалар
Жалпы мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы білімдері мен ерекшелігі туралы түсініктерін арттыру
Күтілетін нәтиже: Зат есім мен септік жалғаулары, зат есімнің септелуі туралы теориялық ақпартпен танысатын болады.

Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушыларды зат есімнің көптелуі, тәуелденуі, септелуі бойынша стикерге жазылған топ атаулары бойынша бөлемін және сабақтың мақсатымен таныстырамын. Бағалау парақшасын таратып беремін.
Көркем әдебиеттен құрамында тәуелдік жалғауы бар 5 сөйлем жазу.
Ақ қағазға жазылған әріптерді құрастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын құрастыру керектігін айтамын.
Мен септік жалғаулары туралы ертегі айтамын.
«Ерте - ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» - деп егіледі.
Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып, кімді ғана қарғайын?» - дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі? - деп жылайды. Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
Аталған ертегі негізінде септік жалғаулары мен сұрақтарын рет - ретімен орналастыру керектігін айтамын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 897
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Табыс септік
Табыс септік
Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі.
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуін түсіндіру, зат есімнің жай түрі мен тәуелдеулі түрінің септелуін салыстыру арқылы өзгешеліктерін байқату.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгереді, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйренеді.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Нүргүл Қайыржанқызы
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×