Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өкініш. М. Қуанышбеков

22 қараша 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Астана қаласы,
№35 мектеп - лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Коканова Гүлнар Сабешовна

Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Өкініш. М. Қуанышбеков
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Әңгімені өз беттерінше оқып, мазмұны мен идеясын аша білуге, өмірмен байланыстыра талдау арқылы идеясын түсінуге мүмкіндік жасау;
Дамытушылық: Көркем әдеби сөйлеу тілдерін дамыта түсу
Тәрбиелік мәні: Топтық жұмыстар арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, бір – бірімен тіл табыса білуге, бірін – бірі сыйлауға, ойын жүйелі, жатық жеткізе білуге үйрету.
Пән аралық байланыс: өзін - өзі тану, қазақ тілі
Қолданылатын технология: СТО элементтері, СКТО технологиясы
Көрнекілігі: М. Қуанышбеков портреті, суреттер, тақта, маркер, плакат, бор.
Сабақтың түрі: Әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың әдіс тәсілдері: талдау, пікір талас;

Жоспары:
Ұйымдастыру
Үй жұмысын тексеру.
Қызығушылығын ояту.
Мағынаны тану.
Қортындылау.
Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:
1. Сабаққа дайындық.
Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды достарымызға, қонақтарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. (балдай тәтті өмір, шат күлкі, адал достық)

2. Үй жұмысын тексеру.
«Тарқаған өкпе» мәтінінің мазмұнын кезекпен әңгімелейді. Мәтінге сатылай кешенді талдау жасайды. Достар арасында болатын түсінбеушілік туралы әңгімелейді.
Авторы Т. Әбдірайым.
Мәтін өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемдерден құралады. (Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп өтеді).
Мәтінге ат қою. «Тарқаған өкпе» т. б. Ондағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау деген сөз.
Мәтіндегі негізгі ой: Алданның ауырған кезде Сәруар досына ренжігені қалай тарағаны туралы.
Сөздік жұмыс: күн құрғатпай ─ күнде
Мәтіннің түрі: Пайымдау мәтіні. Себебі, Алданның өкпесі неліктен тарқаған себебін түсіндіреді.
Тәрбиелік мәні Достар арасында болатын түсінбеушіліктен реніштің туатыны.
• Сондықтан досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
• Шын достық қиын сәтте б
• Досыңа ауыр сөз айтпа.
Нәтиже Адамдар бір - біріне деген қымбат сезімдерінің бірі ─ достаса білу. Адамдар қарым - қатынасындағы аса бағалы құндылық ─ достық. Сол себепті, балалар әрқашан дос болайық, бәріміз!
- Ауырып жатқан кезде бір - біріңе барған кез болды ма?

3. Қызығушылығын ояту.
«Өкініш» мәтіні не туралы деп ойлайсыңдар? «Терминдермен болжау» стратегиясы бойынша мәтіннің мазмұнын ауызша болжайды.
«Берік, газет, ойын»

4. Мағынаны тану.
а) Мәтінді тізбектей оқу.
ә) Автор: Мұрат Қуанышбеков «Сен бақытты ұлансың», «Отырғыз
ағаш көктемде» атты шығармалары бар.
б) Мәтіндегі басты кейіпкерлерге талдау жасау. Әрқайсысына сипаттама беру.
жинақтап алу, ойда сақтау.
б) Сұрақ - жауап алу арқылы бекіту.
Сергіту сәті. Ойын:«Ептілік пен жақсылық»
Ұзындығы 2 - 3 метрге жететін жіп дайындалады. Оның екі ұшына жіңішке таяқ байланады. Таяқтың ұзындығы шамамен 15 - 20 сантиметр шамасында болады. Таяқтың қақ ортасы белгіленеді. Жіптің дәл ортасына басқа түстен жіп байланады. Ортаға екі бала шығады да, бір бірінен алшақтап, жіпті керіп тұрады. Белгі бойынша қолындағы таяқшаға жіпті тез - тез орап, әр адам аттаған сайын досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айтып, алға қарай жылжып отырады.

5. Ой толғаныс.
«Соңғы сөзді мен айтамын» стратегиясы «Берік қандай күйде болды, не ойлады?» дәптеріне жазады.
Оқушылардың пікірін тыңдау.
- Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай, өзің нені көкірегіңе түйіп алдың?
- Бұдан қандай қорытынды жасар едің?
«Өкініш естен кетпейді,
Бір тойғаның түске жетпейді»
6. Үйге тапсырма. Идеясын ашып, мазмұнын біліп келу. 124, 125 – бет. Әңгімені өз ойыңша аяқтап жазу.
9 347
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сауысқанның ұясы
Сауысқанның ұясы
Оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысып, негізгі идеясын біле отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша Ұзақ мерзімдік жоспар
Әдебиеттік оқу пәні бойынша Ұзақ мерзімдік жоспар
Әдебиеттік оқу Барлығы 136 сағат. Аптасына 4 сағат. 1 тоқсан 36 сағат Ұзақ мерзімдік жоспар
Қазақтың дәстүрлері
Қазақтың дәстүрлері
Фариза Оңғарсынова өмір жолы мен шығармашылығын тереңірек таныстыру. Қазақтың дәстүрлері туралы мағлұматтарын кеңейту. Өлеңнің мазмұны мен идеясын өз бетінше талдауға, аша білуге үйрету.
Аяз бен Қыдыр (айтыс)                                              (4-сынып)
Аяз бен Қыдыр (айтыс) (4-сынып)
Қызылорда қаласы №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Искакова Үміт
Жыртық кітап
Жыртық кітап
Раушангүл Кенжебайқызы Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×