Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар – біздің досымыз

08 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бейнеу ауданы Ж.Қалдығараев атындағы
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сағындықова Ботагөз

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы мағлұматтар беру. Құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға, бейімдеу. Оқушылардың құстар туралы ой – өрісін, түсініктерін дамыту.
Көрнекілігі: Құстар жайлы мақал – мәтелдер, «Құс – табиғаттың байлығы» құстардың суреттері, сөзжұмбақ, жоспар.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақтың жүрісі
1. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушыларды түгендеу.
ә) Оқушыларды сабаққа даярлау.

2. Кіріспе сөз. (Мұғалім сөзі)
- Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян еткен. Халық өз орталарынан шыққан саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын – қыранға, елден асқан сұлуды – аққуға теңеген.
- Құс – табиғат байлығы. Байлықтың көзі – құстарды қорғау. Олар табиғат байлығын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Жер бетінде 8600 – ге жуық құстардың түрі бар. Біздің республикамыздың түпкір – түпкірінен олардың 474 түрін кездестіруге болады.
- Балалар, біз табиғат деген бізді қоршаған орта, тау, тас, су, ауа, жер, өсімдіктер мен жануарлар екенін білеміз. Біз бүгін табиғаттың бір бөлігі – табиғаттың көркі, сәні, бақшаның әні болған құстар тақырыбына тоқталамыз.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
Қазір көптеген құстар жылы жаққа ұшып кетті. Оның басты себебі – жемнің азаюы. Күн салқындап құрт – құмырсқалар қуысқа тығылып қалады. Құстар топ – тобымен жылы жаққа ұшып кетеді. Көктемде олар қайта оралады. Себебі, ол жақ өте ыстық болады, жұмыртқалары шіріп кетеді. Сондықтан ол жер құстарға балапан басып өргізуге қолайсыз.

Аз күнде біздің «қанатты достарымыз» туған жерге қайта оралады. Олай болса сол қанатты достарымызға арналған сабағымыздың тақырыбы «Құстар – біздің досымыз» деп аталады. Біз бүгін құстар туралы толығырақ таныса отырып, құстарға қамқорлық жасауға, жыл құстарын қарсы алуға даярланамыз.
Ортаға қанатты достарымыз құстарды шақырайық.

1. Торғай: Мен торғаймын, торғаймын,
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт – құмырсқа, шіркейден,
Бау – бақшаны қорғаймын. (Бауыржан)

2 – оқушы: Үйіміздің маңында жүретін кіп – кішкене торғайлардың бір өзі ғана жылына 4 миллионға жуық жәндік жейді екен. (Еркебұлан)

3. Үкі: Үкі едім түнде ұшып қалықтаған,
Құртудан зиянкесті жалықпаған.
Үкімді үлпілдеген киелі деп,
Бұрыннан – ақ адамдар тағып алған. (Шынболат)

4. Жапалақ: Мен жапалақ қалыспаймын жарыстан,
Қорегімді іздемеймін алыстан.
Іннен басы қылт етсе – ақ тышқанның,
150 – ін әр ай сайын жалмаймын. (Дильара)

5. Бұлбұл: Мен еркін бақытты бұлбұлмын,
Бұлағын тасытқан ән – жырдың.
Тамаша тамылжытып шырқаймын,
Шаттығын тауса алмай әр күннің. (Арайлым)

6. Сауысқан: Мен сауысқан, сауысқан,
Қалдықты жеп тауысқан.
Зиянды жәндік, құрттарды,
Тышқанды жеп тауысам. (Әнет)

7. Аққу: Құс cұлуы – аққумын,
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезіп еш мерген,
Атуға көзі қимаған. (Ақмарал)

8 – оқушы: Аққулар аңыз көп қой олар жайлы,
Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды.
Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса екінші рет оралмайды. (Гүлханым)

Би: Аққу күйі. Саида, Гүлдана.

9. Қараторғай: Адамдарға жыр, әнмін,
Ал шіркейге қыр әнмін.
Үй салып берген достармен,
Көрші болып тұрамын;
Мен – қараторғай боламын. (Данияр)

10 – оқушы: Қараторғайлардың бір тобы бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна Мөлдір. шегірткені азық етеді. Қараторғай – орман қорғаушылары.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 473
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарлығаш
Қарлығаш
Біздің халық ежелден ақ құстарға әуес, халық ұлдарын сұнқарға теңесе, төгілтіп ән шырқыраған әншісін бұлбұлға, батырларын бүркітке, елден асқан сұлуларын аққуға теңеген. Ата - бабаларымыз құстардың атымен қыздардың есімдерін қойған. Мысалы:
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгүт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тюлекова Раушан Андрейқызы
Құстар – біздің досымыз
Құстар – біздің досымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы «Балбөбек балабақшасы» КММ - нің тәрбиешісі Байтикова Динара Сейтжанқызы
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы № 90 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Айгул Шындалықызы
Құстар ауа райын болжай ала ма?
Құстар ауа райын болжай ала ма?
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайдакова Жанат Бекболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×