Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Осы шақ

08 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Осы шақ
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға осы шақ туралы түсінік қалыптастыру. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау, толықтыру.
2) Өзіндік және шығармашылық жұмыс дағдыларын, белсенділігі мен ойлау қабілеттерін дамыту. Шақтарды айыра білуге үйрету.
3) Өз білімін және жолдастарының білімін бағалауға, жауап беру ретін сақтап бір - бірін тыңдауға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап,
Түрі: Жаңа білім беру.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, ана тілі
Көрнекілігі: слайд, оқулық, дәптер, тірек сызбалар, кестелер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару
a. Психологиялық дайындық: «Атмосфералық ынтымақтастық»
b. Топқа бөлу: Өлең шумағы бойынша
c. Міржақып Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің екі шумағы алынды
d. Міржақып Дулатов (1885 - 1935) – ақын, жазушы. Қостанай өңірінде туылған. «Оян, қазақ» атты кітабы бар. Автордан алғы сөз. Міржақып «Оян, қазақ» кітабында ұран салып халқын өнер - білімге шақырған. Қазақ елінің басқа жұртпен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген.
Міржақып Дулатов – қазақтың белгілі ақыны, жазушы, ағартушы - педагог. Жастайынан жетім қалып, ағасының қамқорлығында өседі. 1928 жылы халық жауы деген жалған жаламен 10 жылға абақты жазасына кесіледі. Абақтыда жатып, ауыр науқастан қайтыс болады. Қазақ әдебиетінің алғашқы романы болып саналатын «Бақытсыз Жамал» атты романы бар.
І топ:
Кім сендерді, балалар сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп кірпік қақпай
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын
ІІ топ:
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
II. Үй тапсырмасын тексеру: «Біз бейбітшілікті сүйеміз» тақырыбына жазған әңгімелерін оқыту

1. Слайд:
Серпілген сұрақтар стратегиясы: Оқушылар бір - біріне сұрақтар қояды.
Етістік дегеніміз не?
Етістіктің сұрақтарын ата.
Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не?
Дара етістік дегеніміз не?
Күрделі етістік дегеніміз не?
Етістіктердің жіктелуі дегеніміз не?
Етістікке іс - әрекеттің қай жақта айтылғанын білдіру үшін жіктік жалғаулары жалғанады:
Етістікке жіктік жалғаулары жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі дейді.
Етістіктің шақтары: Етістік іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін (уақытын) білдіреді. Соған орай етістіктің үш шағы болады: осы шақ, өткен шақ, келер шақ
2. Слайд:

3. Слайд: «Ойлан» кестесінің сырын ашу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын айтайық
Сандарды өсу ретімен орналастыр
581 1685 1215 377 828 900
с қ а о ы ш
4. Слайд: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Осы шақ» орысша; ағылшынша;
5. Слайд: Мақсаты
Оқулықпен жұмыс:
25 жаттығу
Қайрат қайрақ қайрап отыр.
Қайрақпен балта қайрап отыр
• Жаңылтпашты оқып жатқа жаз.
• Етістіктердің астын сызу, оларға сұрақ қой.
• Етістікті үш жақта жекеше, көпше түрде жікте. Бұлар қашан болған істі білдіріп тұрғанын айт
І топ: Жекеше түрде ІІ топ Көпше түрде

Мен қайрап отырмын
Сен қайрап отырсың
Сіз қайрап отырсыз
Ол қайрап отыр
Біз қайрап отырмыз
Сендер қайрап отырсыңдар
Сіздер қайрап отырсыздар
Олар қайрап отыр

Қандай қорытынды шығаруға болады.
Осы шақ етістіктер іс - әрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді. Осы шақ етістіктер не істеп отырмын? Не істеп отырсың? Не істеп отыр?
26 - жаттығу Ауызша орындалады.
Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап оқы. Етістіктерді тап, оларға сұрақ қой.
І топ Жекеше түрін айтады

Мен ойлап отырмын
Сен ойлап отырсың
Сіз ойлап отырсыз
Ол ойлап отыр
ІІ топ Көпше түрін айтады
Біз ойлап отырмыз
Сендер ойлап отырсыңдар
Сіздер ойлап отырсыздар
Олар ойлап отыр
Етістіктер қашан болған істі білдіріп тұрғанын айт. Неге осы шақта тұрғанын дәлелде
Себебі: істің қазір болып жатқанын білдіріп тұр, оған не істеп отыр? Не істеп отырсың? Не істеп отырсың деген сұрақтар қойылып тұр.
28 - жаттығу Тақтада орындату.
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлем мүшелеріне талдау. Баяндауыштың осы шақта тұрғанын дәлелде.
6. Слайд: «Кім жылдам?» Жалғасын тап.
Оқысаң,..... сусын ішіңіз
Аяғың ауырса,....... бәрін білесің
Көп ұйықтасаң,...... қолыңмен сүртпе.
Шөлдесеңіз,...... басың ауырады.
Көзің ауырса,......... көп жүрме.
Жаз шықса,....... күн ысиды.
7. Слайд: 29 – жаттығу Жұмбақты оқып, шешуін тап. «Глобус»
Етістіктің қай шақта, қай жақта тұрғанын айт.
Жұмбақтың шешуіндегі өз туралы не білесің?
«Глобус» Жердің барынша кішірейтіліп жасалған үлгісі глобус деп аталады. Глобус - латын тілінде шар деген сөз. Глобуста да картадағыдай жер беті түрлі түсті бояулармен кескінделген. Оның төрттен үші көгілдір түске боялған. Ол - мұхиттар мен теңіздер
Қорытынды: Екі топ бір – біріне Желдеткіш сыйлайды Ол желдеткіште сұрақтар беріледі бүгінгі сабаққа байланысты
1. Осы шақ дегенді қалай түсіндің
2. Етістік орысша қалай айтылады?
3. Осы шақтың сұрақтарын ата.
4. Етістіктің неше шағы бар.
5. «Отыр» сөзін үш шақта айт
6. «Тұр» сөзін үш шақта айт
7. Слайд: Нені білдім?
8. Сабақты бағалату
Үй тапсырмасы: 30 жаттығу
9. Слайд: Рефлекция:
• Сабақ саған ұнады ма?
• Қандай көңіл күйде болдың?
• Қандай қызықты сәттер болды?
• Өзіңе нелерді алдың? Етістіктің шақтары туралы білім алдым
• Бүгін сабақта ата - анаңа жақсы көңіл күй сыйлай алдым деп ойлайсың ба
• Мұғалімнің көңілінен шықтым деп ойлайсың ба?
6 682
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Міржақып Дулатов. Өлеңдері. «Бақытсыз Жамал» романы
Міржақып Дулатов. Өлеңдері. «Бақытсыз Жамал» романы
XX ғасырдың басында қазақ халқының отаршылдық езгіден құтылып, рухани оянуына үлес қосқан тұлғалардың бірі – саяси - қоғам қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы, ұстаз Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейту, тұңғыш
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Отбасы ата - анаға деген сүйіспеншілік құрметтерін еске түсіндіру.
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Атырау облысы, Атырау қаласы Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп - гимназиясының орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Балауса Гайнеденовна
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Ж. Кереев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатаева Гүлнар Есентайқызы
Шешенің балаларын сүюі
Шешенің балаларын сүюі
Ақтөбе облысы, Ембі қаласы, №2 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Шакибаева Алия Сагидуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×