Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шегіртке мен құмырсқа

03 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,
Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінде
бастауыш сынып мұғалімі
Майманов Нуркан Джаныбекович

Шегіртке мен құмырсқа
жұмбақтар
Бейнеткер көпшілікте көрдім халық,
Күнінде бір отырмас дамыл алып.
Өзінен ауыр жүкті көтереді.
Үйінде жатып жейді рахаттанып (құмырсқа)

Астығыңды жасыр,
Келе жатыр
Ұзын бойлы жасыл. (шегіртке)

Мысал
Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.

И. А. Крылов

орыс жазушысы, мысалшы, журналист, академик.

Цифрограмма
Әрбір 2 - ші әріпті сызып тастап оқы.

1 2 1 2 1 2 1
А в б г а д й

1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2.
а н у ж д с а н р о м ы а н ш с ы.
Абай - аудармашы.

Абай Құнанбаев

ақын, кемеңгер, данышпан, сазгер, аудармашы

Шегіртке мен құмырсқа

Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.

Жаздыгүні жапырақтың
Бірінде – тамақ, бірінде – үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң, кетті күй.

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан,
Ойын қайда, ән қайда?

Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым – ақ қиын іс болды.

Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Сабанда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады

Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
Қарағым, жылыт, там - ақ бер,
Жаз шыққанша асыра!

Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?

Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?

- Қайтсін қолы тимепті,
Өлеңші, әнші, есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де билей бер!

Жаз мезгіліндегі шегіртке -----------------

Қыс мезгіліндегі шегіртке ------------------

(шырылдауық, жығылды, суыққа тоңған, қарны ашқан, гөлайттап, қабағын қайғы жабады, ән салған, сорлы)

Түйін: Қыстың қамын жаз ойла

Венн диаграммасы

• екеуі де жәндік

• құмырсқа
еңбекқор,
адал, үйлі,
қызыл және
қара түсті,
ұзын мұртты

• шегіртке
жалқау,
ойсыз,
панасыз,
шырылдайды,
зиянкес,
ән салады,
шөппен қоректенеді

Құмырсқа туралы мағлұмат беру
Құмырсқа(Formіcіdae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы.
Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден - ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Құмырсқа денесінде 70 - тен астам микроэлемент, 20 - дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады.

Шегіртке туралы мағлұмат беру
Ауыл шаруашылығы дақылдарына ең қауіптілері — шегірткелер, шекшектер. Тік қанатты насекомдар отрядының бір отряд тармағын құрайтын шегірткелердің Қазақстанда 200 - ден астам түрлері кездеседі. Бірақ солардың ішінде оншақты түрі ғана қауіпті зиянкестер санатына жатады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
28 362
1
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Мысал дегеніміз - адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез - құлқын жан - жануарлардың іс - әрекеттерімен суреттеп жазған шығарманың бір түрі.
А. Құнанбаев. И. А. Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа»
А. Құнанбаев. И. А. Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа»
Абай Құнанбаевтың аударма өлеңімен таныстыру. Ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл дамыту.
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Бекі бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердибекова Акмарал
Аққу, Шортан һәм Шаян
Аққу, Шортан һәм Шаян
Бастауыш сынып мұғалімі: Оңалбаева Меруерт Қожантайқызы
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алиева Динара Қасанқызы
Абай (И.Крыловтан) Шегірке мен Құмырсқа
Абай (И.Крыловтан) Шегірке мен Құмырсқа
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы, №1 орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Биманова Қалдыбике Әбілқайырқызы
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гульфарида
Гульфарида Қолданушылар 4 желтоқсан 2016 16:33
0
Рахмет! Слайд өте тартымды. Мұғалімнің көп еңбектенгені көрініп-ақ тұр. Мұғалімнің оқушыларға берері көп болғай!
×