Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су мен Балық. Кейіптеу

08 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
С. Аманбайұлы атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Айжан Жакупова

Сабақтың тақырыбы: Су мен Балық. Кейіптеу.
Сабақтың мақсаты: Мысал мазмұнын түсіне отырып, оның негізгі идеясын ашуға дағдыландыру. Кейіптеу туралы ұғым қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мысал арқылы кейіптеу туралы теориялық түсінікті аңғарту, талдауда өмірмен байланыстыру.
Жүйелік - әрекеттік нәтиже: оқу және жазу, өз бетінше іздену арқылы шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру.

Тұлғалық нәтиже: кейіпкерлер бейнесіне баға беру арқылы туған еліне, жеріне, Отанына адал болу қасиетіне баулу, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрау - жауап, жұптық, топтық жұмыс, топтастыру, салыстыру.
Көрнекіліктер: Ш. Смаханұлының портреті, сюжетті сурет салынған плакат, суреттер, қағаздар, қаламдар.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру. Ұстаздар, оқушылар, келе жатқан Мешін жылымен құттықтау. Оқушыларға қалаған түстерімен қар бейнесін тарату Қар бетіндегі тілектерді оқыту. Қардың артқы жағына жазылған сөздер бойынша «Найза», «Қалқан» болып, 2 топқа бөліну.

Үй тапсырмасын сұрау.
«Қарауыл» мәтінін оқу, түсіну, мазмұндау.
«Қалқан» тобына тапсырма - Мәтіндегі атасы мен немересінің іс - әрекеттері туралы мәтін құрастыру, қорғау.

«Найза» тобына тапсырма - Мәтіндегі қарауылда тұрған күзетшілердің іс - әрекеттері туралы сурет салу, қорғау.

Бағалау. Екі топ бір - бірін бағалайды.
Үй тапсырмасын қорыту.
Туған жерді сүю - парыз,
Сүю үшін білу - парыз.
Күзетінде тұру - парыз,
Қасиетін ұғу - парыз.
Өлең мазмұнын мәтін мазмұнымен салыстыра қорыту.

1. Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ шешу.

1. Суға сепкен ұрығын,
Бұлғаңдатқан құйрығын,
Суда өсіп - өнеді,
Судан шықса өледі. /Балық/

2. Қақпақсыз қазан,
Іші толған сазан. /Көл/

Топқа бөліну.

Таратылған қардың түсіне қарай көк түс - «Теңіз» тобы, ал қызыл түс «Балық» тобы болып бөлінеді.
Әр топ өз аттарына сипаттама береді.

2. Мағынаны тану.

Жұмбақтың шешуіне байланысты тақырыпты анықтау.
Шона Смаханұлын, шығармаларын таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.

«Су мен Балық» мысалын оқу. 1. Оқушыларға іштей оқыту. 2. Мысалдың мазмұнын әңгімелету. 3. Тапсырмаларды орындау.

• Мысалдағы күлкілі және аянышты сәттерді оқы.
• Балықтың тәкәппарлығы неге соқтырды?
• Балықтың мінезін сынау арқылы автор не айтпақ болды? Өмірмен байланыстыру.
• Оқиға ішінде Балықтан басқа тағы қандай кейіпкерлер бар?

Сюжетті суретпен жұмыс жүргізу.

Балалар суретке қарап, онда мысалдағы оқиғаның қай тұсы бейнеленгенін анықтайды. Теңіз бен Балықтың диалогын құрастырады. Балық өзінің сусыз өмір сүре алатынын айтқанда Су не деуі мүмкін деп ойлайсың?

Екі топтан бір - бір оқушыдан шығып Балық пен Су болып сөйлеседі.
Балық өзінің сусыз - ақ өмір сүретінін, судан жалыққанын, құрлықтағы өмірдің ұнайтынын, су астының қапас екенін айтады.
Су болса Балыққа бос қиялға берілмей ойлануды, әркімге өз туған жерінен артық жер жоқ екенін айтады. Бірақ Балық Суды тыңдамайды.
Топтастыру. Балық пен Теңізді сипаттау.
Балық ---------------------- Теңіз
↓---------------------------------↓
өркөкірек ---------------- сабырлы
мақтаншақ -------------- ақылды
өзімшіл ------------------- ақкөңіл
менмен ------------------- кішіпейіл
өтірікші -------------------- қамқор

Кейіптеу туралы таныстыру. Ережесін оқыту. Өткен сабақтардағы мысалдардан мысал келтіру. Мысалы: «Қағаз бен қалам», «Екі парта».

Ойтолғау.

- Балық өз қатесін кеш те болса түсінді. Балалар, бәрі де қателесуі мүмкін бе?
Балықты кешіреміз бе? Олай болса, балықты құтқару жолын табайық. Балық не істеуі мүмкін, Теңіз ше? Ол не айтуы мүмкін?
Балалар Балықтың өз қателігін түсінгенін, құрлықта өмір сүрудің мүмкін емес, сусыз өліп қалатынын біліп, кешірім сұрағанын айтады.
Теңіз болса, Балықтың ақылға келгеніне, туған жердің қадірін түсінгеніне қуанды.

Қорыту.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, өмірде осы Балық сияқты адамдар болуы мүмкін бе? Бар болса, оларға не айтар едіңдер?

Осы оқиғаға қатысты қандай мақал - мәтел айтар едіңдер?

Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.

Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.

Елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.

Ер жігіт елін аңсайды,
Сарыала қаз көлін аңсайды.

- Ал, балалар, біз туған жерімізді қалай көреміз? Туған жерлеріңнің несін айтып мақтанар едіңдер? Отанымыздың дамуына өздерің қандай үлес қосар едіңдер?

Рефлексия.
- Мен өзімді........................ бағалаймын.
- Мен нені білдім....................................
- Мен нені үйрендім...............................
- Маған не қызықты болды.....................................

Тапсырма. Баспа дәптерімен жұмыс. Өзі қалаған бейнеге мысал құрастыру.
12 076
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ө Тұрманжанов Жаралы торғай
Ө Тұрманжанов Жаралы торғай
Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға машықтандыру. Өлеңдегі өзекті, түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Жолбарыс пен түлкі
Жолбарыс пен түлкі
Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау Мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу
«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергеновтің «Өсіп келе жатырмын» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; ақынның кейіптеу кезіндегі пайдаланған әсерлі сөздерінің түйінін ашуға жағдай жасау.
Су мен Балық
Су мен Балық
Шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба отырып, өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіре алады.
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау; өлеңнің, сөздің астарына, қыр - сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету; сөйлемді тиісті дауыс интонациясын сақтап айтуға дағдыландыру; сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×