Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Озық ойлы оқушы

07 тамыз 2015, Жұма
Категориясы: Математика
Алматы облысы, Ақсу ауданы,
Қызылағаш ауылы, Жансүгіров атындағы
орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Жауынбаева Назира Токтасыновна

Озық ойлы оқушы (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды логикалық есептерді шешуге және математика тарихын білуге үйрету;
2. Оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру;
3. Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Ойынға қатысушылар: 5 сынып
Көрнекілігі: әріптер, дауылпаз, компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
1. Сабақтың мақсатын, ережесін таныстыру.
Жүргізуші:
- Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов. «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қаныш Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Осы айтылғандарды қаперімізде ұстай отырып «Озық ойлы оқушы» ғажайып
алаң ойынның бастауға рұқсат етіңіздер!

Ғалымдардың патшасы атанғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Тізбектей өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың!, - дей келе ортаға ойынға қатысушыларды шақырамыз.

Бірінші үштікке қатысатындарды тыңдау. Таңдауға 5 оқушы қатысады. Бұл
кезеңде нақты үш тапсырма беріледі. Егер қатысушылар осы тапсырмаларға жауап таба алмаса, онда тағы үш сұрақтар қойылады. Ең көп сұраққа жауап берген 3 оқушы бірінші үштікке қатысады. Сол үш оқушының жауап берген сұрақтардың көптігіне қарай өз орындары барып тұрады. Көп сұраққа жауап берген оқушы 1 орынға т. с. с

2. Бірінші үштікті таңдау сұрақтары.
Сұрақтар
1. Оқушы 19 тиындық дәптер сатып алғысы келді. Оның тек 3 тиындық монеталары, ал дүкенде тек 5 тиындық монеталар ғана бар. Оқушы дәптерді сатып ала ма?

(Егер 24 тиын, яғни 3 тиындықтан 8 берсе, онда сатушы оған 5 тиын қайтарып береді, сондықтан оқушы 19 тиындық дәптерді сатып алады.)

2. Мына санның 66666666 цифрларының арасына қосу таңбасын өрнектің мәні 264 - ке тең болатындай етіп қойып шығарыңдар.
(66+66+66+66=264)

3. Екі бөлмеде 76 адам бар. Бірінші бөлмеден 30 адам, ал екінші бөлмеден 40 адам шыққан кезде, бөлмедегі адамдардың саны бірдей болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адамнан болған?

(76 -(40+30)): 2=3, әр бөлмеде 3 адам қалған, олай болса, бірінші бөлмеде 33 адам, ал екінші бөлмеде 43 адам болған.

Қосымша.
4. Өзіне және бірге бөлінетін сан қалай аталады? (жай сан)
5. Ең кіші жай сан? (2)
6. 3 – ке қандай сандар бөлінеді? (цифрларының қосындысы үшке бөлінетін сан үшке бөлінеді?)

Бірінші үштікке өткен оқушыларды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Дауылпаздағы секторлардың мағынасы:

Б – бірінші әріпті ашу;
О – әріп ату;
Д – досының көмегі;
К – келесі кезек.

Тапсырма. Берілген санның бөлгіштерінің қосындысы сол берілген санның өзіне тең сан қалай аталады? (кемел )

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - дей келе келесі екінші үштікті таңдауға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық.

3. Екінші үштікті таңдау сұрақтары.

1. Мына суретте неше үшбұрыш бар? (сурет 12 слайдта)
(18ұшбұрыш)

2. Мына суретке 5 шаршы болатындай етіп тек екі сызық жүргіз. (сурет 13 слайдта)

3. Қарындашты қағаз бетінен алмай төрт түзу арқылы барлық нүктелерді сызып шығыңдар. (14 слайд)
Қосымша.
4. Екіден көп бөлгіші бар сандар қалай аталады? (Құрама сандар)
5. Қандай сандар 5 – ке бөлінеді? (соңғы цифры 0 мен 5 пен аяқталса)
6. Тең бөліктер қалай аталады? (үлестір)

Тапсырма. Жай сандарды зерттеуде зор еңбек сіңірген орыс математигінің тегі. (Виноградов И. М.)

«Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» - демекші келесі кезекті үшінші үштікке қатысатын оқушыларды шақырайық.

4. Үшінші үштікті таңдау сұрақтары.
15 слайдтағы үшбұрыштың бір қабырғасының бойындағы сандардың қосындысы 20 - ға тең болатындай етіп 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарын орналастыр.
2. Мына дөңгелектердің орнына 6 – дан 14 – ке дейінгі сандарды бір түзу бойында орналасқан кез келген үш санның қосындысы бірдей болатындай етіп қойып шығыңдар. (16 слайд)
3. Кестедегі қалдырып кеткен санды жазыңдар. (17 слайд)

Қосымша.

4. 50 мен 70 сандарының арасындағы жай сандарды ата. (53, 59, 61, 67.)
5. Сыныптағы оқушылар саны 12. Оның 1/6 - і ұлдар. Сыныпта неше ұл бар? (2)
6. 9 – ға қандай сандар бөлінеді? (цифрларының қосындысы тоғызға бөлінетін сан үшке бөлінеді.)

Тапсырма. «Жеріміздің үсті де, асты да бай. Менің геолог ретінде борышым - жер астындағы қазбаны зерттеп табу, оның қорын анықтау. Ал ғалым ретіндегі міндетім - кең байлықтарын халықтың игілігіне жарату» деп айтқан тұңғыш қазақ академигінің аты (Қаныш Сәтбаев)
5. Жанкүйерлер сайысы
Мына фигураның ауданын табыңыз (18 слайд)
6. Мәре.
«Арифметика математиканың, ал математика ғалымдардың патшасы» - деп айтқан ғалым? (Карл Гаусс)
7. Ақтық сайыс.
Тікбұрышты өзінің бір каттеті бойынша айналдырғанда шыққан фигура қалай аталады? (клонның заты) (Конус)

Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет.
8. Қорытындылау. Жеңімпазды және ойынға қатысушыларды марапаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 703
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! Қаныш Сәтбаев « Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі»
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну,
ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары
ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
Күш білімде
Күш білімде
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Изимбергенова Нургуль Кусаиновна
Білім тарландары
Білім тарландары
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, «Хафиза Мұстафина» атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі Хасенова Ләзат Каукенқызы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалім Айназарова Гүлзира Данағұлқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×