Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»

06 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: дүниетану
Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»
Мақсаты:
А) Қазақстанда жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар, өсімдіктер, құстарға тоқталып, «Қызыл кітап» туралы түсінік беру;
Ә) Табиғатты қорғау мақсатында құрылған қорықтар, «Қызыл кітап» туралы түсініктерін дамыту;
Б) Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, оны аялауға тәрбиелеу; экологиялық тәрбие беру.
Түрі: дәстүрлі
Типі: аралас
Көрнекілігі: интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, буклеттер, «Сен білесің бе?» атты кітапшалар.
Әдіс–тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекілік, баяндау, әңгімелеу.

Барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Адам және өсімдіктер мен жануарлар» тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау.
Қай жануар адамға пайдалы екенін сызбаға түсіргендерін тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
- Балалар, ендеше, мына сөзжұмбақты шешейік. (Шешуі: жүзім, алма ананас, қауын қарбыз, қияр) сөзжұмбақтың ортасындағы ерекшемен белгіленген сөзді оқиық. Қандай сөз шықты? (жануар)
Ендеше, бүгінгі сабағымыз өткен тарауда оқып, танысқан жануарларды қорғау туралы болмақ. Тақтадағы көрсетіліп тұрған суреттер қай топқа жатады?
1) құстар
2) балықтар
3) қосмекенділер
4) жорғалаушылар
5) сүтқоректілер
6) жәндіктер

IV. Жаңа сабақ
Ребусты шешейік. Егер дұрыс шешсек, бүгінгі тақырыбымызға байланысты сөз шығады. Ребустың шешуі: қызыл.
- Қызыл түс нені білдіреді?
- Қызыл түс қауіп сақтанудың белгісі.
- Қызыл кітап не үшін керек деп ойлайсың? (Оқушылардың жауабы тыңдалады).
- Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны.
1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды.

- «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктердің кейбіріне тоқталып өту.
Құлан - сырт пішіні жылқы мен есекке ұқсайды. Бұрын далада еркін жүрген, қазір бұлардың саны азайған, қорғауға алынды.
Арқар – тау ешкісі, түсі қоңыр сұр, мүйізі үлкен иілген. Еті дәмді болған соң көп ауланған, қазір саны өте аз, қорғауға алынған.
Дуадақ - қазақ даласының көркі. Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Тез жүгіреді. Адамдар көп аулап азайған, қазір қорғауға алынған.
Жабайы қызғалдақ – Қазақстанның қалалары мен шөлдеріне сән береді. Көше қызғалдағының арғы тегі. Сонымен бірге, Қызыл кітапқа барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, т.б. аңдар мен құстар кіреді.
Бүгінгі күні Қазақстанның Қызыл кітабына балықтардың – 16 түрі, қосмекенділердің – 3 түрі, жорғалаушылардың – 10 түрі, құстардың – 56 түрі, сүтқоректілердің - 40 түрі енгізілді.
Қара кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт, жойылып кетті.
Осы жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады. (Тақтадан Қазақстанның қорықтарын көрсету.)
Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар.
Ақсу – Жабағалы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл, Алакөл, Қаратау.

Сергіту сәті. Үй жануарларын айтқанда қол шапалақтаймыз.
Қоян, күшік, түйе, арыстан, сиыр, аю, қой.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерге Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді теріп жазамыз.
Жануарлар: аққу, дуадақ, құлан.
Өсімдіктер: шырша, таусағыз, қызғалдақ

V. Сабақты бекіту. Шығармашылық жұмыс
Табиғатты сақтаңдар,
Құстарды атпаңдар.
Гүл жайнаған жерімді
Аялаңдар, сақтаңдар.

VI. Сабақты қорытындылау.
Табиғатты қорғау, оны сақтау туралы мақалдар, нақыл сөздер айту.
Мақалдар
«Бір тал кессен, он тал ек»
«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»
«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
«Жылап жүріп арық қазсаң,
Күліп жүріп су ішерсің»

Нақыл сөздер
«Туған жерге туыңды тік»
«Мың шыбық шаншып өсірсең -
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның -
Өзіңе қорған салғаның»

«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!
Келешек сендердің қолдарыңда!»
VII. Үйге тапсырма:
Өсімдіктер мен жануарлардың “Қызыл кітабы” тақырыбын оқу
“Мен табиғат жанашырымын” тақырыбында сурет салу
VIII. Бағалау.
90 254
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
Өсімдіктер
Өсімдіктер
Оқушыларға өсімдіктің тіршілік ортасы туралы білімдерін қалыптастыру; өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы түсініктерін кеңейту.
Қызыл кітап. Қ. Мырза Әли
Қызыл кітап. Қ. Мырза Әли
Оқушыларға жер бетінде жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар әлемі, «Қызыл кітаптың» маңызы туралы жан - жақты түсінік беру. Адам мен жан - жануар табиғаттың бөлінбес бөлшегі ұғымын кеңейту.
Қорықтар неге керек?
Қорықтар неге керек?
Сабақтың тақырыбы: Қорықтар неге керек?
Жануарлардың көптүрлілігі
Жануарлардың көптүрлілігі
Атырау қаласы. Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзиева Нұрғаным Сабырқызы
Қызыл кітап құпиясы
Қызыл кітап құпиясы
№7 Қалалық балабақшаның тәрбиешісі Халматова Райхан Нуртазаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×