Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қорықтар неге керек?

29 наурыз 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Қорықтар неге керек?

Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын игерту, қорықтармен таныстырып, қорықтардың неге керектігін ұғындыру.
Білімділігі. Еліміздегі қорықтар туралы әңгімелеу. Ондағы жануарлар мен өсімдіктер туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылығы: Ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету, ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелілігі. Туған жердің табиғатын аялауға, сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу. Елтануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, іздену, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар,, карта.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
А) жұмбақ шешу (қызығушылығын ояту)
ә) қорықтарға шолу жасау
б) топтастыру.
в) сөздікпен танысу
г) мәтінмен жұмыс
ғ) картамен жұмыс
д) кеспе бойынша жұмыс.
Ж) сэнквейн
е) «тілшілер» сайысы
4. Бекіту.( тест тапсырмасы)
5. Үйге тапсырма беру
6. Бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Сабаққа психологиялық жағынан даярлау.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Берілген шартты белгілер белгілер бойынша сөйлем құрып келу.
1). ■ ─ ▲. ( Ауа ластанып жатыр)
2). ■ ─ │─ ▲. ( Біз табиғатты қорғаймыз )
3). ● ─ ■ ─ ▲. ( Табиғи байлықтар азайып барады.)

3. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мақсаты: Мәтін мазмұнын игерту, қорықтармен таныстырып, қорықтардың неге керектігін ұғындыру.

А) жұмбақ шешу (қызығушылығын ояту)
Жануарлар, қызыл кітап туралы.
• 1. Аузы бине шалғы орақ
Шөп емес, бірақ мал орады. (Қасқыр)
• 2. Бар екен бір айуан көпке таныс
Мекені жүрер оның тау мен қамыс. (Жолбарыс)
3............ ____
Тірі жан тимесін деп,
Хайуанатқа берілген қызыл мандат. (Қадыр Мырза Әлі)
Ол - не?
(Қызыл кітап)
- Сонымен, біз не туралы жұмбақтар шештік.
- Табиғат, аңдар, қызыл кітап.
- дұрыс айтасыздар, демек, біздің де сабағымыз осы тақырыптармен тығыз байланысты. Қызыл кітапқа жоғалып кеткен, азайып бара жатқан табиғат байлықтары енген екен. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы да осы байлықтармен байланысты. Қорықтарға да осы табиғат байлықтарын қорғауға алынған.
Қорықтар.

Қандай - қандай қорықтар бар екен шолу жасайық. Интерактивті тақтамен слайд шоу ( М. Беспаевтың орындауындағы «Туған ел» әнімен сүйемелденген ) көрсетіп өтемін. Болған соң қандай - қандай қорықтар болғанын дәптерлеріне түсіруге уақыт беремін. Сонан соң оқып шығады.

б) сөздік жұмысы. Мәтінге байланысты сөздер беріліп, оларға синонимдер табу.
1. құрып кету 2. қатер
2. қауіп 3. қорғау
3. сақтау 1. жоғалып кету,
4. қастандық - 4. жауыздық

сөздермен сөз тіркестер, сөйлемдер құрғызу.
в) Мәтінмен жұмыс.
Қорықтар неге керек?
1 топ. Өндіріс дамыған елдерде кейбір жануарлар мен өсімдіктер дүниесі алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ. Олар азайып, жылдар өткен соң, мүлдем құрып кету қаупі бар. Құстар сайрап, гүлдер гүлдеп тұру үшін біздер өз Отанымыздың табиғатын қорғауға тиіспіз. Қайткен күнде де табиғат өзінің табиғи қалпын сақтауы керек.

2 топ. Табиғатты қорғау жөніндегі маңызды шаралардың бірі - қорықтар ұйымдастыру. Қорықтарда белгілі бір географиялық ауданға тән табиғат учаскелері және шаруашылыққа пайдалы, ғылыми маңызы бар өсімдіктер мен
жануарлар сақталады. Өзімізді қоршаған ортаны, табиғатты аялай, құрметтей, тани білейік. Қорықтарға барғанда, ешбір аңға, жануарларға тиіспейік, гүлдер мен өсімдіктерді жұлмайық, таптамайық Елімізде табиғат байлығын сақтайтын қорықтар көп.

3 топ. Мысалы, Ақсу - Жабағылы, Марқакөл, Қорғалжын, Алматы, Барсакелмес
Алакөл т. б. қорықтар бар. Бұл қорықтар – сан алуан өсімдіктер мен түрлі жануарлар мекені. Қорықтардың барлығы да табиғи байлықтарды қорғау үшін, табиғи қазынаны сақтап қалу үшін құрылған.
Табиғатсыз өмір жоқ. Табиғатқа келтірген зиян - өзімізге жасаған қастандық. Сондықтан өз - өзімізге қастық жасамайық!.

1. Мәтінді 3 қатарға бөліп беремін. оқып түсінгендерін өз сөздерімен айтады.
2. Сонымен қорықтар неге керек екен? Түйінін айтыңыз
Әр топ өз пікірлерін айтады.

3. Мәтін бойынша берілген кеспелерден бастауыш бар сөйлемді тауып жазу, оған сұрақ қою.
1 топ кеспелері
Өндіріс дамыған елдерде кейбір жануарлар мен өсімдіктер дүниесі алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ. Олар азайып, мүлдем құрып кету қаупі бар. Отанымыздың табиғатын қорғауға тиіспіз.
2 топ
Қорықтарда белгілі бір географиялық ауданға тән табиғат учаскелері және шаруашылыққа пайдалы, ғылыми маңызы бар өсімдіктер мен
жануарлар сақталады. Өзімізді қоршаған ортаны, табиғатты аялай, құрметтей, тани білейік.
3 топ.
Табиғатсыз өмір жоқ. Табиғат байлықтарын қорғау үшін құрылған. Сондықтан өз - өзімізге қастық жасамайық!.

г) картамен жұмыс
карта сызылған қағаз бетіне қай қала маңына қай қорық тұрғандығы туралы мәлімет беріледі. Соны Қазақстанның шынайы картасынан тауып көрсетулері тиіс.

д) синквейн
1 Қорықтар
2 табиғи, әдемі.
3. қорғайды, сақтайды, күтім жасайды..
4 Қорықтарда өсімдіктер мен жануарлар қорғалады.
5. Табиғат байлықтары.

Е) «Тілшілер» сайысы
3 қатардан 3 тілші таңдап шығарамыз. Бүгінгі тақырыпқа қатысты сұрақтар
дайындап, сұхбат алулары тиіс..
Әр тілші өз фантазиясымен сұхбат алады. Әр телеарнасы бойынша келеді.
Мысалы, біріншісі, бүгінгі біздің тақырыбымыз - табиғат және адам.
Екіншісі, Қазақстан Қорықтары, ол неге керек?
үшіншісі, Табиғатқа қандай пайда келтірдім?

4. Бекіту. Тест сұрақтары.
1 Сөйлемді аяқта.
Қоршаған ортаны құрметтей.......
А) керек ә) білейік б) сақтау в) көп
2. Қорықтар неге керек?
А) Еліміздегі табиғи байлықтарды қорғау үшін.
ә) Өсімдіктер мен жануарларды қорқау үшін.
Б) Әдемілік үшін.
В) Еңбек ету үшін керек.
3. Дұрыс жазылған сөйлемді тап.
А). Табиғатты ғана адамдар саналы қорғай алады.
Ә). Табиғатты қорғай адамдар саналы ғана алады.
Б) Табиғатты саналы адамдар ғана қорғай алады.
В) Қорғай алады саналы ғана адамдар табиғатты.
4. Синоним сөздерді тап.
А) Қиындық, қызықтылық, қорқаулық.
Ә) қорғау, сақтау, күту, аялау.
Б) тапшылық, жоқшылық, қамқорлық.
В) жұлмау, таптамау, өндіріс.
Үйге тапсырма беру.
«Табиғатты қорғау - парызымыз»» тақырыбында әңгіме жазу.
11 415
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандағы өсімдіктерді сақтаудағы қорықтар мен ұлттық саябақтардың маңызы
Қазақстандағы өсімдіктерді сақтаудағы қорықтар мен ұлттық саябақтардың маңызы
Оқушыларға Мемлекеттік табиғи қорық қоры ұғымын қалыптастыру, қорықтардың мақсатын түсіндіру, Қазақстанның қорықтары мен таныстыру.
Қорықтар
Қорықтар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, № 5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Кенжебаева Қаламқас
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Ақтөбе қаласы, № 3 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Құлжанова Ш. М.
Қазақстан қорықтары
Қазақстан қорықтары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Оразова Люба Қайырғалиқызы
Қорықтар
Қорықтар
Қорықтар Авторы: Жақыпова Балжан Қожахметқызы Мектебі: Қостанай облысы, Қостанай ауданы, №1 Затобол орта мектебі Санаты: жоғары Білімі: жоғары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×