Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы

22 қараша 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 сынып
Тақырыбы: Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы
Мақсаты: Заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі - масса жайында түсінік беру және оның бірліктерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Есептер құрастыру дағдысын, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелілігі: Бір - бірінің пікірлерімен санасуға, бір - біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Түрі: жаңа сабақты меңгерту
Көрнекілігі: сызбалар, суреттер, таразы түрлері
Сабақтың жүру барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
- Топқа бөлу. Оқушылар 5 баладан тұратын шағын топтарға «Броундық қозғалыс» ойыны бойынша бөлінеді. Оқушылар өз топтарын қалаулары бойынша атап, топ атауларын қағазға жазып қояды және таныстырып өтеді.
1 - топ «Сұңқар»
2 - топ «Тұлпар»
3 - топ «Тапқырлар»
4 - топ «Жалын»

II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар үй жұмысын қалайша орындағанын топ ішінде талқылайды. Жариялау. Бір оқушы үй тапсырмасын оқиды. Қалған оқушылар тексереді.

III. Өткенге шолу.
1) Осы дм, см, м, км қай шаманың өлшем бірліктері?
2) Екі қаланың ара қашықтығын есептеу үшін ұзындықтың қандай өлшем бірлігін қолданған тиімді?
3) Тақтаның ұзындығын ше?
4) Дәптердің енін ше?

IY. Жаңа сабақ.
1) Зейінділік ойыны
оиөымеяиаоыұсыиеэсыүа жазбасындағы а әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастайды. Қандай сөз шықты? (масса)
- Массаның қандай өлшем бірліктерін білесіңдер? Заттың салмағын өлшеу үшін қандай құралды пайдаланамыз? Ертедегі адамдарда заттардың салмағын өлшейтін қазіргідей таразылар болған жоқ, нәрсенің ауыр - жеңілін көрсететін «зілдей, қаңбақтай» деген сияқты салыстырма ұғым ғана болды.
Енді мына ыдысқа қараңдар. Ыдыстың ішінде не бар? Осы ыдыстағы қантты санай аласыңдар ма? Тек қана қант емес, тағы да қандай сусымалы заттарды білесіңдер? (ұн, күріш, тұз, құм). Міне, осылардың салмағын өлшеу үшін адамдар таразыны ойлап тапты. Менің екі қолымды таразы деп есептейік. Оң қолымда – темір, сол қолымда – пластмасса.
- Қай қолым төмен түсті? Неге?
- Таразы да осылай құрастырылған: қай жағындағы зат ауыр болса, сол жағындағы табақ төмен түседі, жеңіл жағы жоғары көтеріледі.(Әр таразыға тоқталып мағлұмат беру).
- Жаңа өздерің айтқандай салмақты өлшеу үшін т, ц, кг, г өлшем бірліктерін қолданамыз. Тонна, центнер көбінесе ауыр заттарды өлшеу үшін қолданылады. Килограмм, грамм бірліктерін күнделікті дүкеннен азық - түлік алған кезде немесе адамның салмағын, ұсақ жәндіктердің, жануарлардың салмағын өлшеу барысында қолданамыз.

2) Ауызша жұмыс
1 - топ ------------------ 2 - топ --------------------- 3 - топ --------------------------- 4 - топ
Піл, сырға, ----------- сақина, ұшақ, ----------- машина, асқабақ, ----------- кеме, аю,
Бірнеше кәмпит ---- бір жәшік алма -------- алқа ---------------------------- бірнеше алмұрт
өлшеу үшін қандай өлшем бірліктері қажет болады?

Y. Оқушы қызметі
а) Топпен жұмыс
№2
1 - топ ----------- 2 - топ ----------- 3 - топ ---------- 4 - топ
2кг=2000г ------ 4т=4000кг ------ 1т=1000кг ----- 1000кг=1т
3ц=300кг ------- 6т=60ц ---------- 5ц=500кг ------- 4ц=400кг
50ц=5т ---------- 700кг=7ц ------- 4кг=4000г ------- 2т=2000кг
№3
1 - топ
Қораптың қайсысы бос?
2 - топ
Ұн салынған қапшық қанша тартады?
3 - топ
Қай сөмкедегі заттың салмағы 5кг
4 - топ
Қиярдың салмағы неше кг?

ә) Кенеттен сұрау.
№4
*Не артық: 99кг ба, әлде 1 ц ме?
*Не кем: 11 ц ме, әлде 11 кг ба?
*Үлкен шаманы ата: 7кг, 800г
*Кіші шаманы ата: 600 кг, 20ц
*Үлкен шаманы таңда: 80ц, 80кг, 80г
*Кіші шаманы таңда: 10 ц, 2т, 1000кг

б) Тақтамен жұмыс
№5 Мазмұнды есптер беру
№6 Көбейтіндіні көбейткіштің квадратымен не кубымен алмастыр.
1 - топ ------- 2 - топ ----------- 3 - топ ----------- 4 - топ
5*5 ----------- 7*7*7 ----------- 10*10*10 ------- 8*8*8
6*6*6 -------- 2*2 -------------- 4*4 --------------- 9*9
4*4*1 -------- 5*5*3 ----------- 6*3*3*3 -------- 5*6*6*6

- Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ.
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып қалдым екеуін,
Болып шықты он саусақ

в) Өз бетімен жұмыс
кг – мен өрнекте
5т= ------------- 50ц=
2ц 50кг= ------ 3000кг=
1т 4ц= --------- 80ц=
2000г= -------- 30ц=
2т 3ц 5кг= --- 7000кг=

т - мен өрнекте
400кг=
6т=
2т 500кг=
800кг=
1т=

ц - мен өрнекте г - мен өрнекте
7кг=
9кг=
5кг=
3кг 0г=
8кг=

г) Жұппен жұмыс
1) Қабырғасы 10 см шаршының периметрін тап.
2) Ұзындығы 5 см, ені 3 см тіктөртбұрыштың ауданын тап.
3) 5 буыннан тұратын сынық сызық сыз.
4) 9 және 5 сандарының көбейтіндісінен 20 - ны кеміт
5) Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалан. 20*5.
6) Қалдықпен бөлу.
26: 5=5 (1 қ)
31: 6=5 (1 қ)
19: 7=2 (5 қ)
7) см - ге айналдыр.
4 дм = см
6 дм 2 см= см
3 м = см
5 м 2 дм = см
8) Амалды орында
250+(50 - 25)=
400+(240+160)=

YI. Қорытынды
«Иә - жоқ» ойыны арқылы сабағымызды қорытындылаймыз.
YII. Үйге тапсырма: №7, 18 бет
YIII. Бағалау: Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№ 19 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Тулеуова Зарина Нурлибековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 243
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы жайында және есептердің шығарылу жолдарын өз бетінше меңгеруге жағдай жасау.
Екі таңбалы сандарды ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жіктеу. Массаны өлшеу. Килограмм
Екі таңбалы сандарды ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жіктеу. Массаны өлшеу. Килограмм
Заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі – масса жайында түсінік беру және оның бірлігі килограмммен таныстыру, таразының көмегімен заттың массасын өлшеудің ерекшеліктерімен таныстыру;
Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы.
Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы.
Оқушыларды масса және оның өлшем бірліктерімен таныстыру, өлшем бірліктері туралы білімін кеңейту. өлшем бірліктерін өмірде пайдалану; - Оқушылар шағын топтар құрамында тиімді түрде жұмыс ұйымдастырады, шығармашылық атмосферасын қалыптастыруға ат
Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы
Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы
Қазақстан жері өте әдемі, ғажайып, тамаша, керемет! Шет елдердің кез келген атақты демалыс орындарынан кем түспейді. Осындай әдемі, байтақ, әдемі, бейбіт жерде, мәңгілік елде тұрып жатқанымызды мақтаныш етейік!
Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы
Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы
Қарағанды қаласы, «№92 гимназия» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Акмагамбетова Акшегуль Мажитовна
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы
Мұғалжар ауданы, Қ.Жұбанов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі: Мустакова Динара Жомартовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×