Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Отаным – Қазақстан

26 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сайыс сағаты: Менің Отаным - Қазақстан
Сынып: 5, 6, 7
Сайыс мақсаттары: Оқушыларға оқу мақсатына жету үшін не істеу керек?
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: (ІІІ деңгей)
- оқушылар заттың түсі, жануарлар, оқу құралдар, жемістер атауларын айта алады.
Оқушылардың көбі мынаны орындай алады: (ІІ деңгей)
- Өлеңді мәнерлеп оқи алады. Сызба бойынша атауға сипаттама беріп, сөз, сөз тіркесін құрастыра алады.
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады (І деңгей)
- мұғалімнің көмегімен постердің мазмұнын айта алады

Басы
Амандасады.
Шаттық шеңберіне тұрады. Әріптерді суырып, әріптерден сөз құрайды да, оқушылар оқиды да үш топқа бөлінеді.
Әр сөздің мағынасын синоним сөздер арқылы айтады.

Ортасы
І айналым « Танысу»
Әр топ мүшелері өздері осы сөздерге сай кластер құрайды. 1 топ - Қазақстан
2 топ - Отан – Родина
3 топ - Туған жер
• «Айналмалы» әдісі бойынша әр топқа таратылады
• Хормен жазғанын оқып шығады.

ІІ - айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа 6 сұрақ қойылады.
Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.
1 – топ: «Қазақстан»
1. 4 қабат пен 9 қабат үйдің қайсысы биік?
2. Төртбұрыш пен дөңгелектің қайсысында бұрыш көп?
3. “Орман дәрігері”?
4. Лақ қалай дыбыстайды?
5. 7 алманың 3 - уі желініп нешеуі қалды?
6. Сен қазақсың ба?

2 – топ: «Туған жер»
1. Мысықта неше аяқ бар? 2. Кітаппен дәптердің қайсысы жұқа? 3. Аң патшасы не?
4. Шыршаның түсі қандай?
5. 8 шардың 2 - уі жарылды, неше шар қалды? 6. Ит қалай дауыстайды?

3 – топ: «Отан»
1. Биенің сүті қалай аталады?
2. Қызыл түсті жемістерді ата?
3. Банан түсі қандай?
4. Екі санының көршісі?
5. Екі күшікте неше құлақ бар?
6. Судың түсі қандай?

ІІІ айналым «Қазақ елі»
Әр топқа тақпақ таратылады.
Шарты: Тақпақты топпен мәнерлеп оқып шығу керек. Топтың әр мүшесі қатысу керек. Қазақстан дейтін, менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Туған жер Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс – тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен.
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Бір мүдде, бір болашақ, бір мақсатқа,
Елбасы бастап берген саясатқа.
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз.

Сергіту сәті « Биле, биле»
1. «Қазақ тілі» туралы ролик \тыңдалым\
2. Мәңгілік ел туралы нақыл сөздермен таныстыру.
Мәңгілік Ел – ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Тұрмысы қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.
Барлығы: Бұл Мәңгілік Ел.

ІV - айналым «Мәңгілік ел»
Постер жасап жатқан кезде «Жаса Қазақстан» әнін тыңдау

Мектеп: «Фурманов орта мектебі»КММ
Мұғалімнің аты: Молдыбаева К.К.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Қосымшасын жүктеу
Қосымшасын жүктеу
3 141
0
  • 60
3 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау 5. 1. 6. 4 - Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу
Натюрморт өнері
Натюрморт өнері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі
А. Сейдімбек «Бақ, Дәулет және Аман» ертегісі
А. Сейдімбек «Бақ, Дәулет және Аман» ертегісі
Мәтіннің тақырыбын негізге ала отырып, оқиғаның дамуын болжайды. Мәтін мазмұнын түсінеді. Оқушылардың көбі мынаны орындай алады: Мәтінді шынайы өмірмен байланыстыра алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×