Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш

28 ақпан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сөйлем мүшелері туралы білімін одан әрі кеңейтіп, тұрлаулы мүшелер туралы мағлұмат алу. Бастауыштың өзіндік ерекшеліктерімен танысып, жаттығу жұмыстарын орындау.
Дамытушылық: оқушылардың өз ойын анық жеткізе білуге, сөздік қорын, ойлау қабілетін, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, қамқорлыққа, достарына және айналысындағы барша адамдарға көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап «Синтаксистік карта» ойыны.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеру.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сынып тазалығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.
4 - жаттығу. Әр қатарға бір сөзден қосып, пирамида құрастыр.
• Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
• Сөйлем мүшесі қандай мағынаны білдіреді?
• Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді?

Жаңа сабақ.
Оқушылар мұғалімнің басшылығымен алдымен жеке суреттер бойынша сөйлем құрастырады, сөйлемде кім туралы айтылғанын айтады. Кейбір сөйлемдерді мұғалім тақтаға жазады, ал қалғанын оқушылар ауызша талдайды онда кім, не туралы айтылғанын көрсетіп тұрған сөздердің астын сызады, үстіне сұрақтарын жазады.
Сөйлемдегі ойдың негізі болып тұрған сөйлем мүшелерінің бірі бастауыш деп аталатыны, ол кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беретіні түсіндіріледі
Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындағаннан кейін, оқушылардың сөз таптары жайындағы осы білім дағдыларына сүйене отырып, бастауыштың көбіне зат есімнен және зат есімнің орнына жұмсалатын сөздерден (мен, сен, ол, біз, т. б.) болатынын айта кетуге болады.
Мынадай кесте арқылы түсіндіруге болады.

Сұрақтары. Сөйлемдер.
Кімдер? Оқушылар Сурет көрмесіне барды. Олар суреттерді ұзақ тамашалады.
Нелер? Құстар зиянды жәндіктерді жейді. Олар адамдарға пайда келтіреді.
Кім? Марат сабағын оқып болды. Ол енді анасына көмектеседі
Не? Қоян қаша жөнелді. Ол түлкіден қорқады.

Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
• Сөйлемде кім немесе не жайында айтылып тұр? Сол сөздердің астын сыз.
• Талғат бірінші сөйлемде балалар туралы айтылады деп есептейді. Ал Гүлнар сөйлемде музей туралы айтылады деп санайды. Сен балалардың қайсысымен келісесің?
1) Балалар бүгін музейге барады.
2) Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
3) Болат қиын есепті өзі шығарды.
4) Апам бөлмені жинады.

2 - жаттығу. Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз.
Суреттің орнына жазылған сөздерге сұрақ қой.
1) Дәрігер науқас адамдарды емдейді.
2) Құстар аспанға ұшты.
3) Аю қысқы ұйқыға қамданды.
4) Бекзат тамылжыта ән салды.

Сергіту сәті.
Біз жазғамбыз, біз жазғамбыз.
Саусақтармыз жолды.
Әрі - бері дем алдырып,
Қайта жазу жазамыз.

3 - жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жаз.
• Бастауыштардың астын сыз, оларға сұрақ қой.-
Мен дала бардым
Мен дала бардым
Қыр гүлін берді,
Қол суын берді,
Күн нұрын берді.

4 - жаттығу. Мәтінді оқы. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
( Кімдер?)... сыныпта гүл өсіреді. ( Нелер?)... сынып бөлмесінің ауасын тазартады. Аквариумда ( нелер?)... жүзіп жүр. ( Кімдер?)... балықтарға қамқорлық жасайды.
Керекті сөздер: балалар, балықтар, олар, өсімдіктер, оқушылар.

Қорытынды.
«Синтаксистік карта» ойынын ойнату. Оқушыларға сөз және сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Мұғалім сөйлемдерді айтып шығады. Оқушылар сөйлемдерді карточка бойынша логикалық байланысты мәтін етіп құрайды құраған сөйлемдеріндегі бастауышты тауып, оның сұрағы жазылған карточканы тиісті қалташаға салады. Бұл ойының тәртібін керісінше өзгертуге де болады, яғни сөйлемде бастауыш берілмей, оның сұрағы ғана беріледі де, бастауыш жеке карточкаға жазылады. Ал балалар сөйлемнің мағынасы мен берілген сұрағына сәйкес бастауышты (карточканы) сол қалташаға салады.

Үйге тапсырма.
5 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз. Бастауыштардың астын сыз.
Бағалау.
Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.
2 636
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жайында жан - жақты толық мағлұмат беру; ә) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру; б) өз пікірін айтуға төселдіру, танымын кеңейту, ойлау қабілетін арттыру.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейміз.
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Оқушыларға сөйлем мүшелері туралы мәлімет беріп, сөйлем мүшесінің құрамына қарай және атқаратын қызметіне қарай таныстыру Тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың дара және күрделі түрлері туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен дара және күрделі сөйлем мүшелерін табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Байқоңыр қаласы, А. Құнанбаев атындағы №5 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Асатуллаева Кунзипа Кудайбергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×