Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Не дәмді?

08 мам 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырып: Не дәмді?
1 сынып
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
1. 1. 4. 1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.
1. 2. 2. 1. Сурет бойынша 2 - 3 сөйлеммен өз ойын білдіру.
1. 3. 3. 1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т. б) ажырату.
1. 4. 1. 1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін
сөздерді жазу
1. 3. 4. 1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша/неше) сұрақ қоя білу.
1. 5. 2. 1 Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.

Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Оқылған материал не туралы екенін түсінеді. Ертегі кейіпкерлерін атай алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Ертегі кейіпкерлерінің рөлін ойнай алады, және і дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, і дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Мұғалімнің тірек сұрақтарының көмегімен сурет немесе басқа да көрнекі құралдардағы сызбалар жайында заттың атын, санын сөздерді ауызекі тілде 2 - 3 сөйлем құрастыру арқылы қолдана алады. Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады, і дыбысы кездесетін сөздер қатары толықтыра алады.

Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Өз ойларын айта алады. Тани алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Қоян, ит, ешкі, тауық, мысық, сәбіз, сүйек, орамжапырақ, дән,
сүт(мұғалімді тыңдайды, қайталайды).

Диаграмма құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
дәмді сәбіз, үлкен ит, ақ сүт.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Қандай дәмді, тәтті тағамдар болады?
Мысық қайда тұрады?
Ертегі мен өлеңнің айырмашылығы неде?
ішінара: ертегі кейіпкерлердің дыбысталуы: мысық - мяу, ешкі - мме, ит - ырррр. жануарлар туралы не білетінін топ ішінде талқылайды.

Басы 20 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Балалар маған қараңыздаршы, енді төбеге қараңдар, сосын оңға, солға қараңдар, бастарыңды айналыңдар, көздеріңді бір жауып - бір ашыңдар, енді бір - біріне қарап күлімсіреңдер, ал енді іштеріңнен барлығың «барлығы жақсы болады, мен барлығын білемін» деп күлімсіреп орындарына отырыңдар.
- Балалар, осындай жақсы көңіл - күймен сабағымызды бастайық.
- Өзімді таныстырамын
- Оқушылармен танысамын
- Психологиялық дайындық (оқушылар стикер арқылы сабаққа келген көңіл - күйін белгілейді)
- Балалар сабаққа белсенді қатысып отырыңдар.
- Әр тапсырмаға смайликтер беріп отырамын.
ІІ. Еске түсіру: «Шапалақ әдісі» (Мақта қыз бен мысық ертегісіндегі кейіпкерлерді еске түсіру).
Сиыр, ағаш, қыздар, дүкенші, жапырақ, тышқан, дән,
сүйек, сәбіз, дәмді.
Айтылған сөздердегі І, і дыбысының айтылуы, жазылуымен таныстыру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты ашу флипчарт арқылы Не дәмді? соны корзинаға жинау
• Балалар, енді біз жаңа сабағымызды бастайық.
Оқушыларға қоржыннан қызыл, жасыл, сары алмаларды ұсына отырып, искетіп, дәмін сұрау.
1. Алма қандай?
2. Дәмді ме? Әлде ащы ма?
3. Жаңа сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар, кәнеки кім айтады? /оқушылар тақырыпқа өздері шығады/
Топқа бөлу./алма түсіне қарай/
• «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі. Үш топ сурет бойынша жұмыс жүргізеді, сәйкестендіреді.

Ортасы 25 мин
IV. Жаңа сабақ /Интербелсенді арқылы/
Ертегілер еліне саяхат « Не дәмді?» ертегісі
Бір күні тауық, қоян, ит, ешкі, мысық қандай тағам ең дәмді дегенге таласып қалыпты.
Тауық:- Қыт - қыт - қыт! Ең дәмді - дән.
Ит:- Ырррррр! Ең дәмді - сүйек.
Мысық:- Мяуууу! Ең дәмді - сүт.
Ешкі:- мм - е - е! Ең дәмді - орамжапырақ.
Қоян: Ең дәмді - сәбіз.
Сөйтіп, әрқайсысы өздері жақсы көретін тағамдарын айтыпты./интербелсенді тақтадан суреттер көрсету арқылы, ертегі мазмұнын ашу. /

V. Миға шабуыл кезеңі
1. Ертегідегі кейіпкерлер сендерге таныс па? /балалар атайды/
2. Әр жануар үшін қандай тағам ең дәмді? /балалар
атайды/

VІ. Драма әдісі
Оқушыларды ортаға шақырамын. Әр оқушыға ертегідегі бір кейіпкердің және дәмді тағамның суретін басына кигіземін./оқушыларға қажетті суреттер таратылады./
Көрнекіліктер: тауық, қоян, ит, ешкі, мысық, дән, сүт, орамжапырақ, сүйек, сәбіздердің суреттері.
Ертегі кейіпкерлерін шақырып, олардың қалай дыбыстайтынын сұрап, өз тағамдарын тауып, атауын айтқызамын./сахналауға дайындық жүргізіп, бастаймын./
Сөздік жұмысы:
дән, сүйек, орамжапырақ, сүт, сәбіз.

VІІ. Жазылым
1 - тапсырма
Жасырынған әріпті тап! Берілген сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
ТҮЛК... П... Л К... РП... Б... Р
2 - тапсырма
Суреттің атауын жаз
Берілген сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
7 2

Рефлексия
«Сиқырлы сандық» әдісі бойынша жаңа тақырыпты қайталау.

Мектеп: «Башмашын жалпы білім беру орта мектебі»ММ
Мұғалімнің аты - жөні: Айгерім Қанатқызы Жаирбаева

Толық нұсқасын жүктеу
6 610
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер
Жемістер
Жемістердің дәмін, түсін ажырата алады, қандай екенін айта алады. Жемістердің атауын үш тілде біледі және жаза алады.
Мен шырын ішемін
Мен шырын ішемін
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.
Емханаға бару
Емханаға бару
Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым(кім? не? қандай? ) сұрақтарға жауап беру Барлық оқушылар орындай алады: таныс сөздерді оқиды.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
үй жануарларын суреттен көрсете алады үй жануарлардың пайдасы туралы айта алады
Менің анам
Менің анам
Менің анам тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Балмұздақ. Жаңартылған бағдарлама бойынша
Балмұздақ. Жаңартылған бағдарлама бойынша
Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес сурет тыңдау. Шағын мәтінді қарапайым оқиғаларды мазмұндау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×