Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аманат

11 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Аманат
Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:

5 - 6 сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: мәтінің мазмұнын аша отырып, өсиет туралы ойларын ортаға салу.
ә\Тәрбиелілігі: үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы: өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, ой - өрістерін дамытуға, білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Пән аралық байланыс: дүниетану, сурет.
Әдісі: баяндау, ой - түйіндеу.
Түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: жыл мезгілдерінің суреті, мақал - мәтелдер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Өлеңді жатқа айту.
2. Отан туралы мақал - мәтел
3. Сөздік жұмыс.

Сергіту сәті «Үлкен, кішкентай»
Қонжық «үлкен» сөзін айтқанда, балалар аяқтарының ұштарымен жүреді, ал «кішкентай» сөзін айтқанда, балалар иілген аяқтарымен жүруі керек.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме.
а) Жазғы мезгіл туралы әңгімелеу.
ә) Сурет бойынша әңгіме құрау
2. Жаңылтпаш.(Жатқа айтқызу)
Көк тырна,
Көп тырна.
Тыраулап тен,
Көп тұрма.

Сергіту сәті. Дидактикалық ойын «Ұшады – ұшпайды»
Әдістемелік нұсқау: егер мен құстарды атасам, балалар қолдарын көтеру керек, ал егер басқа заттарды атасам, онда балалар қолдарын алдына қоюлары керек.

3. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді мәнерлеп оқу.
ә) Тапсырмалар мен сұрақтар.
- Аманат дегенді қалай түсіндің
- Дәлмырза атаның аманаты орындалды ма?
- Балалардың ойының қиянат деуге бола ма?

IV. Сабақты бекіту.
1. Мақал – мәтелдердің мағынасын ашу.
Ата - балағы сыншы.
Көз жетпегенге сөз жетеді.
2. Жаңылтпашты жатқа айт.

Анау өскен изен бе екен, жусан ба екен?
Қойды солай қусам ба екен?
Қарсы болмас қусам көкем.

V. Үйге тапсырма.
Мәтінді оқып, мазмұнын айт.

VI. Бағалау.

Әдебиеттік оқу бойынша сабақтың жоспары 3 сынып толық нұсқасын қарау
2 041
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзен. Көл
Өзен. Көл
туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, құрметпен қарауға тәрбиелеу. сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Көктем
Көктем
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру. Оқушылардың туған елін, жерін сүюге, табиғаттың әсемдігін суреттей білуге тәрбиелеу.
Менің анам.
Менің анам.
Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып, Анаға деген сүйіспеншілігі туралы түсініктерін тереңдету.
Ақ қыс
Ақ қыс
Мәтін мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ашу, жүйелі сөйлеуге үйрету. Оқушыны ізденуге жетелеу. Жауапкершілікті сезінетін өнерлі тұлғаны тәрбиелеу.
Өзін-өзі жеңген бала
Өзін-өзі жеңген бала
Оқушыларға жақсы жаман қасиеттер туралы түсінік беру. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
«Сіз», «Біз» деген – жылы сөз
«Сіз», «Біз» деген – жылы сөз
Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету, сыйластықтың адам өміріндегі маңызы туралы айту. Өз ойын айта білуге, қасындағыларға жанашырлық сезімдерін білдіруге, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×