Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Н. Қозыбаев «Наурыз көже»

16 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Н. Қозыбаев «Наурыз көже».
Мақсаты: 1) Оқушыларға наурыз мейрамының ерекшелігі туралы мағлұмат бере отырып, наурыз көженің маңызын түсіндіру. Наурыз көженің жасалу жолын үйрету.
2) Оқушылардың ой - өрісін, қиялын дамыту. Сөздік қорын молайту. Дүниетанымдарын кеңейту.
3) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, Отансүйгіштікке тәрбие беру.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу әдістері.
Көрнекілігі: наурыз мерекесі туралы видео, сюжетті суреттер, нақыл сөздер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды ана тілі сабағына даярлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
«Ұзынсары» мәтінін мазмұндау.
(2 оқушыдан сұрау)

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау кезеңі.
- Сонымен ұзынсары деген не екен?
- Балалардың ұзынсары деп күтіп жүргені қонақ па екен?
- Мәтінде қандай тағам түрі айтылған?
- Оның қалай жасалатынын білесің бе?
- Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?
(ұлттық тағам суреттерін интерактивті тақтадан көрсету)

ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.
- Балалар қазір қай мезгіл? (көктем)
- Көктемнің қай айы? (наурыз)
- Осы наурыз айында қандай мерекелер бар?
- Ендеше тақтаға қараңдар. (наурыз туралы видео көрсету)
- Тақтадан не көріп тұрсыңдар?
22 - наурыз қандай мереке?
- Адамдардың бәрі қалай киінген?
- Балалар 22 - наурыз жалпы мұсылман халқының оның ішінде қазақ халқының жаңа жылы. Наурыз күн жылынып, табиғаттың бәрі оянып, жаңарады екен. 22 - наурызды «Ұлыстың ұлы күні» деп те атайды. Бұл күні үлкен мереке. Ата – әжелеріміз. Қыз - жігіттеріміз бәрі ұлттық киім киіп, әр түрлі әндер айтылып билер биленеді.
- Өздерінің наурыз тойын тамашалап көрдіңдер ме?
- Ұлттық ойындар ойналады, жарыстар өткізіледі.
- Бұл күні балалар күн мен түн теңеледі.
- Қыдыр ата ел - жерді аралайды. Бұл күні ренжісіп жүрген кісілер бір - бірімен татуласады. Наурыз – қазақтың ұлттық мейрамы екен.
- Ал, осы мерекеде қандай тағам дайындалады?
- Наурыз көже
- Ендеше балалар, біз бүгін осы Наурыз көже деген мәтінмен танысамыз.
- Барлығын дәптерді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.

Ү. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
А) Бұл әңгімені атақты жазушы Нұрқасым Қозыбеков жазған екен.
Нұрқасым Қозыбек (таныстыру)
Ә) Оқушымен жұмыс.
1) Мұғалімнің мәтінді оқуы.
2) Мәтінің мазмұнын ашып, түсіндіру.
3) Сөздік жұмысы (тақтадан көрсету)
Уыз - жаңа бұзаулаған сиырдың алғашқы сүті.
4. Мәтінді оқушыларға оқыту.
Сергіту сәті.
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
- Наурыз көжеге қандай тағамдар қосылатынын білесіңдер ғой. Ендеше, соны жазып жібітейік.
Наурыз көже

Етқұрт, құрт, қамыр, бидай, сүт, тұз, бұршақ

ҮІІ. Қорытынды.
А) Сонымен, балалар, 22 - наурыз қандай күн? Оны кімдер тойлайды?
- Табиғат қандай күйге түседі? Наурызда дайындалатын үлкен асты қалай атайды? Оны пісірудің мақсаты не?
- балалар, қазақ халқының әр түрлі ұлттық салт - дәстүрлері де бар. (тақтадан көрсету) Ұлттық ойындар да бар. Біз осы дәстүрімізді әрқашан да құрметтеп сақтауыңыз керек.
Ә) «Орамал тастамақ» ойынын ойнап жіберейік. Осы ойын арқылы бір - бірімізге наурызда айтылатын жақсы тілек айтайық.
Б) «Бата беру». Мейірхан сен осы наурызда айтылатын жақсы тілектің бірі бата беріп жіберші.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.
«Наурыз көже» мәтінін мазмұндап келу.
ІХ. Бағалау
16 900
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
2- сынып дүниетану мемлекеттік мейрамдар
2- сынып дүниетану мемлекеттік мейрамдар
Менің бүгінгі сабақта сендерге тілерім ұшқыр ой, ойларыңа саналы сөз тілеймін. Қазақстанда мемлекеттік мерекелер өте көп. Соның бірі – Наурыз мерекесі.
Наурыз мейрамы - қош келдің!
Наурыз мейрамы - қош келдің!
«Ұзынсары» - бұл Наурыздың ұзақ, сары күні. Наурыз мейрамы - көптен күткен мейрам. Наурыз - жаңа күн, жыл басы! Наурыз тойының мақсаты - халыққа молшылық, тоқшылық тілеу! Сол үшін қазан - қазан наурыз көже жасайды. Әдемі киімдерін киіп, сыйлықтарын
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Наурыз көже
Наурыз көже
Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету. Наурыз көже туралы түсінік беру. Ұлттық тағамдарды қадірлей білуге, салт - дәстүрімізді сақтауға, елінің байлығын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Наурыз – жыл басы
Наурыз – жыл басы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Дарын» мектеп - лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қалижанова Аягөз Шаяхметқызы
Наурыз мерекесі
Наурыз мерекесі
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы,Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Омарханова Салтанат Тоқтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×