Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фигуралардың аудандары

26 қаңтар 2014, Жексенбі
Категориясы: Математика
Геометрия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Фигуралардың аудандары
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Фигуралардың аудандарын таба білу, формула бойынша есептеуге машықтандыру.
ә) тәрбиелік: Аудан табуда өлшем бірлігіне назар аудару, яғни біріңғай өлшем бірліктің сақталуын назардан тыс қалдырмауға және нақты есептеуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Геометриялық фигуралардың ауданын табу үшін теориялық білімдерін дамыту.
Сабақтың түрі: Ақпараттық сабақ.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд(аудан формуласы).
Сабақтың барысы мен мазмұны:
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу, 3 топқа бөліп орналастыру. Оқушылар кезек - кезек Тіктөртбұрыш, Параллелограмм, Трапеция деп айтып шығады.
ІІ. Психологиялық дайындық
Әрбір адам? Досым сыныптасым
Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздеу
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық
Сабақтың мақсатымен таныстыру,

ІІІ. Үй жұмысын тексеру.
«Білетінім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз» «Горячиий стул»техникасы. Әр командадан кезек - кезек 1 оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді
ҮІ. Сабаққа қызығушылығын ояту және белсенділігін арттыру. «Аквариум техникасы» бойынша
( 3 топ оқушылары жарыса отырып ойнайды, 1 делегат сайланады).
Алдарын плакат, карандаш, қою керек
І – топ. Қандай фигуралардың аудандарын табуды білесіңдер және олар қайда қолданылады.
Ү. Сергіту сәті
Оқушылар орынынан тұрып, тақтадағы күн бейнесімен бірге жаттығу орындайды
ҮІ. Тапсырма орындау. Өкіл техникасы бойынша. Представитель.
1. Трапеция тәрізді шабындықтың ( табандары 450м және 0, 62 км, ал биіктігі – 325 м) әр гектарының орта есеппен 40 ц шөп жиналады. Осы шабындықтан жиналатын шөптің мөлшерін анықтаңдар.
Бер: a = 450 м
b = 0, 62 км = 620 м
h = 325 м
әр гектардан 40 ц шөп жиналды
Т/к: Жиналатын шөптің мөлшері?

2. Көршілес қабырғалары 2 см және 5 см болатын параллелограмның ауданы 5 см 2. Параллелограмның сүйір бұрышы мен биіктігін анықтаңыздар?
ҮІІ.«Атом - молекула» ойыны

1.«Атом» командасынан кейін оқушылар без - берекет қозғалу керек;
2. «Молекула - 1», «Молекула - 2», «Молекула - 3» командасынан кейін сәйкесінше 1, 2, 3 топқа бірігу керек.
Бұл ойында басынан бірге отырған балалар орындарын ауыстырып отырады, оқушыларды бірсарындылықтан жалығудың болмау мақсатында орындалады.
ҮІІІ. «Өзің ойлан, сынарыңмен сырлас, ортаға сал» техникасы бойынша тапсырма орындау
1. АВС үшбұрышында: АВ=16см, ВС=22 см, ал С төбесінен түсірілген биіктігі 11см. Үшбұрыштың ВС қабырғасына түсірілген биіктігін табыңдар
2. Ромб диогоналдарының бірі екіншісінен 1, 5 есе үлкен, ал оның ауданы 27 см 2 ромб диогоналдарын табыңдар.

IХ. Сабақты бекіту. «Шеңбер уақыты» техникасы арқылы.
Төртбұрыштардың негізгі қасиеттері тұрмыста жиі қолданыла ма?
Төртбұрыштардың архитектурадағы кеңінен қолданысы неде?
Х. Оқушыларды бағалау
ХІ. Үйге тапсырма

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 595
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұзындық және аудан өлшем бірліктерінің кестесі. Ар – аудан өлшем бірлігі
Ұзындық және аудан өлшем бірліктерінің кестесі. Ар – аудан өлшем бірлігі
Ұзындық және аудан өлшем бірліктерінің кестесі. Ар – аудан өлшем бірлігі. Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Анықталған интегралдың көмегімен жазық фигуралардың ауданын есептеу
Анықталған интегралдың көмегімен жазық фигуралардың ауданын есептеу
Оқушыларға жазық фигуралар, олардың аудандары туралы ұғым беріп, жазық фигуралардың аудандарын табу бойынша білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру. оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; диалогтік оқыту арқылы сабақтың мазмұнын ашу;
Фигураның ауданы туралы түсінік. Фигуралардың теңшамалылығы және тең құрылымдығы
Фигураның ауданы туралы түсінік. Фигуралардың теңшамалылығы және тең құрылымдығы
Фигураның ауданы туралы түсінік. Фигуралардың теңшамалылығы және тең құрылымдығы. Тік төртбұрыштың ауданы мен периметрін таба білу. Ауданын табудың жалпы тәсілімен оқушыларды таныстыру.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін және ауданын әр түрлі тәсілмен табуды түсіндіру.
Төртбұрыштар тақырыбын қорытындылау (геометрия)
Төртбұрыштар тақырыбын қорытындылау (геометрия)
Бибіжан Кәдіржанқызы Зайырбаева Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы Боровской селосы, Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Анықталған интегралдың көмегімен жазық фигуралардың ауданын есептеу
Анықталған интегралдың көмегімен жазық фигуралардың ауданын есептеу
Астана қаласы, №34 орта мектебінің мұғалімі Бұғыбаев Мұхаметқали
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×