Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім

24 желтоқсан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы,Үстірт орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Зәуреш

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
13-18-жаттығулар.
Сабақтың түрі: аралас (І кезең – 5 минут; ІІ кезең – 25 минут; ІІІ кезең – 15 минут)

1. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: зат есімнің түрлерімен және олардың жасалу жолдарын өз бетімен анықтауына, зат есімнің жасалуындағы ерекшеліктерді өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне, жаттығу жұмыстарын орындағанда алған білімін өз бетімен қолдана алуына жағдай туғызу;
Тәрбиелік: өз бетінше дербес жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне, өзіндік шығармашылық ізденімпаздыққа,ерінбей еңбек етуге және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, ана тілінің құндылығын ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу;
Дамытушылық: әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлығын дамыту.
2. Сабақтың мазмұны: І –ІІІ кезеңдік тапсырмалар (төменде оқушының жұмыс дәптерінде және мұғалімге арналған жауаптар - кілтінде берілген)
3. Сабақтың әдіс-тәсілі:
І кезеңде – сұрақ-жауап;
ІІ кезеңде – а) оқулықпен өз бетімен іздену әдісі; б) дискуссия; в) практикада бекіту әдісі.
ІІІ кезеңде – үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері.
4. Формасы:
І кезеңде – фронтальды, жеке;
ІІ кезеңде – а) топтық; б) фронтальды; в) ұжымдық.
ІІІ кезеңде – жеке.
5. Көрнекіліктер:
І кезеңде – жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары;
ІІ кезеңде – а) оқулық; слайдтар, On-line тақтасы
б) оқулық, жұмыс дәптері
в) оқулық, жұмыс дәптері, тақта, бор.
ІІІ кезеңде – жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары.

Сабақтың өту барысы:
І кезеңде:
а) ұйымдастыру;
б) үй тапсырмасын тексеріп тақтадағы ашық журналға белгілеу;
в) «көпір тапсырмаларын» тексеру.

Бұл саяхатшы Дара мен Ботидың бастан кешкен оқиғалары.
- Балалар, бүгінгі сабақ біздер үшін ерекше өтеді. Себебі Дара және Ботимен бірге саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шықпас бұрын біз қақпадан өтуіміз керек. Ол үшін үй тапсырмасын тексереміз.

- Бірінші кезең – көпір тапсырмасын орындаймыз. Бұл үй тапсырмасын қорытып, жаңа тақырыпқа жетелейді.
- Не көріп тұрмыз?

- Бұзылған көпір.
- Оны жөндеу үшін өткен сабақтағы ІІІ кезеңнің екінші, үшінші деңгейдегі тапсырмаларды аяқтап, өз пікірлеріңді жазып келу тапсырылған болатын. Бүгінгі сабақта көпір тапсырмасы. сол білімдеріңді тексеру және жаңа тақырыпқа байланыстыру мақсатында берілген көпір тапсырманы сәтті орындауымыз керек. Орындағандарымыз сигнал таяқшаларымызбен белгілейміз. Ол үшін көрші отырғандар бірін-бірі тексереді. Дұрыс орындалғанына көздерің жетсе - қызыл, шала болса – жасыл. (Бағалау)

ІІ кезеңде:
а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеуі. Мұғалімнің тақтадағы «ашық журналдағы» алдында өткен тақырып бойынша жиналған жалпы ұпай санын өзінің жеке журналына және сынып журналына баға түрінде тіркеуі.
б) мұғалімнің көмегімен зат есімнің түрлері мен оның жасалу жолының ерекшеліктеріне байланысты дискуссия жүргізу;
в) тақтамен, оқулықпен жеке жұмыс.

- Балалар, екінші кезеңге өту үшін бізге отарбаға міну керек. Екінші кезең жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру кезеңі. Тапсырмалары белгілі. Мәтінді оқып, зат есімдерді тауып, сызбаны толтырамыз. Өз бетімен жұмыс жасаймыз. Келесі тапсырманы тез толтырамыз.

- Орындадық Дара мен Боти қуанды. Саяхатты жалғастырады. Тапсырмаларды орындасаңдар әрқайсысың жұлдызға ие боласыңдар.Келесі тапсырма бағыт сызықтары арқылы көптік жалғауларын тауып қосыңдар. Ары қарай біз оқулықпен жұмыс жүргіземіз.(Берілгенін оқытып,тақтамен жұмыс жасалады)
ІІІ кезеңде – дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруінен кейін оқушылардың өзіне тақтадағы «ашық журналға» белгілетіп отыру, жиған алғашқы ұпайларын қорыту, оларды оқушылардың жеке журналдарына тіркету және қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келуге беру. Үш деңгейді толық орындаған оқушыға төртінші деңгейдің олимпиадалық немесе ғылыми жобадан фрагмент тапсырмаларын беру. Қосымша, келесі тақырыптың бірінші кезеңіндегі «көпір тапсырмаларын» орындап келуге беру.

- Сергіту сәті
- Саяхатымызды жалғастырамыз. Балалар біздің алдымызда кедергі тұр. Ол - Троль тапсырмасы. Жоғарыға өз ойыңды жаз деген тапсырмада сөздің құрамы меңзеліп тұр. Яғни сөздің түбір мен қосымшадан құралғанын ескере отырып, сөздің сұрақтары мен құрылымында қандай өзгеріске ұшырағанын жазыңдар.
- Балалар Троль тапсырмасын орындап болған соң сигнал таяқшаларын көтеріңдер. (ашық журналға белгілеп, жұлдызшалар таратылады. )
- Үшінші кезең шығармашылық деңгейге келдік.
-
- Балалар не көріп тұрмыз? Дара мен Боти саяхатты атпен жалғастыруда. Алдынан не көрінді?
- Үңгір. Одан өту үшін бірінші деңгейдің тапсырмасын орындаймыз. Сигнал таяқшасын көтереміз.
- Жолдағы ірі тастардан өту үшін келесі тапсырманы орындаймыз.
- Үйге жету үшін тапсырмалар орындаймыз. (сигнал таяқшаларын көтереміз жұлдызшалар береміз)
-
Қорытынды:
- Балалар біз Дора мен Ботимен жүріп жаңа сабақты меңгердік.Оған бізге дәлел ашық журналдағы +,- белгілері.12 балл- 5, 9балл- 4, ал 3 деген баға жоқ. 5 балл алғандар келесі сабақтың көпір тапсырмасымен толықтырылады. (оқушылар бағаланады)

Үйге тапсырма:
- Үйге 3-деңгей тапсырмаларын орындап келесі сабақтың көпір тапсырмасына бағалануға дайындалып келеміз.
Сау болыңдар,балалар! Дара мен Ботида бізбен қоштасуда.
3 949
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, дара және күрделі сын есім туралы мәліметтер беру.
Сызықтық функция және оның графигі
Сызықтық функция және оның графигі
Бір айнымалы шаманың әрбір мәніне екінші айнымалы шаманың бір ғана мәні сәйкес болатын айнымалы шамалар арасындағы тәуелділік функция деп аталады.
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, сөйлем ішіндегі сын есімнің қызметін дұрыс табуға, оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығарту.
Натрий және калий
Натрий және калий
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Нияз Улан Комшабайулы
WORD –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру
WORD –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру
Қаниева Айнұр Қылышбайқызы Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің информатика пәні мұғалімі
Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта
Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта. Мақсаты: 1. Білімді игеруіне сәйкес, біліктер мен дағдыларды және қабілеттерін шыңдау. 2. Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру. 3.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×