Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сызықтық функция және оның графигі

20 ақпан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
І кезең. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта:
а) ұйымдастыру сәтін өткізеді;
б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі;
в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).

«Көпір» (жеке жұмыс)
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
1. Бір айнымалы шаманың әрбір мәніне екінші айнымалы шаманың бір ғана мәні сәйкес болатын айнымалы шамалар арасындағы тәуелділік функция деп аталады.
2. Тәуелсіз айнымалы, функцияның анықталу облысы деп аталады.
3. Аргументтің үлкен (кіші) мәніне функцияның үлкен (кіші) мәні сәйкес болғанда функция өспелі функция деп аталады.
Аргументтің үлкен (кіші) мәніне функцияның кіші
(үлкен) мәні сәйкес болғанда ғана функция кемімелі функция деп аталады. 4. Функция формула арқылы беру. Функцияны кестемен беру тәсілдері. Функцияны графиктік тәсілмен беру.

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:
а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут);
ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

1 - қадам (топтық жұмыс)
Бос орындарға қажетті сөздерді жаз:
1. у=kx+в формуласымен (мұндағы х - тәуелсіз айнымалы, k және в қандайда бір сандар) беруге болатын функцияны сызықтық функция деп атайды.
2. y=кх+в сызықтық функцияның графигі түзу сызық болады.
3. Сызықтық функцияның графигін салу үшін екі нүктені белгілеп, олар арқылы түзу жүргіземіз. 7 •В
4. у=3x+4 үшін кесте құрамыз.

Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Сарыжаз ауылы, Сарыжаз орта мектебінің
математика пәні мұғалімдері Ж. Қожәлім
Сызықтық функция және оның графигі жүктеу
3 076
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Функция ұғымы. Функцияның формуламен берілуі
Функция ұғымы. Функцияның формуламен берілуі
Функционалдық тәуелділік туралы ұғымды, функционалдық тәуелділікте тәуелсіз айнымалының бір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес болатындығын үйрету, өткен тақырып бойынша 63% - ға жеткен оқушылардың білім мен біліктілігін сөйлеу арқылы
Функцияның қасиеттері
Функцияның қасиеттері
Функцияның симметриялы жиын, жұп, тақ, периодты, шектелген функциялар ұғымдарымен және олардың графиктерінің қасиеттерімен таныстыру.
Математикадан сабақ жоспарларының жинағы (10 сынып)
Математикадан сабақ жоспарларының жинағы (10 сынып)
Математикадан сабақ жоспарларының жинағы 10 сынып. Функция ұғымы, оның анықталу облысы, мәндерінің жиыны, графигі, берілу тәсілдері бойынша білім, білік, дағдыларды дамыту.
Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі
Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі
Оқушыларда функция туралы ұғымды қалыптастыра отырып, алғырлыққа, алған білімдерін қорытып, тәжірибеде пайдалана білуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дәрежелік функция
Дәрежелік функция
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бөген елді мекені, Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Әшім Гүлнұр Оразбекқызы
Функция ұғымы және оның формуламен берілу тәсілдері
Функция ұғымы және оның формуламен берілу тәсілдері
Ақтөбе қаласының, №48 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Төребекова Мейрамгүл Қуандыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×