Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Уәде

29 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Уәде.
Сабақтың жалпы мақсаты. «Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту;
- балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;
- өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер «Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту;
- балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;
- өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Атқарамыз әр істі,
Жақсыға біз лайық
Жауаптылық сезініп,
Уәдеде тұрайық!

Топқа бөлу
Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабаққа байланысты эссені тапсыру.
Жаңа материалмен жұмыс. Мұғалімнің түсіндірмесі: Әңгіме «Өкініш» Атасының тапсырмасын орындап тастамақшы болып Қайырбек қораға қарай беттеді. Дарбазаның сыртынан біреудің ысқырғаны естілді.
- Қайырбек, жүр кеттік. «Бірлік» ауылының балалары келіпті. Осы жолы оларды нөлмен қатырмасақ па?
- Әттеген - ай - а!- деп Қайырбек басын шайқады. – Атам фермадағы бір танысынан есектің қамытын алған екен. «Соны апарып тастарсың»? деп еді.
- Өй, бар болғаны сол ма? Жақып көңілдене күліп қойды.
- Кешке дейін әлі талай уақыт бар. Үлгересің... Көп қиқаңды қойып, бізбен жүр. Олардан өткен жолғы қарымтаны қайтармасақ болмайды. Кездесе кетсе, мазақ қылады.
Қайырбек желкесін қасып сәл тұрды да:
- Мейлі ендеше, - деп, балалармен бірге футбол ойнайтын алаңға тартты. Жолшыбай атасы кездесті.
- Қайырбек шырағым, қамытты апарып бердің бе?
Қайырбек не дерін білмей абдырап:
- Иә, ата, апарып тастадым, - деді.
- Әп, бәрекелді. Өркенің өссін, қарағым!- Атасы риза кейіппен Қайырбекке көзін сығырайта қарап, күміс сақалын уыстай сипап қойды.
Дәйексөз
Мұғалім тақтаға «Уәде берсең - орында» деп жазып қояды және осы мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
- Әңгімеде айтылғандай, адам өзіне тапсырылған істі жауапкершілікпен орындамаса, өзін ғана емес, өзгені де ұятқа қалдырады екен.
- Сендер «Уәде берсең - орында» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
- Сендердің уәде беріп, орындай алмай қалған кездерің болды ма? Болса естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Балалардың жауаптары тыңдалып, өздері қорытындылауға мүмкіндік беріледі:
- Берген уәдені уақытында орындау үлкен жауапкершілікті білдіреді. Ата - бабамыз балаларының жауапкершілікті болып өсуін армандаған, сол үшін де «Уәдені – берсең орында» мақалы ұрпақтан ұрпаққа бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

Мұғалімі: Балғабек Жанар

Уәде. жүктеу
4 295
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам деген ардақты ат
Адам деген ардақты ат
Адамгершілік ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Ата - аналар жиналысының жоспары: Табысты мектеп – мінсіз оқушы
Ата - аналар жиналысының жоспары: Табысты мектеп – мінсіз оқушы
Оқытудың жаңа әдістеріне және олардың оқушы дербестігін, жауапкершілігін, өзін - өзі реттеудің, ізденушілік қабілетін дамытудағы маңыздылығын түсіндіру.
Тәртіп пен парыз
Тәртіп пен парыз
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары. Тақырып: Тәртіп пен парыз
Жаны саудың − тәні сау
Жаны саудың − тәні сау
Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Арман – жарқын болашақ бейнесі
Арман – жарқын болашақ бейнесі
«Арманына қадам бас!» атты әңгімені шынайы өмірмен байланыстыра отырып балалардың «Дұрыс әрекет» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Алғыс
Алғыс
Алғыс ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Алғыс айту туралы түсініктерін кеңейту. М. Төрежановтың «Алғыс» әңгімесін кейіптендіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×