Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың хан сайлауы (М.Мағауин)

25 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы,
№32 Жалпы орта мектеп-гимназиясының
бастауыш класс мұғалімі Шамишева Бағдагүл

Пәні: әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың хан сайлауы (М.Мағауин)
Сабақтың мақсаты: Қазақтың хан сайлау рәсімі туралы мағлұмат беру. Оқу дағдысын, тілін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Хан сайланатын адам бойында болатын жақсы қасиеттер туралы айта отырып, осы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуге баулу.
Ұжымда жұмыс істей білуге, іздене білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары, сөздік, көрнекілік
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі:Дәстүрден тыс
Пән аралық байланыс: Тарих

Сабақтың барысы:
І Алғашқы ұйымдастыру кезеңі
Класс бес топқа бөлініп, топ басшылары тағайындалады.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
М.Жұмабаевтың «Өткен күн» өлеңін мәнерлеп оқытып, түсінгендері сұралады.
Ол үшін әр топқа бір –бір сұрақ беріледі.
І топ -М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы не білесіңдер ?
ІІ топ –«Өткен күн» өлеңінде қазақ жері қалай суреттелген ?
ІІІ топ –Өлеңде сол кездегі адам бойындағы қандай қасиеттер сөз болады?
ІV топ –Өлеңде қазақ хандары, билері, батырларынан кімдердің аты аталған?
V топ –Ауылдың жайлауға көшкен кездегі көрінісі.

ІІІ Жаңа материалды меңгерту.

Жаңа материалды меңгерту «бірлесіп оқу» стратегиясы арқылы жүзеге асады.
1.Жаңа тақырып хабарланады, мақсат айтылады.
2.М.Мағауин туралы қысқаша мәлімет беріледі. Суреті көрсетіледі.
3.Мәтін бес бөлімге бөлініп, топтарға таратылады.
4.Тақтада мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағыналары жазулы тұрады.
5.Әр топ өзіне берілген үзіндіні оқып, түсінеді.
6.Топ мүшелері мәтіндегі негізгі мәселелерді дәптерлеріне түртіп алады.
7.Топ мүшелеріне 1, 2, 3, 4, 5 сандары жазылған парақша таратылады.
8.Әр топтағы 1 санын алған оқушылар жиналып жаңадан топ құрады.2 санын алғандар да топтасады. 3, 4, 5 санын алғандар да солай топтасады. Осылайша жаңа бес топ пайда болады.
9.Әр топтан келген оқушылар өз топтарында оқып танысқан мәтіндерін жаңа топ оқушыларына түсіндіреді.Олар осылайша «Қазақтың хан сайлауы» мәтінін бірлесіп оқып, түсінеді.
10.Қазақ хандары туралы қосымша мәлімет беріледі.Хандық басқару жүйесі таныстырылады. Президент сайлауы туралы айтылады. Қазіргі мемлекетті басқару жүйесі таныстырылады.
11.Оқушылардың өз беттерінше мәтінді қалай түсінгендерін байқау үшін кесте беріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 917
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығының қыр - сырларын меңгеруге, мазмұнына тереңдей бойлай отырып, шығармаларына жан - жақты талдау жасауға ықпал ету.
Қазақтың хан сайлауы
Қазақтың хан сайлауы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс батыр ауылы Қ. Пірімов атындағы №103 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Тоқсанбаева Биғанша
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын есептеу
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын есептеу
Сабақтың мақсаты: Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданының формуласын пайдалана отырып ауданды таба білуге үйрету.
Аулақ бол, жаман әдеттен
Аулақ бол, жаман әдеттен
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Шамишева Бағдагүл
Санды теңдіктер және теңсіздіктер
Санды теңдіктер және теңсіздіктер
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Шамишева Бағдагүл
Сөйлем
Сөйлем
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Шамишева Бағдагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×