Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаным толған жақсылық

08 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Жаным толған жақсылық
Мақсатым: Оқушыларға жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндіру; достық қарым - қатынаста болып үлкенді сыйлау, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту; бір - бірімен шынайы достықта қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру бөлімі: (тәрбие сағатын бастамас бұрын амандасу) Үлкенге де "Сіз" Кішіге де "Сіз". Бар адамға құрметпен, Бас иеміз біз.
ІІ. Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламын, Ізгі нәзік, жарық, мейірімді,
Жүрегіме басып ұстай қаламын. Болып кетер сонда дереу жан - жағым

Мұғалім: Сыйлық жүрекшелер тарату. Жүрекшелерде есептің мәні және дыбыстар жазылған. Есептің мәнін орындап, сандардың өсу ретімен тұрады. Сол кезде тәрбие сағатының тақырыбы «ЖАНЫМ ТОЛҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ» деген жазу оқушылардың жүрекшелеріндегі дыбыстардан құралып шығады. Әрі қарай, сол дыбыстармен (дауысты, дауыссыз) екі топқа бөлінеді.

І - топ: «Адамгершілік» ІІ - топ: «Мейірімділік» (екі топ топ атауына байланысты түсінік беріледі)

Әрі қарай, мұғалім «Адамгершілік» пен «Мейірімділік» атауына түсінікті толықтыру арқылы жұмбақ жасырады. «Осы жақсылықтың барлығын адам бойынан бір сөзбен айтқанда ең бастысы не болуы керек білгілерің келе ме?» деп (слайдпен) ребусты шештіреді. Ребустен: «ҚАСИЕТ» сөзі шығады. Мұғалім қасие түрлері (жақсы қасиет, жаман қасиет) туралы түсінік беріледі.

ІІІ. Ой шақыру
Ұлы Абай атамыз жырлағандай «Адам болам десеңіз» өлеңін оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді ашып айту.

Мұғалім: Мен Абай атамыздың қатарына елбасымыз Әбішұлы Нұрсұлтан ағамызды қояр едім. Неге деп ойлайсыздар...
Өйткені, елбасымыз жүректі адам. Жұдырықтай жүрегіне барлық елдің қамын жеп, жағдайларын жасап, тілегі елінің үстінде...
Сіздер кімді қояр едіңіздер...? ( оқушылардың жауабы: ата ана, ұстаз, ат - әже туыс бауыр болды. Таңдауының себебін, өз бетімен ойларына дәлелдерін келтірді)

Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

ІV. Шығармашылық жұмыс. «Жақсылық атаулының үлгісі» ( 2 мин бейнеролик көрсету )

«Тіл - жүректің үні ғана емес, ұлттық рухтың абыройы мен болмысы. Елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі жаһандық экономика тілі болып саналады» деп елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында «Үш тұғырлы тілді білу - баянды болашақтың кепілі» дегендей, келесі бөлімде ана тіліміздің абройын асырып, мәртебесін үш тілде дамыту мақсатында

«Ойлан, тап» әдісін орындасақ.
«Жақсылық» тақырыбында қазақ тіліндегі нұсқасын (слайдтан) хормен оқыту. Әрі қарай, конвертте салынған үлгіде І - топқа орыс тілінде, ІІ - топқа ағылшын тілінде тілде төрт жол өлеңді кеспе сөздіктерден құраттым.

V. Рефлексия “Жақсылық тамшысы” өмірге риза болып, алғыс айту (бастапқыда берілген жүрекшелерді дәл ортасынан бөліп, тамшыға айналдыру. Сол тамшыларға кері байланыста тілек жазып, тақтаға жапсыру)

Мұғалім: Көптің тілегі - көл. Балалар, өмірде осы тамшылардай жан дүниесі жақсылыққа толы, мейірімді, жылы жүзді, жүректі, сыпайы адамдар тамшылардай көп болса, өмір сүру қандай керемет болар еді!!! Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рақмет деп алғыс білдіреді.
Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.

VІ. ҚОРЫТЫНДЫ.

Ендеше, бүгінгі таңдаған тақырыбымызға сай, «ЖАНЫМЫЗ ТОЛҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ» болсын!!! Өмірді сүйіп, жақсылықты бағалайық!!!
Назарларыңызға рахмет!

Атырау обл, Мақат ауданы, Мақат поселкесі
Хамза Санбаев атындағы орта мектебінің
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Мансариева Нургуль Темирбаевна

Жаным толған жақсылық. жүктеу
2 372
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың “қайырымдылық, ” “қамқорлық,” “жақсылық” құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Бала – адамның бауыр еті
Бала – адамның бауыр еті
Баланың өмірінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін ұғындыру, отбасы мүшелерінің сыйластығын үлгі тұтып, ата өсиетін, әке ақылын санаға сіңіріп, өз өміріне тағылым етуге баулу.
Жаным толған жақсылық
Жаным толған жақсылық
Дәйексөз. Ы. Алтынсариннің «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе». Деген нақыл сөзінің мағынасын түсіндіремін. Яғни біреуге жақсылық жасап, жасаған жақсылығыңды бұлдап, міндет етпеу керектігін айтамын. Адамға жақсылық жасаған соң
Жаным толған жақсылық
Жаным толған жақсылық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы,Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Жансая Қонысбайқызы Қызметова
Қайырымдылық
Қайырымдылық
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×