Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі

25 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
І санатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна

Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген. «Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң», «Жоғары және орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.

Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы.
Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы - ата-анасы.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады.

Педагогика практикасында оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының бірнеше түрлі қызметтері бар.
1-кезең: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны және әдістемесімен таныстырады. Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады. Өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен, ата-аналар комитетінің жоспарлы атқаратын жұмыстарын, кезекті мәселелерді бірігіп талқылайды.
2-кезең:Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады.
- тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
- қызығушылық негізінде ата-аналарға сауалнамалар мен анкеталық сұрақтар беру;

- сыныптық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеулер жүргізу;
- психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер;
Ата-аналар сауалнамаларына тоқталу. Ата-аналардан оқу жылының басында 3 түрлі сұраққа жауап алуға болады?
1. Балаңыздың бойынан мектепке келгеннен кейін қандай өзгерістер байқадыңыз?
2. Мұғалімнің және ата-ананың тарапынан қандай көмек керек?
3. Ата-аналар жиналысына қандай тақырыптар ұсынасыз?
Әр жиналыстан немесе жыл аяғында ата-аналардан әртүрлі сауалнамаларды алып қорытып, әрі келер жылғы ата-аналар жиналысын жоспарлауға болады.

Әр жиналыс сайын кері байланыс парағы таратылып отырады. Бұл жұмыстан мен өзім жоспарлап өткізген жиналыстың бағасын білем және ұсыныстарды ескеріп келесі жиналыста талдап түсіндіруге тырысамын.
Заң:
Ата-аналарға құқықтық білім беру негізінде өткізілген жиналыста ата-аналар топтарға бөлінеді. Әр топқа мынадай үлгідегі тапсырмалар беріледі:
а) Қазақстан Республикасының құқығы жайлы балалардың құқығы қалай қорғалған?
ә) Өз балаңыздың құқығы бұзылған кезі болды ма? Сіздің әрекетіңіз, т. б
б) Ата-ананың бала алдында міндеті қандай? Сіз қалай орындап жүрсіз?
Осы тапсырмалар төңірегінде ата-аналар ой бөліседі, пікір алмасады. Пікірталас соңында заңгер ата-аналардың және сынып жетекшісінің қорытынды сөзі айтылады.

- принциптер;
- ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрме ұйымдастыру,
Оқырмандар конференциясын ұйымдастыру.
Формалары:
- сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары);
- жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (сыныптағы іс-шараға қатысу және ата-аналар арасында әр түрлі жарыстар ұйымдастыру);
- әр түрлі жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу;
- отбасылық ойын байқаулары;
- оқырмандар конференциясы (ата-аналар жиналысының хаттамасына тоқталу);
- жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбие түзету жұмыстарын жүргізу;

Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек.
Осы арада өзімнің ата-аналар жиналысында таныстыруды қалай ұйымдастыратыныма тоқтала кетсем. Ата-аналар әртүрлі қиындыларды біріктіру арқылы жұптарын табады. Әркім өз жұбын таныстырады. Таныстыру әр түрлі формада:өлең, эссе, сурет салу, әңгіме жазу, т. б. Осылай танысу ата-аналарды жақындастыра отырып, ұйымшылдығын арттыруға көп көмегін тигізетініне көзім жетті. Сол секілді әр жиналыстың басында өткен жиналыс пен соңғы жиналыс аралығында өз отбасында қандай елеулі, қуанышты оқиғалар болғанын әңгімелейді. Бұл әрекет ата-аналардың бір-бірінің қуанышына ортақтасуға, жақындастыруға және ынтымақтастығын арттыруға арналады.

Ұзын сонар баяндама оқып тыңдау сияқты ата-аналар жиналысын өткізудің ескі формасын осы сияқты жұмыстармен алмастырып түрлендіруге болады.
Сынып жетекшісі, отбасы салыстырмалы түрде тәрбиенің тыйым институты, ал ата-аналардың тәрбиелік күш-қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеруі тиіс.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөніндегі қазақ халқына жолдауында негізгі стратегиялық бағыт «Халықтың көптеген топтарының бірлігі жекешіл және қоғамдық негіздерін салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі» деуінің өзі қоғамдық ұйым, бірлестіктердің дамуына мүмкіндік ашып отыр. Жас ұрпақты бір бағытқа бейімдеп, олардың іскерлік қабілетін тәрбиелеп жетілдіретін ерікті қоғамдардың бүгінгі ТМД елдерінде, тіпті Америка, Ұлыбритания, Франция сияқты өркениетті елдерде де өмір сүріп отырғанын жақсы білеміз.

Олай болса, жас ұрпақтың білім, білік дағдыларын қоғамдық іске бейімдейтін саясатын тысқары ерікті қоғамын құрудың мектептегі оқу-тәрбие ісін жүйеге келтіру де пайдалы екені сөзсіз.
Ата-аналардың өзіне мектеп тарапынан алға қойған мақсатымызды жүргізу үшін нақты педагогикалық көмектер ұйымдастырған абзал.
Бұл-тәрбие саласындағы аса бір қажеттілік. Тәлім-тәрбие беру барысында ата-аналардың да саяси сауатты, көкірегі ояу болғаны жөн. Осы мақсатта мектебімізде ата-аналар комитеті құрылып, оның мүшелері сайланды. Ата-аналар комитеті мүшелерінің өз алдына жұмыс жоспары құрылып, кездесулер өткізіліп тұрады.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары
Даралық Топтық
Педагогикалық Ашық Сұрақ-жауап Жалпы лекция есік кеші ата-аналар жиналысы
Білім мекемелерінің ата-аналармен әлеуметтік серіктестігі
Педагогикалық
лекция,
консультация
Ашық есік
Күні
Сұрақ-жауап кеші
Жалпы ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы
Жиналыс диспуттар
Жиналыс-практикумдар
Тоқсандық қорытынды
Жиналыс

Ата-аналар комитетімен бірлесе сынып жетекшісінің жүргізілетін жұмыс түрлері:
1. Алғыс
2. Топтың жиналыс әңгімесі
3. Жанұямен жеке дара жұмыс
4. Оқушының мінездемесі
5. Қоғамдық негізде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру
6. Педагогикалық талап
7. Қиын жанұялармен жұмыс
8. Педагогикалық консультация, жеке әңгіме

Осы атқарылатын жұмыстардың мазмұнына жеке дара тоқталатын болсақ:
1. Алғыс-қызметтің биік адамгершілік мотивтерін жүзеге асырудағы табыстарды қолдап, көтермелеудің шарасы. Ата-аналарға алғыс жариялау сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігінің жанұяға назар аударуының қамқорлық көрсеткіші.
2. Топтың жеке әігімесі-жанұямен саралап жұмыс істеудің жетерліктей тиімді әдісі. Әңгімелесу тәрбие істерін жақсарту жолдарын бірлесіп іздестіру сипатында болды. Тәрбиелік міндеттерді шешуде ата-аналармен толық әңгіме жиналыс өткізукерек.
3. Жанұямен жеке дара жұмыс жүргізу-сынып жетекшісінің ата-анамен араласуының күрделі түрі, баланың даралық қабілеті мен отбасы туралы білімдерін нақтылай түсуіне, жеке басты дамытудың жеке бағдарламасын жасау үшін ұйымдастырылады.

4. Оқушының мінездемесі - жеке адамды дамыту туралы, оның негізгі жеке даралық ерекшеліктері туралы құжат. Ол-оның оқушылармен және ата-аналармен жеке жұмысындағы педагогикалық қызметі, педагогтың баланың қалыптасып келе жатқан жеке басы жөніндегі мінездеме таныстыруы.
5. Қоғамдық негіздерде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру - ата-ананың мектептің тәрбие жұмыстарына белсене қатысуы.
6. Ата-аналармен жеке әңгімелесуге қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар-фактілерді жинақтау қорыту, бақылауды талдау және қорыту, педагогикалық тапсырма беру, мұғалімдер бөлмесінде, дәлізде талқыға салмай, жеке талқылау.
7. Қиын жанұялармен жүргізілетін жұмыстар - бала үшін күрестің әрқашан азап шегудің куәгері болып көрінетін, оның ата-анасының жеке басына қатысы жөнінен инабаттылықтың барлық нормаларын
барынша қатаң сақтау жағдайында өз әсерінің үдемелілігін қамтамасыз етуге тиіс.
8. Педагогикалық консультация - ата-анамен жүргізілетін педагогтың жұмыстары.

Жаңадан қабылданған ҚР-ның «Білім туралы» заңын, ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, 12 жылдық білім беруге көшу ұстанымдарын орындай отырып, ҚР-ның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін педагогтар қауымы өз бойындағы күш-жігерін оқушыларға сапалы білім, үлгілі тәрбие беруде аямайды деп сенемін. Тәрбиелі бала, баланың болашағы деп шырылдайтын ата-ана, қоғамның өз деңгейінде жүруіне әсер ете алатын ата-аналар мен сынып жетекшілерінің жұмыстары жандана берсін демекпін.
23 722
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы - тәрбие мектебі
Отбасы - тәрбие мектебі
Ата - ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін отбасында балаларын тәрбиелеудің заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.
Бала - біздің болашағымыз
Бала - біздің болашағымыз
Ақтөбе қаласы, Россовхоз орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үркімбай Шырайгүл Ізбасарқызы
Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ
Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Мендигалиева М. К.
Ата - ананың мектептегі алатын орны
Ата - ананың мектептегі алатын орны
Ә. Жангелдин атындағы, № 52 жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі: Айсариева З.
Тәрбие отбасынан басталады (баяндама)
Тәрбие отбасынан басталады (баяндама)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Салтанат
Отбасы тәрбиесі
Отбасы тәрбиесі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×