Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі таңбалы санға көбейту және бөлу 64х48 және 3072: 64

13 шілде 2018, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға көбейту және бөлу 64х48 және 3072: 64
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 64·48, 3072: 64 түріндегі мысалдарды шығаруды, сәйкес қалдықпен бөлуді үйрету;
Дамытушылық: Есептер мен тапсырмаларды орындау барысында тез есептеуге қалыптастыру, есте сақтау қабілеттері мен логикалық ойлауын дамыту;
Тәрбиелік: Ізденіп көп оқуға, білімділікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тапсырмалар.
Сабақтың типі: жаңа оқу материалдарын оқып үйрену сабағы
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Математика – толған тамаша заңдылық сән,
Математика – толған тәртіп, мағына мән.
Математика – толып жатқан терең сыр,
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір.
- Математикадан біз нені үйренеміз? Математикада неше амал бар?
Амалдардың атауымен топқа бөліну: Көбейту. Бөлу. Қосу. Азайту.
Топбасшыларды сайлау.
- Біздің тұрған ғаламшар қалай аталады? Балалар, сендер неше ғаламшар бар екенін білесіңдер ме?
- Ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім? Ғарышкер болу үшін математиканы білу керек пе?
- Ғарышқа ұшқыларың келе ме? Ендеше, балалар, бүгін біз де ғарышқа ұшамыз. Ғарыштағы математиканың пайдасын анықтаймыз. Дайынбыз ба?
Ол үшін тапсырмаларды дұрыс орындауларың керек. Келістік пе? ( Зымыранмен ғарышқа ұшу)
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы: №5тапсырма 13 - бет
Бекіту: -. Ауданды қалай табамыз? Ұзындығын еніне көбейтеміз.
- Периметрді қалай табамыз? Ұзындығы мен енін қосамыз, 2 – ге көбейтеміз.
- Екі таңбалы санға қалай көбейтеміз?
1 - ғаламшар - Меркурий ғаламшары. Болпан немесе Меркурий немесе Олпан, Таңшолпан, Кіші Шолпан — Күнге ең жақын және Күн жүйесінің 1 - ші ең кіші ғаламшары. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады. Болпанның бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне сәйкес. Болпанды бақылау өте қиын. Бетіндегі температура күндіз +300 дәреже болса, түнде - 200 дәрежеге төмендейді.

ІІІ Жаңа тақырып
Оқулықпен жұмыс:
№1 тапсырма. а) Көбейтуді түсіндіре отырып орында: 64·48
1. Көбейткіштерді баған түрінде жазамын...
2. Санға бірлікті көбейтемін: 64·8
Бірінші бағанға толымсыз көбейтінді 512 шығады
3. Санға ондықты көбейтемін 64•4
Екінші толымсыз көбейтіндіні ондықтың астынан жаза бастаймын. Екінші толымсыз көбейтінді 256 ондық шығады
4. Толымсыз көбейтінділерді қосамын
5. Жауабын оқимын: 64 пен 48 - дің көбейтіндісі 3072 - ге тең.
ә) Жазуларды пайдаланып, екі таңбалы санға бөлу тәсілін түсіндір. 3072: 64
1. Бөлінгіш пен бөлгішті бұрыштап жазамын
2. Бірінші толымсыз бөлінгіш – 307 ондық. Бөліндінің мәні екі таңбалы сан. 307 - ні 64 - ке бөлу керек. Ол үшін 307 - ні 60 - қа бөлеміз. 307 - ні 10 - ға бөлсек, 30 шығады, 0 - ды 6 - ға бөлсек, 5 шығады. Бұл байқау цифры. 5 цифры сәйкес келе ме тексереміз.
64•5=32 ондық. Салыстырамыз 320 >307. Демек, 5 цифры сәйкес келмейді. Енді 4 цифрын қойып көреміз, дәл келеді, өйткені қалдық 51. Ол 64 - тен (бөлгіштен) кіші.
3. Екінші толымсыз бөлінгіш - 512. 512 - ні 64 - ке бөлу керек. Ол үшін 512 - ні 60 - қа бөлеміз. 512 - ні 10 - ға бөлсек 51 шығады. 51 - ді 6 - ға бөлсек, 8 шығады. Бұл байқау цифры. 8 цифры сәйкес келе ме, тексереміз. 64·8=512. Бұл сәйкес келеді.
4. Жауапты оқимын: 3072 - нің 64 - ке бөліндісі 48 - ге тең.
2 - ғаламшар - Шолпан ғаламшары. Шолпан — Күн жүйесіндегі оған жақын екінші ғаламшар. Шолпан ғаламшары - ең ыстық планета. Шолпандағы температура - 470градусқа дейін жетеді, бұл металды балқытып жіберуге жетерлік. Шолпан баяу қозғалады. Жерге қарама - қарсы бағытта қозғалады. Көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден - ақ ғалымдардың назарын өзіне аударған. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 118 тәулікке тең. Оның Күннен орташа арақашықтығы 108 млн. км. Шолпан – аспандағы ең жарық шырақ (Күн мен Aйдан кейінгі).

№ 2 тапсырма. Бөлуді орында және тексер:
- Бөлуді қандай амалмен тексереміз?
5561: 67=83 2496: 48=52 5561: 83=67 2496: 52=48
3 - ғаламшар - Жер ғаламшары. Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар, адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер шеңбері 40075 км және салмағы 6000 миллион тоннаға жуық. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29, 765 км/с жылдамдықпен 149, 6 млн. км орташа қашықтықта 365, 24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай

№3 тапсырма. Қалдықпен бөлуді орында:
5627: 64
6489: 48
5512: 83
2471: 52
4 - ғаламшар - Марс ғаламшары. Марс (Қызыл жұлдыз) — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4 - ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диаметрі 6800 км, массасы 6, 423. 1023кг. Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы орташа есеппен 780 тәулікте қайталанады. Марс – зерттеуге ең жеңіл планета, өйткені оның беткі қабатына қонған ғарыш аппаратын жаншып және балқытпайды. Марстағы температура - 125 градусқа дейін төмен болады.

№4 тапсырма
Нан зауыты 430 центнерден 10 вагон арпа ұнын және 500 центнерден 7 вагон бидай ұнын қабылдады. Барлығы қанша ұн қабылданды? Арпа ұны бидай ұнынан қанша артық? Шешуі: 430*10=4300ц 4300+3500=7800ц барлығы
500*7=3500ц 4300 - 3500=800ц артық
Жауабы: 7800ц, 800ц
- Бидайдан не пісіреді?
- Нан туралы мақал - мәтел, тыйым сөздер айтқызу
5 - ғаламшар – Юпитер ғаламшары. Есекқырған (кейде Юпитер) — Күн жүйесінің бесінші ғаламшары. Есекқырған Күннен 773 млн. шақырым қашықтығында орналасқан. Есекқырған Күн жүйесінің ең үлкен ғаламшары. Диаметр бойынша ол 11 есе Жерден үлкен, салмағы бойынша ше 300 есе үлкен. Есеккқырғанның бір жылы Жердегі 11 жылына сәйкес, яки Есекқырған Күнді 11 жылда бір айналады. Есекқырғанның, Жермен сәйкестегенде, жылы ұзақ болса, тәулігі өте қысқа. Есекқырғанның бір тәулігі 9 сағат 50 минутқа сәйкес. Ол бар үлкен ғаламшарлар секілді өте жылдам өз белін айналады.
Ғаламшар бетіндегі орта шама температурасы −138 °C. Ол ең үлкен ғаламшар, бірақ оған бірде - бір ғарыш аппараты қона алмайды, өйткені онда топырақ жоқ, бар болғаны негізінен газ массасы ғана. Юпитер - жел ең көп болатын планета

Сергіту сәті:
Қостық біз, көбейттік біз,
Қатты шаршап кеттік біз.
Кәне, тұра қалайық,
Қимылдасын қол - аяқ.
Кірпікті де қағайық, терең демді алайық,
Орнымызға отырып.

« Логикалық сұрақтар»
№6 тапсырма. Теңдеулерді шеш:
Х+3019=5240 х - 1025=2220 х*84=2940 х: 27=5870
Х=5240 - 3019 х=2220+1025 х=2940: 84 х=5870*27
Х=2221 х=3245 х=35 х=158490

6 - ғаламшар – Сатурн ғаламшары. Сатурн — Күннен санағанда алтыншы, салмағы мен үлкендігі бойынша Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар.
Қоңырқай Күннен 1429 млн км (9, 58 а. б.) қашықтықта орналасқан. Күннен айналу уақыты - 29, 46 жыл.
Қоңырқайдың шамамен 60 серігі бар және ең күрделі сақиналар құрылысы бар ғаламшар.
Ғалымдарға таңғажайып болғаны сатурн сақиналары. Бұл сақиналарды телескоп арқылы көруге болады.
№7 тапсырма.
а) 9000 - ды 18 есе кемітіп, шыққан нәтижені 9 есе арттыр. 9000: 18*9=4500
ә) 86 мен 82 - нің көбейтіндісін 1025 - ке кеміт. 86*82 - 1025=6027
б) 3025 және 986 сандарының қосындысын 7 есе кеміт. (3025+986): 7=573
в) 1800 бен 30 сандарының көбейтіндісін 27 есе кеміт. (1800*30): 27=2000

7 - ғаламшар – Уран ғаламшары. Уран - Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13 - інде Уильям Гершель ашқан. Күнді 84 жылында бір рет айналады. Уран - күннен алыс жатқан планета. Ол газдан және қатты ядродан тұрады. Оның беткі қабатын көгілдір тұман жауып жатады. Оның Күнді айналу ұзақтығы 84 жердегі жылға тең. Жерден біршама үлкен ғаламшар.
№8 тапсырма
Үшбұрыштың қабырғалары х см, 5см және 3см, ал периметрі 12 см. Теңдеу құрып, үшбұрыштың белгісіз қабырғасын тап. Х+5+3=12
Х+8=12
Х=12 - 8
Х=4
8 - ғаламшар – Нептун ғаламшары. Нептун - Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша үшінші ғаламшар. Нептун Жерден 17 есе ауыр, Жерден 15 есе ауыр Уран ғаламшарынан сәл ауыр. Нептун - газ тәрізді ғаламшар. Жерден үлкенірек болғанымен онша тығыз емес.
№9 тапсырма «Кім тез?» ойыны
500·2: 1000·20 - 20+5007
32 · 40: 10: 32: 4 · 2492 - 2492
9 - ғаламшар - Плутон ғаламшары туралы әркім біле бермейді. Плутон - планеталар арасындағы ең кішісі, ең суық планета болып саналады. Шамамен – 235 градус суық болады.
Тест орындату, жауабын өздеріне тексерту
Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар центрі Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады.
Күн жүйесінің орталық денесі Күн – жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері – салқын денелер. Олардың бетінің температурасы Күн сәулесінің қыздыруына байланысты анықталады.
- Ғарышкер болу үшін математиканы білу керек пе екен?

ІҮ. Қорытынды:
- Сабақта нені үйрендік?
- Сабақта жаңа нені білдіңдер?
Ү. Үйге тапсырма: №5 тапсырма 14 - бет
Ғаламшарлар туралы мәлімет іздестіру
ҮІ. Бағалау
Бабашева Г. О.
10 960
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санды көбейту және бөлуді меңгерту. Тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі 64*48 және 3072: 64
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі 64*48 және 3072: 64
Екі таңбалы санға бөлу тәсілдерін пысықтау. Ауызша және жазбаша көбейту тәсілдерін пысықтау. Баған түрінде көбейту мен бұрыштап бөлу жағдайларын негіздеу. Ойлау қабілетін дамыту.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×