Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Cандарды оқу, жазу және салыстыру. Математикалық диктант

15 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Cандарды оқу, жазу және салыстыру. Математикалық диктант
Мақсаты: Ондықтарды, бірліктерді қосу және азайту тәсілдерін қайталау; бір және екі таңбалы сандарды; шығармашылық тапсырманы шешуді және мүмкін түсіндірме келтіруді топтың ішінде жалғастыру.
Математикалық сөйлеу тілін, логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға, жолдастыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижесі: Сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға, қатесіз шапшаң есептеуге үйренеді.
Берілген тапсырмалар арқылы өз ойларын айтып үйренеді;
Жеке, жұптық тапсырмаларды орындайды;
Сыни ойлауы қалыптасады;
Өз ойларын ашық айта алады;
Өзін - өзі бағалауды біледі;
Әдіс - тәсілдер: Ми шабул, Ой қозғау, Ратация әдісі, сұрақ - жауап, көрнекі оқыту әдісі

І Ұйымдастыру кезеңі 5 - минут
1. Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық
Қане, біздер ойлайық,
Ойымызды жинайық
Қандай есеп болса да
Шешпей оны қоймайық.
Оқушыларға топқа бөліну үшін сандар арқылы топқа бөлемін
Иә, балалар біз санды қолданбайтын жеріміз жоқ десек те болады.
Сағатты да, күнді де, айды да, жылды да тіпті нешінші сыныпта оқитынымызды да және сыныпта қанша оқушы бар екенін де осы сандармен айтамыз
Әр топқа бағалау парағы беріледі

: «Миға шабул» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.
2. Мағынаны тану: Тірек білім, білік, дағдыларды еске түсіру.
Жаңа сабақ
Сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Миға шабуыл АКТ арқылы сұрақтарға жауап береді.
( мысал 1 )
1. Бір таңбалы сандарды үш тілде ата. ( 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9.)
2. Барлығы неше бір таңбалы сан бар? ( 9 )
3. Ең кіші екі таңбалы сан. ( 10 )
4. Ең үлкен екі таңбалы сан. ( 99 )
5. Барлығы неше екі таңбалы сан бар? ( 90)
6. Неше бірлік 1 ондықты құрайды? ( 10 бірлік )
7. Неше ондық 1 жүздікті құрайды? ( 10 ондық)
8. Неше жүздік 1 мыңдықты құрайды? ( 10 жүздік )
Ең кіші үш таңбалы сан. ( 100 )
Ең үлкен үш таңбалы сан. ( 999 )
№2 Үнтаспадан тыңдау арқылы математикалық диктант орындайды
2 жүзд 3 онд 4 бірл = 234
5 жүзд 0 онд 1 бірл = 501
8 жүзд 0 онд 0 бірл = 80
4 жүзд 9 онд 5 бірл = 495
7 жүзд 6 онд 0 бірл = 760
9 жүзд 9 онд 9 бірл = 999

Қайталау. Оқулықпен жұмыс. Ратация арқылы үш топқа тапсырма беру
4 3 2 = 432
5 9 6 = 596
3 6 8 = 368
9 8 7 = 987

Бастауыш сынып мұғалімі Бекмұратова Н. М.
Cандарды оқу, жазу және салыстыру. Математикалық диктант. жүктеу
5 519
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйрену; көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын бекіту; ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру; құрама есептер шығара білуге үйрету.
Екі таңбалы сандардың ондық құрамы
Екі таңбалы сандардың ондық құрамы
Екі таңбалы сандар, олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптасады. Екі таңбалы сандарды қосу және азайту әдістерін талдайды, және қорытынды жасайды, топта кестелік қосу және азайту мысалдарын қайталайды, есепке сәйкес сызба сала білу дағдылары
249+376, 625 - 376 Қосу және азайту
249+376, 625 - 376 Қосу және азайту
Көп таңбалы сандарды қосудың тәсілдерін меңгерте отырып, тез ойлауға үйрету; Оқушылардың логикалық ойы мен математикалық тілін дамыту;
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдерімен таныстыру; разрядтық қосылғыштарға жіктеу;
1000 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу тәсілдері
1000 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу тәсілдері
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Бірдей сандарды қосу, азайту
Бірдей сандарды қосу, азайту
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Әсемгүл Тәңірбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×