Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Диқан баба аңыз

15 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиет
Сабақтың атауы: Диқан баба аңыз
Сілтеме: Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы: 1. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Оқушыларға молшылық туралы мағлұмат беру. Ой ұшқырлығын дамыту.
3. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, іскерлікке, нанды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: саяхат схемасы, аялдамалар суреттері, мақал - мәтелдер жазылған парақтар, бағалау парақтары, интерактивті тақта.
Сабақ түрі: аралас сабақ, саяхат сабақ.
Жалпы мақсаттар
Топқа бөлу 1, 2, 3 цифрлары арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар адамды құрметтеп
Бас иеміз біз.
Мұғалім: Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын. Жер бетіндегі ең ақылды ең күшті кім? (адам). Ал сендер де ақылды, күшті, зеректісіңдер.
Ендеше біз өз білімімізге сеніп сабағымызды бастайық.

Қызығушылықты ояту
Кіріспе әңгіме.
Сонау – сонау атам заманда, адам жаңа адам болып келе жатқанда, Аспан ата мен Жер ана «жан бергенге дән беріп», жан біткенді жарылқап, Диқан баба жыл сайын жаңбыр орнына арпа - бидай, қар орнына аппақ ұн жаудырып отырған екен.
Сонан соң егін бейне жердің шөбі сияқты жыл сайын өзі өсіп - өніп, мезгілімен пісіп тұратын болыпты. Ол замандағы ел - жұрт «сенікі - менікі» демей, дайын астықты жинап алып, шетінен жей береді екен.
Бір жылы егін қалың шығыпты да, орасан, аста - төк болып, ішуге ауыз, қоярға жер табылмапты. Мұндай молшылықты көтере алмай, мейманасы тасыған адамдар: «Диқан баба, биылғыдай көп беріп қиқаңдама», — деп, кепиет сөз айтыпты. Көл - көсір астықты аяқасты етіп қорлапты. Бұл оспадарлыққа шамданған Диқан баба үш жыл ұдайы теріс қарап: «Ас қадірін білмесең, ашаршылық берсін жазаңды», — депті де, көктен жаудырғанды қойып, жер бетіне бір түбір дән өсірмей тастапты.
Ашаршылыққа тап болып, тентіреген жұрт Диқан бабаға қайтадан жалынып - жалбарыныпты. Шұбырып алдына барып, аяғына жығылыпты. Жұрттың білместігін кешірген Диқан баба оларды қайта есіркепті. Бірақ бұрынғыдай аспаннан арпа - бидай, ақ ұн жаудырмай, оның орнына жазда жаңбыр, қыста қар жаудырып: «Жауын - шашынның суына өздерің егін егіп, керектеріңе жарайтын қоректеріңді алып отырыңдар», — депті.
Ашаршылық көріп, ас қадірін білген жұрт маңдай терін төгіп, өз қолымен егін еккен екен.
Олар бұрынғыдай ас - азықты төгіп - шашып, «нантептілік» істемейтін, кесірлі - кепиет сөздерді айтпайтын болған екен.


4.«Сандықша» белгісі бар ауыл – сөздерге түсінік.
Сөздікпен жұмыс
Мейманасы тасу – астамшылық жасау.
Кепиет сөз – кесір сөз.
Оспадарлық – көргенсіздік.
Есіркеу – жаны ашу.
Диқан баба аңыз. жүктеу
5 945
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды 10 - ға, 100 - ге, 1000 - ға т. с. с. көбейту және бөлу. 10, 100, 1000 - ға қалдықпен бөлу
Санды 10 - ға, 100 - ге, 1000 - ға т. с. с. көбейту және бөлу. 10, 100, 1000 - ға қалдықпен бөлу
Санды 10 - ға, 100 - ге, 1000 - ға т. с. с. көбейту және бөлу туралы оқушылардың білімдерін бекіту, жалпылау. 10, 100, 1000 т. с. с мандарға қалдықпен бөлуді пысықтау.
Диқан баба. Мифтік әңгіме
Диқан баба. Мифтік әңгіме
Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Оқушыларға молшылық туралы мағлұмат беру. Ой ұшқырлығын дамыту.
Диқан баба
Диқан баба
Диқан бабаның қылығын бағалап, аңыздағы адамдардың мінез - құлқын сипаттайды. Аңыздағы негізгі ойды өмірмен байланыстыра отырып, пікір білдіре алады.
Диқан баба «Қазақстан мифтік әңгімелері» кітабынан
Диқан баба «Қазақстан мифтік әңгімелері» кітабынан
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Аштаева Гүлжан Маханқызы
«Сүт қалай ұйықтады?» Оспанхан Әубәкіров
«Сүт қалай ұйықтады?» Оспанхан Әубәкіров
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Адилханова Жамила
"Диқан баба" Мифтік әңгіме
"Диқан баба" Мифтік әңгіме
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×