Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақтаншақ аю (ата - аналармен ертегіні сахналау)

14 желтоқсан 2018, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ертегі: Мақтаншақ аю (ата - аналармен ертегіні сахналау)
Мақсаты: Ертегі негізінде достық жайлы баяндалған. Ертегіні ата - аналармен сахналау арқылы балалардың ойлау қабілетін және тілдерін дамыту. Балаларды достық сезімге тәрбиелеу
Рольдерде:
Аю –
Қасқыр –
Қоян –
Кірпі –
Түлкі –
Автор –

Автор: Ертеде қалың тоғай ішіндегі үйшікте үш дос болыпты. Олар түнімен тоғайды аралап күн ысығанда үйшігіне кіріп жатады екен. Бір күні келе жатып аю былай деді!
Аю: Достар ішімізде ең ірісі, ең мықтысы мен болам. Менен барлық аңдар қорқады.
Автор: Күштілігіне мақтанып аю өзінен кішкене аңдарға маза бермепті. Осылайша әңгімелесіп келе жатқан үш досқа жортып бара жатқан түлкі кезігіпті.
Аю: Түлкі бері кел саған айтам.
Түлкі: Маған айтасың ба? Не болды? Не боп қалды?
Аю: Маған үнемі қызмет ететін боласың.(жұлқылайды)
Кірпі: Достым түлкі бізге не істеді не жамандық жасады, оны жібер мұның дұрыс емес.
Түлкі: Жарайды жіберіңізші сізді сыйлаймын. Қызметімді аямаймын
Аю: Е солай болсын! Енді түлкі сыйлап жүретін болды. Көрдіңдер ма менің күшімді?
Автор: Тағы бірде қасқырды босатпай мазасын алады.
Аю: Қасқыр мында кел, мені сыйлап жүресің бе, жоқ па.
Қасқыр: Аю аға мені қоя беріңізші айтқаныңыз болсын.
Қоян: Қасқыр бізге тиіскен жоқ қой неге оны қинайсыз.
Аю: Егер мені сыйлап жүремін десе босатамын!
Қасқыр: Аю аға сыйлап жүремін босатыңызшы.
Аю: Енді қасқырды сыйлап жүремін болды.
Кірпі: Сені бұдан былай түлкіде, қасқырда жек көретін болады, және ешқашан сыйламайды.
Қоян: Өйткені, сен оларға күш көрсеттің, жәбірледің.
Аю: Жоқ, сыйлайды!
Қоян: Кірпі жүр кетейік аюмен дос болмаймыз.
Автор: Аю екі серігінен айырылып жалғыз қалады. кенет алдынан қасқырлар шыға келеді.
Қасқыр: Сен маған жазықсыз азап көрсеттің. Енді біз сені жабыла талаймыз.
Автор: Қасқырлардан зәресі ұшқан аю ағашқа өрмелеп қашып кетеді. Қасқырлар кеткен соң аю қайта келеді. Алдымен өзі жәбірлеген түлкі шыға келеді. Аю қорқып кетеді.
Түлкі: Аю аға неден қорқып кеттіңіз.
Аю: Қасқырлар маған бас салды.
Түлкі: Онда жылдам бері қарай жүріңіз. Мұнда рахат жер бар. Қасқыр деген мүлде жоқ. Жүріңіз, жүріңіз!
Автор: Түлкі аюды алдап айласын асырып, күп еткізіп батпаққа түсіріп жібереді.
Түлкі: Өткенде маған жәбір көрсеттің, сол үшін сазайыңды тартқыздым.
Автор: Ми батпақтан әзер құтылып аю үйшігіне әзер оралады.
Кірпі: Саған не болды?
Қоян: Бұл қалай болғаны. Саған кімнің күші жетті.
Аю: Мені қасқырлар қоршап алып талап тастай жаздады. Ағаштың басына шығып құтылдым. Қайтып келе жатсам түлкі кездесіп мені алдап батпаққа батырып жіберді.
Қоян: Айттым ғой достым. Күшіңе сеніп әлсіздерді күшпен сыйлатамын деп едің. Енді осы ойыңның дұрыс емес екеніне көзің жеткен шығар.
Аю: Достар, кешіріңіздерші өз қателігімді енді түсіндім. Бұдан былай барлығына мейірімді қарапайым, қамқоршы боламын.
Автор: Содан соң аю мақтаншақтығын қойып екі досымен тату - тәтті өмір сүріпті.
Тәрбиеші: Кузенбаева У. А.
9 572
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қолғап ертегісі! (Театралдық қойылымдар)
Қолғап ертегісі! (Театралдық қойылымдар)
Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге, ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Түлкі мен қасқыр
Түлкі мен қасқыр
Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні екеуі келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келіпті...
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Ерте, ерте, ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Түлкі бір күні тырнаны қонаққа шақырыпты. - Тырна, маған қонақ болып кет.
Бауырсақ ертегісін сахналау
Бауырсақ ертегісін сахналау
Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді түсінуге жаттықтыру. Ертегінің қойылымына қызғушылықтарын арттыру.
Ақ тиін мен қасқыр
Ақ тиін мен қасқыр
Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін ойлау қабілеттерін дамыту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, Балаларды ертегіні сахналауға үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің жүріс - тұрысын, дауыс ырғағын келтіруге өлең -
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Аякөз қаласы, №4 жалпы аралас орта мектеп ішіндегі кіші кешен тәрбиешісі Абдинова Назым Даутовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×